Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет87/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

Осыған сәйкес, «Үштұғырлы тіл» саясатын 
пайдаланудың мынадай міндеттерін анықта-
дық:
– білім алушыларға үш тұғырлы тілді үйрету-
дің  тиімді  бағдарламаларын  пайдалану  бойын-
ша  шетел  педагогтарының  озық  тәжірибелерін 
зерттеу;
–  білім  алушылардың  танымдық  және  тілдік 
қабілеттерін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу;
– тілдердің үштұғырлығын дамыту үшін лек-
сикалық  оқу  материалдарын  іріктеп  алу  және 
жүйеге келтіру;
– білім алушылардың үйреніп жатқан тілдері 
бойынша қолданыстағы сөздік қорларын дамы-
ту жағдайын анықтау;
– көптілді үйрету бойынша білім алушылар-
дың  білімдерін  бағалау  критерийлерін  әзірлеу 
[Еркін А., 2012, 27 б.].
Еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  «Үштұ-
ғырлы  тіл»  мәдени  жобасын  дамытқан  ғалым-
педагогтардың бірі – С.С.Құнанбаева. Ол шет ті-
лін оқытудың инновациялық теориялық-әдісна-
малық негіздерін енгізген және үш тұғырлы тілді 
терең меңгерген маманның кәсіби біліктілік үлгі-
сін ұсынды [Баусариева С., 2016, 3б]. Біз осыдан, 
ғалым-зерттеуші С.С.Құнанбаеваның еңбектерін 
негізге ала отырып, болашақ педагог-психолог-
тардың кәсіби біліктілік үлгісін ұсынуды жөн көр-
дік. 
Мәселен, үш тілде оқитын топтардағы бо-
лашақ педагог-психологтардың кәсіби білікті-
лік үлгісі мынадай:
а)  заманауи  интерактивтік  және  инновация-
лық технологияларды еркін қолдана алатын пе-
дагог-психолог;
б)  мемлекеттік  тілдің  басты  мәртебесіне  сү-
йене отырып, үш тілді жетік меңгерген және сол 
салада жұмыс істей алатын педагог-психолог.
Педагогикалық-психологиялық 
пәндерді 
оқыту  барысында  инновациялық  технология-
ларды  пайдалану  негізінде  білім  алушылардың 
басқа  тілде  қарым-қатынас  жасаудың  барлық 
аспектілерін  және  пәннің  мазмұнын  меңгеруде 
білім, ептілік, дағдысын жан-жақты қалыптасты-
рудың мүмкіндіктерін үйренеді. 
ЖОО-да «Үштұғырлы тіл саясатын тиімді іске 
асыру – болашақ педагог-психологтарды кәсіби 
даярлауда  аса  маңызды.  Ғалым  Н.Рсалиеваның 
көзқарасымен келісе отырып, болашақ педагог-
психологтардың көп тілді білуінің позитивті жақ-
тары  мен  міндеттерін  көрсетуге  болады  [Абд-
рахманова Ж., 2013]: 
– генологиялық тұрғыдан, мүлдем басқа мә-


53
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
дениет  өкілімен  тікелей,  аудармашысыз,  емін-
еркін қарым-қатынас жасай алуы;
–  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде 
қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  әдебиет  көздерін 
ғана пайдаланып қана қоймайды. Сонымен қа-
тар,  ғылымы  озық  дамыған  шетелдердегі  мол 
мәліметтерге қол жеткізе алуы;
– ғаламтордағы үш тілдегі мәліметтерді жыл-
дам меңгеруі;
– үш тілді меңгерген жастар және экономи-
касы  дамыған  мемлекеттерде  білім  алуға  және 
сол озық тәжірибені елге алып келуге мүмкіндік 
алуы;
–  өз  зерттеулерінің  нәтижесін  алыс-жақын 
шетелдердегі  жоғары  халықаралық  деңгейдегі 
конференцияларға,  конгрестерге,  симпозиум-
дарға шығарып, көрсете алатын болуы;
–  өзге  мәдениеттердің  көркем  әдебиетін  өз 
түпнұсқасында оқып, таныса алу мүмкіндігіне ие 
болуы;
–  пән  саласындағы  төл  әдебиеттеріміздің 
озық үлгілерін жетекші шетел тілдеріне түпнұс-
қасынан аудару процесінің басталуы;
– ағылшын тілін оқытудың әдіснамасын әлем-
дегі ең жетілдірілген тіл үйрету тәжірибесі ретін-
де пайдалана алуы;
– өндірістің қай саласында болса да, ағылшын 
тілін немесе басқа да шетел тілін білетін маман-
ның жалақысымен салыстырмалы түрде алған-
да, жоғарырақ болуы т.с. 
Сонымен  бірге  елімізде  іске  асырылып  жат-
қан  болашақ  педагог-психологтарды  кәсіби 
даярлауда  «Үштұғырлы  тіл»  саясатының  пози-
тивті  аспектілерімен  қатар,  мынадай  негативті 
аспектілерінде қарастырғанды жөн көрдік. Атап 
айтатын болсақ, 
– тілдерді меңгеру – білім алушының ұзақ уа-
қыты мен көп энергиясын алуы;
–  өндірісте  құжаттарды  рәсімдеуде  жұмыс-
тың бірнеше еселенуі;
– компьютерде тілдерді ауыстырып отыруда 
уақыттың шығын болуы; қай тілде тұрғанын біл-
мей, сөйлемді жазып қоюы, өшіріп, қайта жазуы, 
жүйкеге де елеулі дәрежеде ықпал етуі;
– қазақ тілін басқада тілдер фонетикалық тұр-
ғыдан да, грамматикалық тұрғыдан да, лексика-
лық тұрғыдан да бағындырып алуы;
– басым түсетін тілдерде сөйлейтін халықтар-
дың тілін, менталитетін үйренуі білім алушылар-
дың  жалпы  рухани  құндылықтарының  төмен-
деуіне алып баруы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет