Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, кәсіпорындар мен ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

Оларда қажетті мүліктердің болуы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың қызметін жүргізудің қажетті жағдайлары болып саналады. Меншікті капитал ұйым мүлкін қалыптастырудың негізгі көзі болып саналады. Ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қатысты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен белгіленген.
Капитал – бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Капитал құрылымы ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысанына қатысты ажыратылады.

Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің капитал құрылымдарын салыстыру үшін 2 және 3-суреттердің көмегіне сүйеніп көрелік.
Шаруашылық серіктестіктері – бұл жарғылық капиталы құрылтайшы-лардың үлестерінен қалыптасатын, негізгі қызмет нәтижесі бойынша алдын-ала пайда алуды мақсат ететін заңды тұлға болып саналатын коммерциялық ұйымдар.