Cөж тақырыбы;Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы заңнамасы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты


Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары



бет6/8
Дата19.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#119390
1   2   3   4   5   6   7   8

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық- педагогтік консультациялар ұсыныстарын ескере отырып айқындалатын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық-физикалық ерекшеліктерін және танымдық мүмкіндіктерін ескереді.

  • Ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін жалпы білім беретін арнаулы түзеу оқу бағдарламалары әзірленеді және енгізіледі.
  • Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арнайы білім беру ұйымдарында іске асырылады.

Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары.i

1. Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары жоғары білікті ғылыми және педагог кадрлар даярлауға, олардың ғылыми және педагогтік даярлық деңгейін жүйелі арттыруға бағытталған.

2. Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары: базалық және бейіндік пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; практиканы; диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.

3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білім алған адамдарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім беру саясаты

Білім беру саясаты көпқырлы күрделі құрылымға ие. Көп құрылымды білім беру саясатының төмендегідей аспектілерін бөліп көрсетуге болады: мектепке дейінгі білім және тәрбие саясаты; мектептік саясат; ЖОО саясаты; кадрлық саясат және т.б .Біздің мақаламызда біз мемлекеттік және мектептік білім беру саясаты мәселесін қарастырамыз. Э. Днепров «білім беру саясаты» ғылымда XX ғасырдың 80-жылдары қарастырыла басталды деп жазған. Ғалымның зерттеуі бойынша мектептік саясат жалпы білім беру саясатынан ертерек қарастырыла бастады. Жалпы білім беру саясаты ЖОО-ң құрылуына, автономдылығына сәйкес ЮНЕСКО деңгейінде кеңінен қарастырылса, мектептік саясат адамдардың білім алу үдерісі қалыптасу барысында қарастырыла бастаған. Мектептік саясат мемлекет тарапынан түрлі ресми және бейресми бірлестіктердің көмегі негізінде жүзеге асырылды деп қарастырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет