Ключевые слова: Выборка, редко и часто употребляемые слова, частота.
Summary. This article deals with the language study and its development, its role in personalityformation
has become the main problem of science when considering human cognitive activity. In this article, a
statistical study on the language of primary school textbooks is carried out, often and rarely used words,
their role in the dynamics of vocabulary of primary school students are revealed.
Keywords: Sampling, rarely and frequently used words, frequency.
КІРІСПЕ Біздің қарастырғанымыз таңдамалы көлем
емес, мәтіндерді тұтастай зерттеу болғандықтан,
200 000 сөз қолданыс мөлшері жеткілікті көлем
болып табылады. Бірақ зерттеу мақсатына сәйкес
мектепке арналған текстермен өзара салысты-
рылатын әр түрлі таңдамаларды ескере отырып,
бұлардың барлығын, яғни, мектепке арналған мә-
тіндерді де шартты түрде “таңдама” деп атауды ұй-
ғардық. Демек, жеткілікті мөлшердегі мәтін көлемі
бақылаудың жіберілуі ықтимал қатынасты және
абсолютті қателіктері, берілген сенімділік, алдын-
-ала анықталған мәтіннің сөзбен қамтылуы және
онымен байланысты нақты жиіліктің төменгі шегі
секілді шамаларға байланысты болады [Бектаев
К.Б., 1978, 33]. Бұл барлық шамалар бір-бірімен
өзара тығыз байланысты және тілдің құрылысы
мен мәтіннің лингвистикалық құрылымына тәуел-
ді.
Анықталған таңдама негізінде Біз қарастыр-
ған мектепке арналған текстердегі сөздер мен
сөз формаларының жиілік сөздігі (ЖС), алфавит-
ті-жиілік сөздігі (АЖС) және кері алфавитті-жиілік
сөздіктері (КАЖС) алынды. Қазақ мәтіндеріне ста-
тистикалық талдау жасау кезінде қиындықтар кез-
десті. Атап айтқанда, тұрақты тіркестерді ажырату,
күрделі сөздер мен терминдерді жеке қарастыру
т.б. Сондықтан да шартты түрдегі критерийлер
белгілеу жолымен бұл қиындықтарды жеңілдетуге
тырыстық.