Цемент өндіріс процесінің қалдықтарын тазалау және экологиялық мәселелерін шешу


Цемент өндірісінің қазіргі жағдайы



бет8/20
Дата07.06.2022
өлшемі0,99 Mb.
#36475
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
1.5 Цемент өндірісінің қазіргі жағдайы
Қазіргі кезде цемент дүние жүзіндегі 120 елде өндіріледі. Бірақ цемент өндірісінін алдында келе жатқан 15 елде дүние жүзінде өндіріліп жатқан цементтің 85% шығарылады. Қазіргі кездегі цемент өндірісі осы заманғы құрылыс материалыңың негізгісі және әрбір елдің әкономикалық потенциалын анықтайтын басты көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Орта азиялық аймақта цемент өндірісі 1926 жылы маусымда Бекабад қаласында басталды (Өзбекстан Республикасы).
Орта Азияда бірінші болып Науайы қаласында кебу әдісімен жұмыс істейтін зауыт іске қосылды. Мүндай кебу әдісімен жұмыс істеу кезінде жағылатын отын 30-35% үнемделеді. Кебу әдісінің, көп мөлшерде шаң-тозаң бөлетін кемістігі бар, сондықтан кебу әдісі молынан тарамаған.
Ңементтің тозаңдары қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Қазіргі мақсатта Науайыдағы цемент зауытында осы заманға лайықты тозаң ұстағыштар орнықтырылған. Осы мекемеде өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі жоғары.
Германияда өндірілетін цементтін 90%, Жапоиияда — 78%, Чехияда — 64%, Венгрияда - 55%, Болгарияда - 45%, Америкада 42% кебу әдісімен өндіріледі. Осы технология ең тиімді және прогрессивті саналады. Цементті ойлап табудың өзі құрылыстағы жаңа дәуірдің басталуына әкеп соқты.
Бетон технологиясынын дамуы мен құрылыста темірбетон конструкцияларын молынан қолдану, тез қатаятын, сульфатқа шыдамды, кернеулі сияқты цементтің жаңа түрлерін әзірлеп шығаруды және оларға деген сұранысты ұлғайтты.
Қазақстанда портландцементті, шлакты портландцементті, үй құрылыс зауыттарында қолданылатын жылдам қатаятын цементті, су техникалық кұрылысқа керекті сульфатқа төзімді цементті, мұнай мен газ скважиналарында пайдаланатын тампонажды цементті, ақ және түсті цементті және басқа да түрлерін өндіру жолға қойылған.
Республикада өндірілетін цементтің сапасы жақсарып келеді, түрі, саны ұлғаюда. Жылдам қатаятын, ерекше берікті, ұлғайғыш, гидрофобты, түрлі түсті және цементтің басқа түрлерінін өндірістік көлемі өсті.
Статистикалық көрсеткіштерге жүгінер болсақ, минералды шикізаттар корының республика аумағындағы бөлінуі мыналарды растайды: Ең басты кұрылыс материалдары — бетон, ерітінді, силикатты бұйымдар, балшықты кірпіштер, қуысты толтырғыштар өндірісіне қажетті шикізаттық қоры іс жүзінде әрбір облыста бар. Мұның өзі облыстар мен оған шектес аудандарда тұтынудың жылдық сұранысына алыстан тасымалдамай-ақ, жергілікті ауарайлык, мәдени- этникалык, сәулеттік, әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, сонымен қатар тікелей бір орталықтан барлык аймақтар үшін негізгі кұрылыс материалдары өндірісі үшін, технологиялық схемалар мен қондырғыларды ойластырып, құрылыс өндірісіне өндіру керек, тек осындай жағдайда ғана облыстық жүйелерде жобалау, жабдықтарды іздеу жұмыстарына жұмсалатын қаржы шығындарынан құтылуға болады.
Қазақстандағы цемент Өскемен, Қарағанды, Семей, Шымкеңт және Сас-Төбе зауыттарыңда шығарылады. Қазіргі кезде шығарылып жатқан цемент мөлшері 8301 мын т, ал зауыттардың жалпы қуаттылыгы 9441 мың т. Куаттылықты пайдаланудың орташа коэффициенті 0,88. Ал Қарағанды зауытында 0,76-дан, Сас-Төбе зауытында 1,02 дейін. Осыдан басқа шлакты цементсіз тұтқырлар шығарылады (Үшбұлақ, Жамбыл облысы) төменгі су сұраныстағы тұтқыр (Павлодар). Қондырғылардың қуаттылығы 172 мың т болуына қарамастан, қазір бар болғаны 155 мың т құрайды. Қуаттылықтарды пайдаланудың орташа коэффициент! 0,90—0,65-тен (Шымкеңт) 1,17-ге дейін (Тараз).
Істеп тұрған куаттылықтар шегінде, республиканың цемент зауыттары 1995 жылы 8385 мың т, ал 2000 жылы 7960 мың т цемент өндірді. Өндірістің көлемнің азаюы жабдықтардың тозуына байланысты қуаттылықтың жоспарлы істен шығуымен түсіңдіріледі. Соның өзінде цементке деген сұраныс 1995 жылы 8797 мың т болды, ал 2000 жылы 9270 мың т. Сонымен республика бойынша цементті тұгқырдың тапшылығы өсуде. Цементті мол қолданатын тұтынушылардың бірі Алматы облысы. Мұнда тек 2000 жылдын өзінде цементке тапшылық 1232 мың т болды. Басқа облыстардың сұранысы мынадай болды: Жамбыл — 581 мың т, Қостанай — 574, Павлодар - 26, Ақмола - 475, қалғандарының әрқайсысы 200— 350 мың т. 2000 жылғы цемент тапшылығын, зауыттарды қайта жабдықтау мен цемент пен цементсіз тұтқырларды шығаратын жаңа зауыттардың құрылысын салу арқылы жою жоспарланған болатын. Мысалы, Атырау қаласында қуаттылығы 50 мың т ангидритті цементті өндіретін цехтын құрылысы жоспарланған. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатының негізінде куаттылығы 380 мың т шлакты цементсіз тұтқыр шығаратын мекеме салу бағдарламада бар. Цемент өндіретін жеке технологиялық байлықтар мен цехтар Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында жобалық қуаттылығы 188 мың т цехтың құрылысы жүріп жатыр. Ал Қостанай облысыңда (Соколов— Сарыбай ТКБК. Рудный қаласы) — 40, Маңғыстауда — 202, Павлодарда — 40 мың т. Ақмола (290 мың т.) мен Семей (70 мың т) облыстарында цемент зауыттары салынып, қайта жабдықталуда. Сонымен республика бойынша 1991—1995 жылдары цемент пен шлакты тұгқыр өндіретін, жалпы жобалық қуаттылығы 1410 мың т мекемелер қалыптасты. Жоспар бойынша олар іс жүзінде 2000 жылы 1310 мың т тұтқырлық заттарды өндіруі керек еді.
Қазіргі уақытта цемент зауыттарының шикізаттық сұранысының біразын екінші қорлық материалдармен қанағаттандыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Құрылыста цементпен қатар гипстік тұтқырларға маңыз беріліп отыр. Гипс өндірісі цемент өндірісімен салыстырғанда, республика облыстарында біркелкі емес, шашылып орналасқан. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасында келесі зауыттар мен цехтар жұмыс істейді: Ақтөбе облысында (Ақтөбе қаласы) қуаттылығы 90 мың т гипс зауыты. Шығаратын мөлшері 45 мың т, пайдалану коэффиценті — 0,5; Алматы облысында (Алматы қаласы) гипсокартонды жабдықтар зауыты жұммыс істеуде. Оның қуаттылығы 150 мың т, ал пайдалану коэффициенті - 0,28; Жамбыл облысындағы (Тараз қаласы) гипс зауыты іс жүзінде 120,8 мың т гипс өндіреді, ал жобалық қуаттылығы 126,5 мын т, пайдалану коэффициенті 0,95. Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында, қуаттылығы 35,1 мың т гипс өндіретін құрылыс бөлшектер комбинаты жұмыс істеп тұр. Іс жүзінде комбинат өндіретін өнім көлемі 16,6 мын т, ал пайдалану коэффициенті 0,47. Барлық республика бойынша жобалық куаттылық 401.6 мың т, ал іс жүзінде өндірілген көлем 224,8 мын т, пайдалану коэффициенті 0,56.
Көрсетілген мекемелерден гипс тауарлы өнім күйінде босатылады немесе жергілікті жерде гипсокартонды жабдықтарды дайындауға жұмсалады. 1995 жыты республика бойынша гипске жалпы сұраныс 380 мың т болды, ал 2000 жылға 400 мың т, яғни кейбір республика аймақтарынын өздерінде гипс өндіретін мекемелері жоқ болуына орай, гипс тапшылығын болдырмауға жеткілікті қуаттылықтар бар.
Гипс тапшылығың белгілі мөлшерде сезініп отырған облыстар мынадай; Шығыс Қазақстан - 21 мың т, Қарағанды — 30, Қостанай — 24, Павлодар -22, Ақмола — 20. Басқа аталмаған облыстар да гипс тапшылығы 7-ден 19 мың тоннаға дейінгі мөлшерде.
Жұмыс істеп тұрған қуаттылықтар мен олардың тозуына арналған есеп-кисаптың көрсетуінше, 1992 жылы гипс жеткілікті болғанымен, бүтіндей Казакстан бойынша, 1995 жылы гипс тапшылығы 21 мың т, ал 2000 жылы 67 мын тонна болды.
Осыған орай гипс тұтқыры мен оның негізінде бұйымдар өндіретін жаңа зауыттарды іске қосу және жұмыс істеп тұрған мекемелерде қайта жабдықтау жоспарланған. Мысалы, 1994 жылы Атырау облысының Индер тұрғын мекеңінде 67 мың т гипс өндіретін зауыт іске қосылды. Мұның өзі 2000 жылға дейінгі орын алатын гипс тапшылығын жоюға мүмкіндік жасады.
1996 ж. дейінгі жұмыс істеп тұрған, гипс өндіретін өндіріс орындарын кайта жабдықтауды мына жолмен іске асыру белгіленген болатын: Актөбе гипс зауытының қуаттылығын 45-тен 90 мың тоннаға дейін, ал Алматыдағы цехтын мүмкіндігін 45,4-тен 150 мың т дейін ұлғайту жоспарланған. Мұның өзі құрылыстың гипс тұтқырына деген мұқтаждығын алдын ала қанағаттандыруға мүмкіндік тудырады.
Қазақстан Республикасында әкті тұтқырды өндіру мен қолдану мол көлемде жүргізіледі. Әк шығару үшін белгіленген, жұмыс істеп тұрған зауыттардың тізіміне (облыстар бойынша) мыналар кіреді. Ақтөбе — куаттылығы 53 мың т, кұрылыс материалдар зауыты. Шығаратын көлемі 53 мың т, пайдалану коэффициента 1; Жамбыл облысында — жергілікті цехтар. Шығарылған әктің косындысы 24 мың т: Қостанай облысында — құрылыстык әк зауыты (Рудний қаласы), қуаттылығы 31 мың т, шығарып жатқан мөлшері 28 мың т, пайдалану коэффициенті 0,9; Павлодар қаласында — №4 темір - бетон бұйымдар комбинаты. Жобалық қуаттылығы 130 мын т. ал шығарып жатқан мөлшері 90,9 мың т, пайдалану коэффициенті — 0,7; Солтүстік Қазақстанда кооперативті ұжымдар 2,2 мын т әк шығаруға міндеттеме алған, ал шын мәнінде, жыл сайын 2,3 мын т өндіреді, пайдалану коэффициенті 1.04; Семей — «Құрылыс материалдар» бірлестігі, жобалық қуаттылығы 2,1 мын т. нақтылы шығарылған 3,2 мын т, пайдалану коэффициенті 1,52; Торғайда (Арқалық қаласы). Әк шығаратын қуаттылығы 1 мын т жергілікті цех, пайдалану коэффициенті 1. Ақмола — (Ерейментау мен Акмола) жобалық куаттылығы 7,7 мың т. нақтылы өндірілген әктің мөлшері 7,5 мың т, пайдалану коэффициенті 0.97; Оңтүстік Қазақстан — әк зауыты (Түлкібас станциясы) әк цехы (Сас -Төбе қаласы). Олардың қуаттылықтары 20 және 198 мың т. оларға сай келетін пайдалану коэффициенттері 0,1 және 1. Республика бойынша барлық қуаттылық 594,7 мың т. нақтылы шығарылғаны 550.3 мың т, пайдалану коэффициенті 0,88.
Сонымен Қазақстанның 19 облысынын 11 - інде, жергілікті тұтқыр категориясына жататын, жергілікті өндірістік орындар мен кооперативті цехтарда өндірілетін әкті шығарады. 1995 ж. республика бойынша әкке сұраныс 923 мың т, ал 2000 ж. — 1293 мың т. Осы цифрларды облыс бойынша өндірістін жалпы көлемімен салыстырсақ, 1995 ж. 397 мың т. ал 2000 ж. 806 мын т әк тапшылығы болғанын аңғаруға болады. Әктің жетіспеушілік көлемі, гипс пен цементтің тура осындай көрсеткіштерімен салыстырғанда анау айтқан қомақты. 1995 жылғы есеп бойынша әктің тапшылығы жұмыс істеп жатқан өндірістің көлемнің 67 % кұрады, ал 2000 ж. 136 %, яғни өткең бесжылдықтың ішінде 2 рет өсті.
Аталған жетіспеушілікті қуаттылықтарды жылдам менгеру, жұмыс істеп тұрған өндірістік мекемелерді қайта жабдықтау және жаңа зауыттар мен цехтарды салу жолдарымен шешу жоспарланған. Мысалы. 1944 жылдан бастап Актөбедегі силикатты қабырғалық материалдар зауытында қуаттылығы 17,5 мың әк цехы жұмыс істейді; Алматы облысындағы «Қайрат» станциясында куаттылығьі 130 мын т әк цехы; Атыраудағы әк цехы 50 мын т; Қызылордадағы әк зауыты 50 мын т; Қостанай облысындағы Октябрьский тұрағында 100 мын т; Маңғыстау облысындағы Жетібай мен Сауран тұрақтарында — 125 мың т; Шығыс Қазакстан облысындағы Суық-Бұлақ тұрағында, куаттылығы 130 мың т әк зауыты салынып жатыр; Талдықорған қаласындағы силикатты кірпіштер зауытының құрамында қуаттылығы 65 мың т әк цехы; Оралдағы қуаттылығы 65 мың т әк цехы; Ақмола облысының Софиевка тұрағындағы қуаттылығы 65 мың т әк цехы.
Сонымен 2000 жылы республика бойынша барлық көлемі 927 мың т (есепті куаттылық) әк шығаратын өндіріс орындарын қайта жабдықтау мен қайтадан салу белгіленген. Оның үстіне жұмыс істеп тұрған зауыттар мен цехтарда осы тұткырды тағы да қосымша 729 мың т шығару мүмкіндігі қарастырылған. Осының бәрін қоса санағанда 1293,3 мың т әкті тұтқырды өндіруге мүмкіндік бар. Мұның өзі 2000 жылы орын алған 1220 мың т әк тапшылығын жояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет