Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет265/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи дәстүрлері мен 
кісі  аттарының  арасында  байланыс  бар  екені 
ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәде-
ни  мәні  ерекше  екенін  жоғарыда  атап  өтілген. 
Мұны  қазақ  тіл  біліміндегі  антропоцентристік 
бағыттағы  лингво  мәдениеттанымдық,  этно-
лингвисти-калық,  әлеуметтанымдық  зерттеулер 
дәлелдеп  отыр.  Себебі,  балаға  ат  қою  да  ерте 
кездің  өзінен-ақ  ырым  мен  әдет-ғұрыпты  сақ-
таушылық  болған.  Ал,  ырым  мен  әдет-ғұрып 
Ш.Уәлиханов  атап  көрсеткендей,  салт-санаға 
тән. Мысалы, ұлы жоқ үйлерде қыз туатын бол-
са, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлбосын деп ат 
қояды. Ондағысы «кейінгі бала ұл болса» деген 
ырым-сенім.
Мысалы,  қазақ  халқының  ұлттық  әдеті  бо-
йынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстары-
ның, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас 
келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура 
атымен  атай  алмай,  жанама  ат  қойып  алатын. 
Атап айқанда, қайынсіңлілерін – шырайлым, би-
кеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке 
қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, 
молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құр-
дастарын  аттарын  атауды  да  ұят  санап  құрдас, 
замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстағаны 
белгілі.
Т.Жанұзақов бұл жөнінде былай деп жазады: 
«Кеңес дәуіріндегі қазақ антропонимиясы құра-
мында  қазіргі  тұрмысты,  ғылым,  техника  және 
мәдениеттің дамуын бейнелейтін көптеген жаңа 
сөздер  пайда  болды.  Біздің  шындық  өмірімізге 
сәйкес келмейтін кейбір ескі есімдер қолданыс-
тан шығып қалды» [Очерк казахской ономасти-
ки; 21-22б].
Топонимика—ономастиканың кесек бір бөлі-
гі. Ол гректің топос – «жер, орын», онома – «ат, 
атау»  деген  сөздермен  бірігіп  «жер-су  аттарын 
зерттейтін» ғылым деген мағынаны білдіреді. То-
понимика қай тілде болмасын лексикологияның 
құрамдас бөлігі ретінде қаралғанмен, ол қызығы 
мен  қиындығы  мол,  ешкімді  жайбарақат  қал-
дырмайтын ономастиканың бір саласы.
Топонимика саласы зерттелу объектісіне қа-
рай бірнеше топтардан тұрады. Мысалы, кішігі-
рім  объектілерді  микротопонимдер  делінсе,  ал 
ірі объектілерді макротопонимдер деп аталады. 
Егер жергілікті бір аймақта немесе сол жерді ме-
кендеген  халықтың,  елдің,  рудың  атымен  атал-
са, ондай атауларды этнотопоним қарастырады. 
Бұлардан басқа: гидроним – теңіз, өзен, көл, су; 
ороним  –  тау,  төбе,  құз;  ойконим  –  елді  мекен 
және фитоним – өсімдікке байланысты атаулар, 
т.б.
Қай жер, қай ел болмасын, оның қойнауын-
дағы  елді  мекен,  жер  атауларындағы  әр  қилы 
өзгерістердің  бәрі  де  уақыт  өте  келе  тікелей 
саяси-әлеуметтік  жағдайларға  орай  қозғалысқа 
түсетіні себепті де, олар ғылыми әдебиеттерде: 
1) халықтық, 2) отаршылдық, 3) тотолитарлық то-
понимдерге жіктеліп, ғылыми терминдер ретін-
де нақтылы ұғымдар қалыптасу үстінде. Әрине, 
мұның өзі кездейсоқ құбылыстар емес, тарихтың 
даму жолында объективті шындықтың негізінен 
туындап отырған саяси-әлеуметтік көріністердің 
өзі екендігі де анық байқалады. Әуел баста оно-
мастикадағы  топонимикалық,  антропонимдік, 
этнонимдік  т.б.  салалардың  бәрі  де  автохрон-
ды, мәңгі жасап келе жатқан байырғы жергілікті 
халықтардың  тікелей  авторлығымен  біртіндеп 
қалыптасса  да,  атаулардың  өзі  де  әр  түрлі  сая-
си-әлеуметтік,  басқыншылық  жағдайларға  бай-
ланысты бірде баяу, бірде жылдам өзгерістерден 
сырт қала алмайды. Ғасырлар бойы халық тал-
ғамынан өтіп, сүзіліп, сұрыпталып, тұрақтанумен 
қатар, олар ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ре-
тінде  ауысып,  халықтың  тарихи  жадына  айна-
лып, қорланып жатады екен. Тіпті кейде бір ғана 
топонимикалық атаудың өзі сол атауды дүниеге 
әкелген халықтың өткенінен, тағдыр талайынан 
мәңгілік хабар беріп тұратын ақпарат көзіне ай-
налатыны да ұшырысады.
Географиялық атаулар бар уақытта қоғамдық 
сананың  қалыптасуына,  сақталуына  және  да-
муына әсер ете отыра, халықтың сәйкестілігінің 
қалыптасуына  да  ықпал  етті.  Сонау  ерте  дәуір-
ден  бастап  географиялық  атаулар  жердің  қай 
халықтың иелігінде екендігін ғана көрсетіп қой-
май, оның қоныстану кезеңдерінен, көне дәуір-
дегі  көші-қон  бағыттарынан,  тіпті  халықаралық 
қатынастар  тарихынан  да  хабар  береді.  Соны-
мен бірге жер-су атаулары жергілікті халықтың 
құндылықтар жүйесі мен ойлау ерекшелігінің де 
көрінісі болып табылады.
Топонимдер – жер бетіндегі кез келген таби-
ғи  немесе  адам  жасаған  объектілер  атауынан 
тұратын  жалқы  есім  түрі.  Кез  келген  топоним 
атау  қызметімен  қоса  объектіге  сілтеу  қызме-
тін  де  атқарады.  Сонымен  қатар  олар  объекті-
нің  ерекшелігіне,  атаудың  идеологиялық  және 
эмоцияналды бояуына қарай қосымша ақпарат 
бере  алады.  Белгілі  бір  аймақтың  топонимико-
ны тарихи қалыптасады. Онда өткен дәуір топо-
нимдері  сақталады,  сондықтан  топонимдердің 
әр  қабаты  тарихи  дәуірге,  сол  аймақта  қоныс-
танған  халық  тарихына  қатысты  «қаттамаға» 


179
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
теңейді. Дегенмен барлық топонимдер осы тұр-
ғыдан талдана алмайды. Ең алдымен география-
лық объект атаулары (гидронимдер, оронимдер, 
ареонимдер) туралы айту керек. Топонимдік жү-
йеде тілдік қатынас орын алған. 
Әр елдің өзінің ежелгі дәуірлерден қалыптас-
қан ұлттық ономастикалық жүйесі бар. Қазақс-
танның  көптеген  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
ұлттық ономастика жүйесі XIX ғасырдың екінші 
жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшы-
рады және патша үкіметінің отаршылдық мүдде-
леріне,  кейіннен  кеңес  жүйесінің  тоталитарлық 
саясатына  қызмет  етуге  мәжбүр  болды.  Отар-
шылдық  пен  тоталитарлық  режимдердің  идео-
логтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәде-
ни санасына әсер етудің құралына айналдырды. 
Нәтижесінде  қазақ  өзіндік  болмысына,  оның 
топонимикалық және антропонимикалық жүйе-
леріне орасан зиян келтірілді. Қазақстан картасы 
едәуір бұрмалауларға ұшырады [Мемлекеттік тіл 
саясаты 2005; 86.б].
Зоонимдер – кез келген үй жануарлары, жа-
байы  аңдар,  хайуанаттарбағындағы,  цирктегі 
жануарлардың  атауынан  тұратын  жалқы  есім-
дердің  разряды.  Зоонимдер  киноним  (иттердің 
аты), гиппоним (жылқы аты), орнитоним (құстар-
дың  аты)  т.б.  сияқты  түрлерге  бөлінеді.  Н.В.По-
дольскаяның  сөздігінде  бизонотоним  (бизон 
аты), инсектоним (жәндіктер аты) терминдері де 
берілген. Сол сөздікте зерттеулер қажетті дәре-
жеде  жүргізілмегені,  жануар  түріне  сай  терми-
нология жасалмағаны айтылған. Дегенмен зоо-
нимика бойынша зерттеулер бар, олар негізінен 
үй  жануарлары  аттарына  арналған.  Сонымен 
қатар жануарлардың барлығы бірдей атауға ие 
бола бермейді, тек адамға маңызды жануарлар 
ғана  арнайы  атауға  ие.  Жануарларға  атау  адам 
мен  жануар  арасында  белгілі  бір  қатынас  бол-
ғанда ғана беріледі.
Төрт  түлікке  тікелей  қатысты  топонимдер 
соншалықты  көп  ұшыраспайды.  Оңтүстік  топо-
нимдерінің құрамында үй жануарлардың мына 
тәрізді  атаулары  кездеседі:  жылқы,  қой,  ешкі, 
түйе, тай, теке, бота, айғыр т.б. Бұл тәрізді геог-
рафиялық  атауларға  мұқият  жасалған  лекси-
ка-семантикалық  және  этимологиялық  талдау 
топонимдерге фауналық лексиканың жеке қол-
данысындағыдан  өзгеше  мәнде  жұмсалатынын 
байқатады.  Мысалы,  Мыңжылқы  атауы  таулы 
өлкеге  тән  жайлаудың  ерекше  кеңдігін,  жүзде-
ген,  мыңдаған  жылқыға  жайылым  болатынын 
байқатады. Қойтас, Түйетас тәрізді географиялық 
жалқы  атаулар  ұқсату  белгісі  бойынша  қойыл-
ған. Мәселен, Қойтас жұмырлау келген, шоғыр-
шоғыр  болып  бытырап  жатқан  гранит  тастар: 
алыстан  қарағанда  жайылып  жатқан  қойларға 
ұқсайды.  Э.М.Мурзаев  Ғ.К.Қоңқашбаевқа  сілте-
ме  жасай  отырып,  терминнің  жергілікті  атауы 
болып  жұмсалатынын  көрсетеді:  Қара  Қойтас, 
Қызыл  Қойтас;  бұлар  көбіне  орталық,  шығыс 
және  ішінара  оңтүстік  –  шығыс  аудандарында 
кездеседі. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ау-
данының Майбұлақ ауылына таяу жердегі Түйе-
тас шатқалы кескіні түйеге ұқсайтын жартастың 
атымен аталып кеткен. Үй жануарлары атауынан 
жасалған кейбір топонимдер қосымша ақпарат-
тық мәнге ие болады. Мысалы, Ешкіөлмес деген 
жердің  атауын  Е.Қойшыбаев  былай  деп  түсін-
діреді: бұл топоним оты мол жайылым дегенді, 
қуаңшылық  жылы  тіпті  ешкі  де  өлмес  дегенді 
аңғартады [Краткий словарь топонимов Казахс-
тана 1995, 100.б].
Ономастикада  ғарыш  денелердің  атауларын 
космонимдер менастронимдер деп бөлу қалып-
тасқан.
Космонимдер  дегеніміз,  ғарыш  кеңістігі,  га-
лактика, жұлдыздар жүйесін
немесе  оның  бөлшектерін,  жұлдыздар  шо-
ғырының атауларынан тұратын жалқы есімдер-
дің бір түрі. Астронимдер дегеніміз – жеке, бір 
нүктедегі  аспан  денелерінің  (планеталардың, 
кометалардың,  астериодтардың,  метероид,  ме-
теориттердің)  жалқы  есімдері.  Осыған  сәйкес 
космонимдер мен астронимдерді космонимика 
мен астронимика зерттейді.
Сөз-символдардың  бір  шоғыры,  халықтың 
ғасырлар  бойындағы  жинаған  тәжірибесінің, 
көңілге түйген пайымының, алған әсері мен те-
рең  танымының  айнасы  іспетті  космосимвол-
дар – Күн, Ай және жұлдыздар. Көшпелілер үшін 
Ай мен Күн, жұлдыз Құдай деңгейінде құдіретті, 
қасиетті құбылыс деп танылды. Барлық елдерде 
де бұл шырағдан тек жерге жарық сәуле, жылу 
беретін ғана емес, жақсылық әкелетін ерен құ-
діретті күш саналған (Ә.Марғұлан, Т.Жанұзақов). 
Зерттеуде күннің – ізгілік символы, айдың – сұлу-
лық символы, жұлдыздың – қуаныш пен мереке 
символы болғаны нақты тілдік талдаулармен дә-
йектелген (Күн, Ай, Шолпан, Темірқазық, Жұлдыз 
т.б.және күн батты, күн тұтылды т.б. тіркестер).
Ш.Уәлиханов  өз  еңбегінде  жұлдыздар  тура-
лы,  олардың  шығу  тарихы  менмән-мағынасы 
жөнінде  жан-жақты  толық  пікір  айтты.  Әсіре-
се, Аспан, Ай, Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан т.б. 
атаулар туралы халық ұғымы мен наным-сенім-
дерден  де  мол  хабар  береді.  Ғалымның  терең 
де  парасатты  ой-талғамдарынан  халқымыздың 
космология жайлы ұғымдарын, астрономиямен 
ерте заманнан таныс екенін аңғарамыз. Өйткені 
қазіргі заманда бізге жетіп отырған космонимдік 
атаулар талай ғасырдың жемісі. Ол халық тарихы, 
халық тілімен тікелей байланысты. Олардың бәрі 
бірдей біздің халық болып қалыптасу дәуірімізде 
пайда бола қоймаған. Керісінше, көне ежелгі за-
мандарда қазіргі түркі тілдес халықтар біртұтас 
ел болып тұрғанда, тіпті оданда арғы дәуірлерде 
пайда болған.
Космонимдердің лексикалық құрамы мен құ-
рылымы тегі жағынан әр алуан. Олардың бір па-
расы  жоғарыда  көрсеткеніміздей,  мән-мағына-


180
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
сы күңгірттенген ескі, көне лексикалық топтарды 
құрайтын  болса,  басым  көпшілігі  ана  тіліміздің 
байырғы  төл  сөздерінен,  ал  шағын,  аз  бөлігі 
араб, иран, орыс сөздерінен қойылып отырған.
Жалқы  есімдерді  ғылыми  тұрғыдан  ғана 
емес, әр ұлттың екінші тіл немесе шет тілі ретін-
де үйренуінде практика тұрғысынан зерттеу қы-
зығушылығын тудырады. Сондықтан тілдік ком-
петенцияны игеру мақсатымен тілді үйрету мен 
оқытудың  тиімді  жолдарын  қарастыру  қажет. 
Тіл иесі халықтың маңызды мәдени эталондары 
туралы дерек жиынтығынан тұратын оқылатын 
тілдің  лексикалық  және  грамматикалық  білімін 
инофон игерсе, әр тілде сәтті қатынас жасалуы 
мүмкін.
Аталмыш  мәселелерді  шешу  тұтастай  ал-
ғанда  вербалды  коммуникация,  мәдениаралық 
қатынас үшін маңызды. Әр түрлі лингвомәдени 
қоғамдастықтар арасында сәтті қатынас жасалу 
үшін ұлттық тілдік (қазақ, орыс т.б.) сананың не-
гізгі элементтері туралы нақты дерек қажет. Пре-
цедентті  атаулар  тірек  құрамы  болатын  жалқы 
есім осындай элементтер болып табылады. 
Қазіргі  кезде  Ресей  ғалымдары  (Ю.Н.Карау-
лов,  Д.Б.Гудков,  Ю.А.Сорокин,  В.Г.Костомаров, 
И.В.Захаренко,  В.В.Красных,  Ю.Е.Прохоров  т.б.) 
қазіргі орыс қоғамындағы тіл қолданысына жү-
йелі байқауларды тіл құралдарын, олардың күн-
делікті  әр  деңгейлік  әлеуметтік-мәдени,  функ-
ционалды-стилистикалық, 
жанрлы-тақырып-
тық  қатынаста  қалай  қолданылатынын  анықтау 
мақсатында жүргізген. Ең алдымен жалпы әдеби 
және  стильдік  нормалармен  орыстың  ұлттық 
сөйленіс мәдениеті дәстүрімен жасалған әдеби 
тіл шектері анықталады. Зерттеушілер күші орыс 
санасының  когнитивті  базасында  прецедент-
ті  феноменің  концептуалды  берілуін,  орыстың 
лингвомәдени қоғамындағы прецедентті фено-
меннің, соның ішінде прецедентті атаулар бөлу 
критерийлерін  анықтауға  жұмсалған  [Мәдиева 
Г., Иманбердиева С. 2005; 143.б].
Қазақ  тіліндегі  ономастикалық  атаулардың 
прецеденттілік нышандары кезінде проф. Т.Жа-
нұзақтың  зерттеулерінде  көрініс  тапқандығын 
айту керек. Прецеденттілікке негіз болатын оның 
құрамындағы  жіктеуші,  іріктеуші  белгілерді  Т. 
Жанұзақ  ономастикалық  атаулардың  бейоним-
дену  құбылысын  қарастыру  барысында,  адам-
затқа ортақ әмбебап антропонимдер Дон Кихот, 
Дон  Жуан  туралы  «Сервантестің  әйгілі  геройы 
Дон-Кихот бастапқы ақыл-ойдың шынары бол-
ған  жағымды  қасиетін  жоғалтып,  ақымақ  есер 
ретінде  танылады.  Ал  Дон-Жуан  болса,  әйел-
дерді  алдаушы,  бәтуасыз  адам  ретінде  көріне-
ді», дейді де қазақ әдебиетіндегі танымал жалқы 
есімдерге  тоқталады,  мәселен,  Қарабай  жалпы 
есім сипатына ауысып, «малқұмар, дүниеқоңыз», 
пасық, сараң адам, Шығайбай – сараң, қытымар, 
пес деген сипатқа ие болатынгын айтады [Қаза-
қономастикасы. Казахская ономастика. І том, А., 
2006; 83.б]. Сондай-ақ, ғалым, Қодар (қара күш 
иесі, дөкір), Мырқымбай (кім болса сол), Жантық 
(араға от салушы, арандатушы), Көсе (қу, сұм) т.б. 
көптеген мысалдарды келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет