Цемент өндіріс процесінің қалдықтарын тазалау және экологиялық мәселелерін шешу


Портландцемент және қолдану жолдары



бет9/20
Дата07.06.2022
өлшемі0,99 Mb.
#36475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
1.6 Портландцемент және қолдану жолдары
Құрылыс материалдарының ішіндегі ең бір қажеттісі болып саналады. Көптеген құрылыс материалдарын құрылыс уақытында алмастыра алатын зат болды, мысалы, ағаш, кірпіш, әк және тағы басқаларын.
Портландцемент ГОСТ 10178 - 76 түрі - клинкерде кальций силикатының (70 - 80 %) құрайды.
Портландцементтің ерекшелігі оның құрамындағы гипстің болуы, осы қасиеті портландцементті еркшелендіреді және жақсы жағынан көрсетеді. Портландцемент клинкерінің құрамының сипаттамасы:
Құрамындағы кейбір тотықтары;
Маңызды тотықтардың қатынасымен, әртүрлі коэффициенттермен және
модулярмен анықталады;
Құрамындағы клинкер пайда болғыш қоспалар - клинкерлі материалдар.
Портландцемент маркасын стандартты цемент таяқшаларын өлшемі
4*4*16 см сығу арқылы беріктілігін тексереді.
Құрылыс материалдарын өндіретін өндірістер портландцементтің мынадай маркаларын шығарады:
1. ПЦ 400 ДО и ПЦ 400 Д20. Асбестоцементті заттарды, үй-шаруашылық кұрылыста, өндірістердегі құрылыстарда қолданады.
2.ПЦ 500 ДО. Ірі көпірлерде, жолдарды салғанда, темірбетонды құбырлар жасағанда, балкаларда және этажаралық плиталарды жасағанда қолданады.
3.ПЦ 600 ДО. Тоннелдер үшін және аса берік және қорғану салаларында
Қорғау министрлігінің объктілерінде қолданады.
Қазіргі кездегі ең бір қажетті, құрылыс материалдарын шығару барысында көп қолданатын, маңызды материал болып ерекшеленеді.
1.7 Цемент өндірісінің қоршаған ортаға әсері
Цемент өндірісінің цемент өндірудегі қоршаған ортаға тигізетін зиянды факторлары мынадай:
•Аэрозольдер (түтін шығатын құбырлардың лықсымалары роиспаряющиеся компоненты)
•Ауаға кететін майда дисперсті аэрозольдер (жылдам ұшатын
компоненттер NOx, SO2, СО2, VOC, тағы басқалар)
•Басқа да лықсымалар (шу, иіс, техникалық су, өндіріс қалдықтары и т.б.)
•Ресурстарды пайдалану (энергия, шикізат)
Қазіргі уақытта барлық өнеркәсіптер ең бір алға бастайтын жоғарғы механизацияланған салалардың бірі болып табылады. Өндірістік еңбекті жоғарлату ауданында үлкең жетістіктерге жетуде.
Өнеркәсіпте клинкерді алудың негізгі технологиялық процесі, майда ұнтақталған материалды термиялық өңдеу болып табылады, бөлек түрлі шикізатты келтіру кезінде де түтін, газдарын, майда дисперсті аэрозольдердің әкету алдын анықталады. Біршама майда дисперсті
аэрозольдердің мөлшері, дайын өнімді білдіретін ауа мен бірге әкетіледі, дирмендерінің желдеткіштерінде майда дисперсті аэрозольдердің жалпы көлемі ұсталуға жатады. Заводтан шығатын өнімнің 30 - 40% .
Қазақстан индустриясына Оңтүстік Қазақстан, Өскемен, Семей цемент зауыттары, және «Шымкеңтцемент», «Балықшыцемент». Өндірістік бірлестіктері айтарлықтай үлес қосуда. 1996 жылы Қазақстанда 9 млн.т., оның ішінде 400 мың тоннасы ақ және түрлі - түсті цемент өндірілді.
"Балықшыцемент"А.Қ. кәсіпорны, Түлкібас ауданында, Балықшы аулында орналасқан. Завод бір негізгі өндірістік ауданы және екі карьері бар, негізгі шикізаты әк пен сары топырақ.
Шымкеңтцемент заводының негізгі шикізат базасы болып, Қазғұрт әкті кең орны Текесу сары топырақ Кең орны болып табылады.
Заводпен шекаралас асбесткомбинаты, ЖБИ-1 және ЖБИ-2 заводтарының өндіріс аудандары жатыр, Оңтүстік жағынан МГТС темір жолы, Шымкеңт -Ленгір. Солтүстік шығысында түрғын елді мекеңдер орналасқан;

Сипаттамасы:


-Кәсіпорынның атмосфераны ластайтын көздері.
-Технология мен өндірістік технологияның қондырғылардың қысқаша (тарихы) сипаттамасы. "Шымкеңт цемент" А.Қ өнім шығару асортиментіне мынаны енгізеді.
М - 500, қосындысыз портландцемент.
М - 800, жол портландцемент.
М - 400, минералды қоспалы сульфаттұрақты портландцементі.
Цемент өндірісінің негізгі шикізат базасы болып Қазығұрт әкті кең орны болып табылады және Текесу сары топырақ кең орны.
Қоспа ретінде пиритті тұқылдар қолданылады. Клинкерді жандыру үшін және шлакты кептіру үшін технологиялық отын ретінде Бұхара кең орнынан табиғи газ қолданылады. Резервті отын ретінде мазут қолданылады. Әк заводқа темір жолмен, өндіріс ауданынан 40 км шақырымнан алып келінеді. Сары топырақ гидропневмотранспортпен әкелінеді. Пиритті шлак тұқылы және электротермофосфорлы шлак, химиялық өндірістің қалдығы темір жол транспортымен әкелінеді.
Заводта екі сатылы майдалаудан өтеді, тесікті және балғалы ұрғыштарға, одан кейін екі камералы диірмендерге тартылуға жіберіледі, онда сумен бірге тартылуға жіберіледі,онда сумен бірге тартылады.
Әк, құрғақ шлак, ленталы конвейер арқылы қоймаға жіберіледі. Ошақ басы алты айналмалы пештермен 44 х 150 мм, өнімділігі №2 -35.0 т/жыл, №1,3 - 6 -37,0 т/сағ жабдықталған. Цементті сақтау үшін екі блок силостар бар.
Шикізатты өңдеудің барлық процестері мен оларды тасымалдау, клинкер алу
және оны жүктеумен алып жүріледі және цемент щикізатымен, ал жылулық
агрегаттардан бөлінетін майда дисперсті аэрозольдерді азот оксиді, көміртегі,
фосфин және фторлы сутек.
Цементті екі түрлі әдіспен өндіру мына сурет- 1,2 көрсетілген
Шикізат цехы өзіне ұсақтау бөлімін, илеу бөлімін және шикізат дайындау бөлімінен тұрады. Майдалағыш - ұсақтағыш, ұнтақтау бөлімінде екі технологиясы бар, әкті майдалап-ұнтақтау бойынша, біреуі жұмыс істейтін, ал екіншісі резервті әрекет ететін. Аспирациялық ауа майдалағыштан, жуғышы бар «СИОТ-6» циклонында, ал балғалы ұрғыштардан "СИОТ- 6" жуғыш циклонда аәрозольсіздендіреді. Циклонды жуғыштарда 52 - 56 % тазалаудан өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет