Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова



бет75/81
Дата19.09.2023
өлшемі361,51 Kb.
#108799
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81
Байланысты:
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

Түлкі мен бөдене

Бар екен де, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:


– Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші,– дейді.
Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, — дейді.
Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:
– Досым, сен осы жерде қарап отыр, мен сені қазір күлдірем,– дейді.
Осылай деп, бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған бір әйелдің басына қонады. Мұны үйдің жанында ағаш жонып отырған оның күйеуі көріп:
– Қатын, басыңа бөдене қонды, қозғалма, оны мен ұрып алайын, – дейді. Дейді де, қолағашты алып, бөденеге жіберіп қалады. Бөдене ұшып кетеді. Әйел сұлап қалады. Түлкі ішек-сілесі қатып күледі. Түлкі әлдене уақытта күлкісін әрең тыйып:
– Досым, ризамын, өлердей күлдірдің. Енді сен мені өлердей бір қорқытшы, – дейді. Бөдене:
– Жарайды. Мен бытбылдық, бытбылдық деп ұшып отырам, сен көзіңді тарс жұмып, менің соңымнан еріп отыр. Қөзіңді мен аш дегенде ғана аш, – дейді.
Осылай бөдене бытбылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып, оның соңынан жортып отырады. Бір кезде бөдене түлкіге:
– Көзіңді аш, – дейді. Түлкі көзін ашып жіберсе, төңірегі тола ит жүгіртіп, құс салған аңшы екен. Түлкінің жүрегі тас төбесіне шығады.
– Өлді деген осы екен, — деп, ол бар пәрменімен қаша жөнеледі. Ит, құс соңына түсіп қуады. Түлкі бір уақытта қашып құтылып, бір бұтаның түбіне келіп, демалып отырады. Әлдене уақытта бөдене келеді. Оған түлкі ашуланып:
– Қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе ем. Сен мені қорқытпақшы емес, өлтірмекші болған екенсің. Сен маған дос емес, қас екенсің. Мен сені жеймін деп, бөденеге дүрсе ұмтылады. Бөдене пыр етіп, ұшып кетеді. Түлкі оның құйрығын жұлып алып қалады. Бөдененің құйрығы осыдан шолақ болған екен.


Түлкі, аю және қойшы

Бір қойшы қой бағып жүрсе, бір түлкіні бір аю қуып келеді екен. Түлкі бір тамға кіреді. Аю да тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып, бөксесі сыймай қалады. Ал, түлкі болса, басқа бір тесігінен жылт етіп шығып, айналып, есікке жақындайды. Есіктен не әрі, не бері шыға алмай ілініп жатқан аюды түлкі әжуалап, күліп кетеді. Оны қойшы көріп тұрады. Аю әрең дегенде қайта шығып, жан-жағына қарайды. Болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді.


Қойшыға жақындап келіп, аю;
- Е, қойшы сен не көрдің? – деп ақырады.
Қойшы қорқып кетіп:
- Ойбай, мен ештеңе көрген жоқпын деп жауап береді.
Аю:
- Жарайды. «Көргеніңді айтсаң өлесің» дейді де кетіп қалады.
Қойшы қойларын айдап ауылына қайтады. Ауылына келген соң кездескен адамдардың бәріне айтады.
Ауылдағы бала-шаға оқиғаны өлең қылып күліп жүреді. Осы өсекті естіген аю, ыза болып қойшыны іздейді. Қой бағып жүрген қойшыны тауып алады.
- Ештеңе көрмедім, ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда? Енді сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін, – деп ақырады.
Қойшы жалынып:
- Маған үш күн рұқсат бер, үй-ішіммен, ағайын-туыспен қоштасайын, - деп сұрайды.
Аю:
- Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін деп кетіп қалады.
Қойшы қоштаса бастайды. Қойшы екі күн үй-ішімен қоштасып, уәделескен күніне бір күн қалғанда далада істеген ісіне өкініп жылап отырады. Осы кезде қасына түлкі келеді.
Түлкі:
- Е, қойшым неге жылап отырсың?
- Сенің кесіріңнен енді өлетін болдым,- деп жауап береді.
Түлкі:
- Е, үндеме саған көмектесейін. Аюдан құтылудың амалын табайын. Ал, енді маған ақылыма не бересің? – дейді.
Қойшы: Қуанып кетеді де:
- Ойбай, не қаласаң соны берейін, – дейді.
Түлкі:
- Егер мен сені аюдан құтқарсам сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді бересің бе? - дейді.
Қойшы қатты сасып, қипақтап, қиналып бірақ басқа амалы болмағандықтан.
- Мейлі берейін, – деп келіседі.
- Сонда түлкі қойшыға:
- Аулыңа барып, демал, ертең уәделескен жерге кел де, аюды күт. Аю келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін. Аю сұрап: Анау неткен шаң? – деп сонда сен: «Ол ханның баласы әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны іздеп жүр» де аю қорыққанынан қашып кетер – дейді.
Екеуі уәделесіп екі жаққа тарасады. Келесі күні қойшы уәделескен жеріне келеді. Осы кезде басы салбырап қойшы келе жатады. Аюда келеді.
- Екеуі кездесе бергенде, аю алыстан бұрқырап шығып жатқан шаңды көреді.
Аю:
- Қойшым, анау бұрқыраған не шаң? –деп сұрайды.
Қойшы:
- Е, ол ханның баласы ғой. Әйелі аюдың жүрегіне жерік болып, соны шарқ ұрып іздеп жүр дейді.
Аю қорқып кетеді де, қойшыны құшақтай алып:
- Ойбай, қойшым онда мен тезірек қашайын. Тек сен мені көргеніңді айтпа, - деп қаша жөнеледі.
Осы жайды алыстан бақылап тұрған түлкі, аю қаша жөнелісімен қойшының қасына жетіп келеді.
- Түлкі қуланып қойшыға келіп:
- Қойшым, мен саған көмектестім. Енді сен уәдеңде тұр. Маған бір бүйрегіңді бересің.
Қойшы қипақтап, жыламсырап, шапанының белбеуін шеше бастайды. Осы кезде үш күн бойы жөнді тамақ ішпеген, жөнді ұйықтай алмаған қойшының іші шұрылдайды. Бұл шұрылды естіп қалған түлкі құлағын тіге қойып, Түлкі:
- О, не қыңсылаған? – деп сұрайды.
Сол кезде қойшы:
- Түнеу күні бір тазының күшігін жұтқан едім. Сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп, қыңсылап жатыр, – дейді.
Түлкі шошып кетіп:
Ойбай, қойшым ендеше дос болайық! Тазы шығып кетпесін мен қашайын деп алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Түлкіден қулық үйренген қойшы басына түскен ауыртпалықтан осылай құтылады. Қойшы қойларын айдап жайына кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет