Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет60/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
dis Креативт3к ойлау

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


143 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Кәсіби білім беру сапасын арттыру тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем 
қауымдастығы үшін де ӛзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселені шешу 
білім мазмұнын, ең алдымен жоғары кәсіби білім беру жүйесін жаңғыртуға 
байланысты екендігін атап ӛткеніміз орынды. Себебі білім саласындағы 
білікті, құзыретті мамандар жылдам ӛзгеріп отыратын бүгінгі заман 
талаптарын ӛзін-ӛзі қабылдауға қабілетті, диалог пен ынтымақтастыққа 
дайын, педагогикалық әрекеттегі жауапты шешімдер қабылдауға дайын 
мұғалімдермен қамтамасыз етуі керек. 
Жоғары педагогикалық білімнің теориясы мен нақты іс-тәжірибесін 
талдау болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың айрықша маңыздылығын кӛрсетеді. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру мүмкіндіктері 
бірқатар мәселелерді шешуге байланысты: 
1. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың теориялық негіздерін және әдіснамалық тұғырларын 
анықтау. 
2. Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігінің қалыптасуының мазмұндық сипаттамаларын ашу; 
3. Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастырудың 
қызметтік-үдерістік моделін жасау; 
4. Педагогикалық эксперимент барысында болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін 
пәндерді оқытуда қалыптастыру мазмұны мен әдіснамасын тестілеу және 
зерттеліп отырған мәселе бойынша ұсыныстар дайындау. 
Жоғарыда кӛрсетілген және басқа да мәселелерді шешу болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
бойынша эксперименттік педагогикалық жұмыстың негізіне айналды. 
Зерттеу 
жұмысында 
алынған 
нәтижелер 
болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда әзірленген 
бағдарламаның мазмұнын игеруде оң кӛрсеткіштер болғандығын дәлелдеді. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру үшін әзірленген қызметтік-үдерістік модель, бағдарламаның 
мазмұны, ұсынылған элективтік курсты оқытудың таңдалған нысандары мен 
оқыту әдістері түлектердің білім беру іс-әрекетінде талап етілетін 
педагогикалық креативтілік сәтті қалыптасуына ықпал еткенін кӛрсетті. 
Әзірленген теориялық тұжырымдар мен берілген эксперименталды-
педагогикалық жұмыс тӛмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: 
1. Ұсынылған зерттеу болжамының сенімділігі педагогикалық 
эксперименттік жұмыстардың нәтижелерімен расталды. 
2. 
Теориялық 
талдау 
болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін 


144 
анықтауға, педагогикалық креативтіліктің мәні мен зерттелу жағдайларының 
теориясы мен тәжірибесін ашуға мүмкіндік берді. 
3. Зерттеу барысында болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалптастырудың 
психологиялық-
педагогикалық негіздеріне теориялық талдау жасалды. 
4. Зерттеу жұмысында болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін тиімді қалыптастыру әдістемесін енгізу іс-
шараларын жеке тұлғаға бағыттау арқылы іске асыру нақты мүмкіндіктерге 
қол жеткізетінін растады. 
5. Оқу-әдістемелік жұмыстарын толығымен қамтамасыз ету 
мәселелерінің, оларды ұйымдастыру технологиясының ӛз деңгейінде 
жүргізілмеуі 
болашақ 
мұғалімнің 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастыруды жақсарту үшін элективті курстың мүмкіндіктері мол 
екендігін кӛрсетті. 
6. Ұсынылған қызметтік-үдерістік модель болашақ информатика 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру мәселесін жаңа 
жолмен шешуге мүмкіндік берді. 
7. Зерттеу нәтижесі бойынша болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыру әдістемесі тиімді деп танылды, 
бұл педагогикалық эксперименттік жұмыс нәтижелерімен расталды. 
Сонымен қатар, зерттеу мәселеміздің теориялық және әдіснамалық 
негіздері нақтыланды, зерттеу мәселесін шешудің әдістемесі жасалды және 
тексерілді, яғни зерттеу болжамы дәлелденді. Бұл біздің басты мақсатымызға 
қол жеткізгендіміздің нақты кӛрінісі болары сӛзсіз. 
Біздің болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыруға арналған 
қызметтік-үдерістік модель және оны іске асыру әдістемесі 5В011100-
Информатика мамандығы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарттарында 
тұжырымдалған болашақ мұғалімдердің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін Қазақстан 
Республикасының жоғары білім беру ұйымдарының тәжірибесінде 
қолданыла алады. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру үшін біз 
әзірлеген және ұсынған бағдарламаны республикамыздағы информатика 
мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында университеттердің 
тәжірибесінде, үздіксіз білім беру институтының курстарында қолдануға 
болады. 
Зерттеудің 
нәтижесі 
болашақ 
мұғалімдердің 
педагогикалық 
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру 
мәселесінің түбегейлі шешімі еместігін атап ӛткеніміз орынды. Біздің 
пікірімізше, дамытушы технологияларды қолдануды кеңейту міндеті 
болашақ мұғалімдердің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
мәселесіне дәстүрлі кӛзқарастарды ӛзгерту және олардың соңғы ӛнімділікке 


145 
деген танымдық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру 
қажеттіліктері жеке тұлғаға бағытталып, жүзеге асырылуы тиіс. Мұның ӛзі 
осы сияқты келелі мәселелерді одан әрі қарай жетілдіре дамытуды кӛздейді. 
Зерттеу нәтижелері бойынша болашақ информатика мұғалімінің 
педагогикалық креативтілігін тиімді қалыптастыру үшін келесі ұсыныстар 
жасалды: 
1. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі стандартты емес ойлайтын, креативті 
жұмыс істей алатын мұғалімді дайындауы маңызды. Сондықтан, барлық 
деңгейлердегі басты міндет - болашақ мұғалімді жаңа ақпаратпен 
қаруландыру емес, креативті ойлауды дамыту, білім беруді жүзеге асырудағы 
креативтілікті қолдану болып табылады. Сонымен қатар, бұл мәселені 
шешудің негізгі құралы - жеке тұлғаның педагогикалық іс-әрекетінің үнемі 
ӛзін-ӛзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру. 
2. Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің қалыптасуы тілдік 
білім беру ортасын дамытуды талап ететіндігін кӛрсетеді. Сонымен бірге, 
педагогикалық үдерістің тиімділігі мен нәтижелігін қамтамасыз етудегі 
негізгі тұлғалардың - университет оқытушылары әрекетінің мазмұны ӛзгеруі 
тиіс. 
Зерттеудің болашағы. Ұсынылған зерттеу жұмысымыз болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемелерін жаңарту 
үшін 
маңызды. 
Дегенмен, 
болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педгогикалық креативтілігін жоғары оқу орнында қалыптастыру қазіргі білім 
беру жүйесіне қойылып отырған талаптардың халықаралық және ұлттық 
деңгейде жоғарылауына байланысты күрделі және жан-жақты зерттеуді 
қажет ететін ауқымды мәселе.
Ұсынылған зерттеу жұмысында зерттеу мәселесін барлық қырынан 
толықтай ашуға ұмтылыс жасалды. Дегенмен, алдағы зерттеулердің 
болашағы гуманитарлық, қоғамдық және әлеуметтік бағыттардағы пәндерден 
білім беру үшін даярланатын мұғалімдердің кәсіби қызмет ерекшеліктері 
аясында олардың педагогикалық креативтілігін қалыптастыру мәселелерімен 
жалғасын табуы тиіс екендігі байқалады.  
Қорыта айтқанда, аталған проблеманы білім беру жүйесі бағыттары 
мен деңгейлерінде сабақтастықта шешу мәселесі ӛзекті. 


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет