165
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
тығыз байланысты. Зерттеуші ғалымдар тілімізде
жат сөздердің жағаласып жүруін, жастар тілінің
жаргон сөздерге жақындығын және ғылым мен
техниканың дамуына қарай, тілдегі «технизация»
сондай-ақ, – филологиялық, қоғамдық білімді
технократтық биіктіктен алыстату сияқты линг-
вистикалық проблемалар қатарына жатқызады.
Мысалы, орыс тілінің қазақ тіліне кері әсер еткен
тұсы бар. Дегенмен де басқа тілдің басқыншылы-
ғынан дендеп кеткен тілдік жағдаят, әсіресе, сөй-
леу мәдениетіне нұқсан келтіреді. Бұл қазақ тіліне
да қатысты жайт екені белгілі. Мысалы, өткен ХХ
ғасырдың соңғы он жылдығында бұрынғы КСРО
территориясынан бөліп шыққан егемен мемле-
кеттердің әлеуметтік және мәдени өмірінде ай-
тарлықтай жемісті өзгерістер болғаны мәлім. Бұл
әсіресе олардың тілінде, сөйлеу мәдениетінде
бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап барлық
саларында көрініс тапты. Қазақстан да мұндай өз-
герістерден шет қалған жоқ. Ұлт тілі мемлекеттік
мәртебе алған соң, орыс тілі ресми тіл ретінде ұл-
таралық қатынас тілінің рөліне ие болды. «Қазір-
гі Қазақстанда тілдік жағдаят - қоғамдағы саяси,
этнодемографиялық, әлеуметтік және экономи-
калық өзгерістердің тікелей көрсеткіші» [Сыздық
Р., 2005].
Тілдік тұлға мәселесі - лингвоэкологиялық
бағыттағы іргелі ұғымдардың бірі. Сөз саптауы
айналасына үлгі болатын, сөз мәдениетін жоға-
ры қоятын тілдік тұлға қазіргі қазақ қоғамында
жазушылар мен өнер қайраткерлері, ғалымдар,
журналистер, оқытушылардың ғана үлесіне тиіп
отыр. Тіл – ұлттың жаны. Бұл аксиомаға айналған
қағида. Өз ана тілінің мәнерлі де бейнелі сөздері-
нен хабарсыз, махрұм болып өскен ұрпақтар тілі
қазақ сөйлеу мәдениетінің ежелден келе жатқан
би-шешендер дәстүрін қорғауға, жетілдіруге, на-
сихаттауға, бір сөзбен айтқанда ұлтының образды
сөйлеу ерекшелігін сақтауға тиіс еді. Алайда дәл
бүгінгі қазақ жастарының сөйлеу мәдениеті мүл-
дем бөлек арнаға түсті, мұның барлығы билинг-
визмнің әсері деуге болады. Әр ұлттың өзіндік
ұлттық танымын танытатын стеоретиптері оның
ғасырлар бойы қалыптасқан мақал-мәтелдері
мен фразеологизмдерінде жатыр. Сондай-ақ,
тілдегі көркем де бейнелі сөз орамдары – фра-
зеологизмдер әдеби тілдің байлығы және тіл мен
сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші. Бұл ретте В.В.Ви-
ноградов «Әдеби тіл - қоғамдық өмірдің дамуы,
халықтың материалдық және рухани ілгерілеуі,
әлеуметтік күрес қаруы, сондай-ақ, халықты тәр-
биелеу мен ғылым мен техниканың, ұлттық мәде-
ниеттің жетістіктерін бағалаудың құралы. Әдеби
тіл – ұжымдық шығармашылық әрекетінің нәти-
жесі» деп атап жазады [Болғанбайұлы Ә., 1987].
Қазақ тіліндегі паремиологиялық, фразеоло-
гиялық қордан ұлт өмірінің ментальдық таным
ерекшелігі және тұрмыс-тіршілігінің мәдениеті
байқалады. Әсіресе, фразеологизмдердің ойды
бейнелі, суретті етіп жеткізудегі орасан тілдік
қуатын пайдалану, жетілдіре түсу қазіргі жастар
тілінде орын алмаған. Жылдар бойы бойы қа-
лыптасып, ғасырлар бойы қолданыстан түспейтін
тұрақты тіркестер қазіргі жазба әдебиетте және
қалың көпшіліктің сөйлеу мәдениетінде қандай
ерекшеліктермен көрінеді деген сұрақ қашан да
өзекті болмақ. Әсіресе, сөйлеу мәнері көмескі
тартып бара жатқан жастар тілінің қазіргі хал-а-
хуалы туралы мәселе, тіпті ана тілінде сөйлейтін-
дердің тіл байлығы мен тіл тазалығы қазіргі қазақ
ұлтының соқталы проблемаларына айналды. Бұл
ХХ ғасырда дендеген ауру, ХХI ғасырда тамыр жа-
йып кетті.
Социумның сөйлеу практикасында болып
жатқан өзгерістер тілші ғалымдарды еріксіз қа-
дағалауға мәжбірлейді. Кітап оқуды мүлде қойған
қазіргі жастар тілінің жұтаңдығы, қысқа қайы-
рыммен сөйлеуі, ойларын жеткізудегі мәнерлілігі-
нің жоқтығы күн санап, уақыт озған сайын терең-
деп барады. Кезінде ата-анасының әке-шешесі,
оның ата-бабасы, оның арғы бабалары сөйлеген
ұлттың нәрлі тілі бүгінгі күнде қан сөлінен айыры-
лып, бейнелілігі азайып кетті. Лингвоэкологиялық
мониторинг көпшіліктің сөйлеу мәнеріндегі лек-
сикон мен фразеологиялық қордың тым жұтаң-
дығын айғақтайды. Бұл ересектерге де, жастар-
ға да тән көрініс болғаны ақиқат [Маслова В.А.,
1984].
Осы секілді ауызекі сөйлеу тілінде қолданыс-
та жиі ұшырасатын тұрақты тіркестердің бір-е-
кеуінің мағынасын ғана тұспалдаса, оқушылар,
студент жастар көбін білмейді. Мұндай бейнелі
тіркестер отбасынан жұқпай, мектеп қабырға-
сынан естілмей, кітаптағысы оқылмай, әйтеуір
тілдің ұшына ілінбей қағыс қала береді. Бүгінгі
оқыған қазақтың рухани мәдениеті терең, жо-
ғары. Алайда біздің сөйлеу мәдениетімізде ба-
балар тілінен қалған асыл сөз маржандары, об-
разды тіркестер уақыт өткен сайын күннен күнге
азайып, сөйлейтін сөзіміз ойлы болса да жеткі-
зу өресінде сөзіміз нәрсіз, қысқа қайырылатын,
үнемделеген үнсіздікке ойысып барады. Бейне-
лі сөйлеуді тек үлкен ақсақал, қарт адамдардың
еншісіне қалдырған, қазақ тілін біле тұра тілге
жанашырлығы жоқ басқа жастар мәдени аре-
наға шықты. Қазақ жастарының тілі әдеби кітап
оқымаудың салдарынан тоқырауға ұшырады. Ал
студент жастар тілінің сөйлеу мәнері күн өткен
сайын шұбарланып, түсініксіз сөйлемдер нор-
маға айналып барады. Бұл сөйлемдер ішінде
бейнелілігі ешбір ақылға сыймайтын «фразеоло-
гизмдер» жетерлік. Мысалы, жастар тілінің шұ-
барланғанын тек орыс тіліндегі сөздерді қосып,
жаргондармен сөйлеуі ғана емес, қазақтың сөй-
леуіне тән тұрақты тіркестер де сөйлеу тілінде
әбден бұзылды.
Кейбір тұрақты тіркестер, мәселен,
поста-
Достарыңызбен бөлісу: