Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет86/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еліміздің  жоғары  оқу  орындарында  «Үш  тұ-
ғырлы тіл» саясатын іске асыру – бәсекеге қабі-
летті болашақ мамандарды кәсіби даярлау тұр-
ғысынан көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл 
мәселе  дамыған  өркениетті  30  елдің  қатарына 
қосылу  мақсатында  жүргізіліп  отырған  «Үш  тұ-
ғырлы  тіл»  саясаты  –  елдің  болашағы  үшін  аса 
қажетті  жағдай.  Мәселен,  елімізде  жоғары  оқу 
орындары  жылына  көптеген  педагог-психолог 
мамандарын даярлап шығаруда. Бірақ, барлығы 
дерлік өз мамандығы бойынша жұмыс таба ал-
май, басқа салада қызмет атқарып жататындығы 
мәлім. Бұдан, біз елімізге қажетті үштілді меңгер-
ген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісі-
нің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға 
түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде жұмыс 
жасайтын  педагог-психолог  мамандар  ауадай 
қажет. 
«Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру – бола-
шақ педагог-психологтың білім беру кеңістігінде 
еркін  дамуына  жол  ашылатын,  әлемдік  ғылым-
ның жетістіктеріне қарап, өз қабілетін дамытуға 
мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажет-
тілік. 
«Үш тұғырлы тіл» саясатын құндылық деп ұғы-
ну көптілді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған 
ғылыми жобаларды жүзеге асырудың көкейкес-
тілігін көрсетеді және тәжірибелік іс-шараларды 
нақтылауды талап жасайды. Үш тұғырлы тіл бо-
йынша білім беру – бұл үш немесе одан да көп 
тілді қатарласа меңгеру негізінде көптілді тұлға 
қалыптастырудың  мақсатты  процесі.  Көптілді 
тұлға  –  ана  тілінің  өмір  сүріп  отырған  қоғамда 
пайдаланылатын  тілдердің,  бір  немесе  одан  да 
көп шетел тілдерінің иесі. 
«Үш  тұғырлы  тіл»  бойынша  білім  беруді  да-
мыту  тұжырымдамасы  –  оқу  орындарының  әр 
түрлерінде көптілді білім беру пікірлерін, соны-
мен қатар оның дамуының негізгі этаптары мен 
бағытын  іске  асырудың  нормативтік-құқықтық, 
теориялық-әдіснамалық, 
ғылыми-әдістемелік 
және  оқу-ұйымдастырушылық  қамтамасыздан-
дыруды анықтайтын көзқарастар жүйесі. 
Жоғары оқу орнында «үш тұғырлы тіл» бо-
йынша білім беру жағдайында оқу үрдісін ұйым-
дастыру нормативтік-құқықтық құжаттарға 
сәйкес іске асырылады: 
–  жоғары  оқу  орнында  үш  тұғырлы  тіл  бо-
йынша білім беруді ұйымдастыру туралы Ереже, 
жоғары оқу орнында көптілді білім беруді енгізу 
бағдарламасы,  қазақ  тілінен  типтік  оқу  бағдар-
ламасы, орыс тілінен «Типтік оқу бағдарламасы», 
көптілді  білім  беру  мамандықтарына  арналған 
ағылшын тілінің базалық курсы бойынша типтік 
оқу бағдарламасы.
–  «Үш  тұғырлы  тіл»  бойынша  білім  беруді 
ұйымдастырудың негізгі принциптері ұдайылық 
ұстанымы және «білімнің екі жақты енуі» ұста-
нымы болып табылады. 
Бірінші ұстанымына орай, тілдер жоғары оқу 
орнының  студенттерімен  барлық  оқу  курсы 
бойы  меңгеріледі.  Екінші  ұстанымына  сәйкес, 
тілдерді қосарлы оқу және игеру тілдік пәндерді 
оқудың көмегімен және арнайы пәндерді оқыту 
тілі негізінде іске асырылады.
Қазақстандағы үш тұғырлы тіл бойынша білім 
беру моделі – ЖОО-дағы әрбір білім алушының 
бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тіл-
ді интенсивті түрде меңгеруге бағытталған. Тіл-
ді қазіргі замандағы диалогтың құралы ретінде 
пайдаланатын тұлғаны қалыптастыру білім беру 
процесінің негізгі мақсаттарының бірі болып та-
былады.  «Тілді  иеленуші  тұлға»  тек  лингвисти-
калық  қабілеттерінде  емес,  сөйлеу  әрекетінде 
сөзді  түсініп,  өз  ойын  тұжырымдау  қабілетінде 
байқалуы  тиіс.  Мұндай  қасиет  біртіндеп  басқа 
тілде  қарым-қатынас  жасау  барысында  өзінің 
тұлғалық  статусын  және  кәсіби  құзыреттілігін 
дамыта алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны 
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Үш  тұғырлы  тілдік»  құзыреттілікті  отандық 
және шетелдік ғалымдар көп этникалық қоғамда 
жеке  адамға  жеңіл  бейімделіп  өзін  шындауға 
мүмкіндік беретін құзыреттілік ретінде қарасты-
рады. 
Қазіргі  таңда  ең  алдымен  ЖОО  деңгейінде 
көптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру 
қажет. Бұл тілдік дайындықтың деңгейлерін көп-
тілді  құзыретті  қалыптастыруды  сабақтас  жал-
ғастыру үшін қамтамасыз етілуі қажет.
Бүгінгі  таңдағы  нарықтық  экономика  жағда-
йындағы  болашақ  маманнан  саяси-әлеуметтік, 
көп мәдениетті, қарым-қатынас, ақпараттық құ-
зыреттіліктерін меңгеруді талап ету қажет. «Үш-
тұғырлы тілдік» құзыреттілік – болашақ педагог-
психологтың тұлғалық, мәдени-әлеуметтік және 
кәсіби  салаларын  шындауына  ықпал  жасайды. 
Сонымен қатар, өркениетті диалог негізінде тұл-
ғалық және кәсіби іс-әрекетке байланысты қаты-
нас жасауға мүмкіндік береді. 


52
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Жоғары оқу орындарында болашақ педагог-
психологтарға үш тұғырлы тіл негізінде практи-
калық тұрғыдан пәндерді оқытуда білім алушы-
ларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білі-
мін, икемділік пен дағдыларын жаңа жағдайлар-
ға кезіккенде шығармашылықпен қолдана білуге 
дағдыландыру көзделеді. Педагогикалық-психо-
логиялық пәндерді оқыту мақсаттары қоғамның 
қажеттілігіне байланысты өзгеріп отырады. 
Бүгінгі таңда пәндерді «Үштұғырлы тіл» саяса-
ты негізінде оқыту мынадай төрт мақсатты көз-
дейді: коммуникативтік мақсат, білімділік мақсат, 
тәрбиелік мақсат және жетілдіру мақсаты. 
Осы  аталған  мақсаттардың  ішінде  педагог-
психологтар үшін коммуникативті мақсат басты 
орын  атқарады.  Ал  қалған  мақсаттар  сол  ком-
муникативтік  мақсатты  орындау  негізінде  жү-
зеге асырылады. Педагогикалық-психологиялық 
пәндерді ағылшын тілінде оқытуда алты деңгей 
бойынша  топтарға  жинақтала  отырып,  білім 
алады. Алайда, біздің зерттеу базамыздың ерек-
шеліктеріне  сай,  педагогика  және  психология 
мамандығындағы академиялық оқу топтарымыз 
«bеginnеr»,  «еlеmеntаrу»,  «рrе-intеrmеdiаtе», 
«intеrmеdiаtе»  деңгейлері  бар  білім  алушылар 
және олар бәрі аралас отырып, бір топта білім 
алып жатыр. 
2012  жылдан  бастап  көптілді  білім  беретін 
педагогикалық  кадрларды  дайындау  үшін  ДҚ 
циклінде  шет  тілдері  бойынша  кредиттер  саны 
көбейтілді. Мамандарды үш тілде дайындауды 76 
жоғары оқу орны жүзеге асырады. 26 қазақстан-
дық жоғары оқу 55 орны «Биология», «Химия», 
«Физика»  және  «Информатика»  мамандықтары 
бойынша  ағылшын  тілінде  оқытатын  педагоги-
калық  кадрларды  дайындайды.  Үш  тілді  білім 
беруді дамытудың Жол картасына сәйкес, еліміз-
дің жоғары оқу орындары білім беру қызметін 
«50:20:30»  моделі  бойынша  (50%  –  ана  тілінде, 
20% – екінші тілде (қазақ немесе орыс тілінде), 
3-курстан бастап 30 % – ағылшын тілінде) жүр-
гізуі тиіс. 
Осыған орай, үш тілде оқытудың тиімді сая-
сатын іске асыру үшін қазақстандық ЖОО-ларда 
оқытушы-профессорлар  құрамының  сапалық 
құрамы  мен  білім  алушылардың  тілдік  дайын-
дығын  күшейту  аса  қажет  болып  отыр.  Пәндік 
аймағын үш тілде жетік меңгерген білікті маман-
дарды  ұзақ  мерзімді  негізде  оқытушылық  қыз-
метке тартуға кеңес беріледі.
ЖОО-да  тілдің  үштұғырлық  саясатын  іске 
асыру – білім алушылардың үш тілде бірдей бел-
сенді танымдық-тілдік қабілетін дамытуға бағыт-
талған. Тілдердің үштұғырлық саясаты – ЖОО-да 
білім алушылардың мемлекеттік тілде, Қазақстан 
Республикасының  аумағындағы  екінші  болып 
есептелетін,  жалпы  қолданыстағы  орыс  тілінде 
және  халықаралық  тілі  болып  саналатын  –  үш 
тілінде қарым-қатынас жасау білім, ептілік, дағ-
дыларын қалыптастыруға негізделген. 
ЖОО-да  білім  алушылардың  танымдық-тіл-
дік  қабілетін  дамытуда  «Үштұғырлы  тіл»  саяса-
тын пайдаланудың мақсаты – білім алушыларға 
ЖОО-да үш тұғырлы тілдерін үйретуді ұйымдас-
тыру және үш тілді меңгерген бәсекеге қабілет-
ті  маманның  тұлғалық  және  кәсіби  қасиеттерін 
тәрбиелеп дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет