Сабақтың бөлімі Зобалаң заман шындығы Сабақ тақырыбы Қадыр Мырза Әли өлеңдері



бет1/3
Дата09.10.2024
өлшемі141,7 Kb.
#147329
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1 сабақ Еңбек нарығы


Пәні:

Қазақ әдебиеті

Тобы:




Мұғалімі:

Захан Жансая

Сабақтың бөлімі

Зобалаң заман шындығы

Сабақ тақырыбы

Қадыр Мырза Әли өлеңдері

Осы сабаққа қол жеткізетін оқу мақсаттары:

10.1.1.1- мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйініп тақырыпты жалғыстыру;
10.1.3.1- оқу- кәсіби, қоғамдық саяси, әлеуметтік- мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

Бағалау критерийі:

- мәтіннің мақсатты аудиториясын анықтайды;
-автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтайды;
- мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтап, қорытынды жасайды;

Құндылықтарға баулу:

Тәуелсіздік және отаншылдық

  1. Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!

  2. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

  3. Отанды сүю – отбасынан басталады!

  4. Отаным – алтын бесігім!

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың басы:


Сабақтың ортасы:

Сабақтың соңы



І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сәкен Сейфуллин өмірі туралы түсінік айту.
А) Сәкен Сейфуллин кім?
Ә) Ақын қай жерде білім алған?
Б) Ақынның қандай шығармалары бар?
2. «Ананың хаты» өлеңін мәнерлеп оқу. (1-2 оқушы).
3. Сұраққа жауап беру.
А) Өлеңде кім туралы, не туралы айтылады?
Өлеңде ана туралы, ананың хаты туралы айтылады.
Ә) Анасы кімге хат жазады?
Анасы баласына хат жазады.
Б) Хатында не деген? (қысқаша айту).
Балам, сағындым. Оқу іздеп кетіп, ауылға қайтып оралмадың. Мен сені әлдилеп, бағып, өсіріп едім. Ұмыттың ғой, мені. Менің ойлағаным болмады. Ағайындар сені ұлық болды деп жатыр. Мен қартайдым, денсаулығым жоқ. Үйде тозып бітті. Ақ жаулығымда тозды. Қалжырадым. Мені ұмытатындай не жаздым? Соған жауап бер дейді.
В) Ананың көңіл-күйі қандай?
Ана қайғырып отыр.
Г) Бүгінгі күні өмірде осындай оқиғалар кездесе ме?
Әрине, кездеседі. Тіптен ата-аналарын тастап кетіп жатқан, қарттар үйіне тапсырып жатқан балалар да бар.
Қорытынды. (Мұғалім сөзі). Өте жақсы. Бұл дұрыс емес. Себебі ата-ана балаларының тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалары да кейін ата-анасы қартайғанда, оларға қамқорлық жасауға міндетті. Жақсы, ақылды, тәрбиелі, мейірімді бала ата-анасын әр уақытта құрметтейді, қамқорлайды, сыйлайды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Оқушыларды сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
- Бүгін сабақта сүйікті ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмірімен, шығармаларымен танысып, «Жеті» өлеңінің мазмұнымен танысамыз.
2. Ақын өмірбаянымен таныстыру.
- Қадыр Мырза Әли Ғинаятұлы қазақтың қадірлі ақыны, балалар әдебиетінің данасы, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1935 жылы 5-қаңтарда Орал облысының Жымпиты ауданында дүниеге келген. Биыл ол 75 жасқа толады. Ақынның балалық шағы соғыстың ауыр жылдарына тап келді. Бірақ табиғатынан зерек, алғыр баба сабағын жақсы оқиды. Соның нәтижесінде сол кездегі ең беделді, жоғары оқу орны – қазақтың Мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1958 жылы бітіріп шығады. Кейін, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет етеді. Ақын – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі. Ақынның 30-ға жуық кітаптары жарық көрді. Кейбір өлеңдері бірнеше әлем тілдеріне аударылып, шетелдерде жарық көрген. 3 томдық, 12 томдық шығармалар жинағы бар.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1. Ой шақыру.
- Балалар, «Жеті» дегенде қандай ой келеді?
- жеті күн, жеті ата, жеті нан, Жетісу.........
- Дұрыс, балалар!
- Ал, енді, Қадыр ағамыздың «Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.
2. Сөздік жұмысы.
а) өлең ішіндегі сөздер мен сөз тіркесіне түсінік беру.
ұзақ сан – көп сан
лақпайды бетіменен – ретімен тұрады
қымбат – жанға жақын
күрт өседі – тез өседі
санасы – ақыл, ой.
ә) оқушыларға хормен оқыту;
б) жеке оқыту;
в) оқулықтағы қазақша-орысша сөздікті оқушылардың өздеріне оқыту.
3. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
а) түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оған мынадай өлең сөздерінен де көруге болады. Жетіге келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Сарапшылар еш уақытта жаңылмайды, егер жеті рет өлшеп, бір кессе. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Қазақстан жерінде Жетісу деген әсем жер бар. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан, Жеті қарақшы. Соңында жеті санының 3 түгілі, екіге бөлінбейтіні айтылады.
ә) оқушыларға өлеңді тізбектеп оқыту;
4. Оқушыларды топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар беру.
1 топ. Ізденушілер тобы.
Сұрақ. «Жеткен бала жетіге күрт өседі» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап. Жетіге жеткен бала тез өседі. Бала жеті жасқа келгенде ата-анасы оны мектепке оқуға апарады. «Тілашар» тойын өткізеді.
2 топ. Шығармашылар тобы.
Сұрақ. Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?
Жауап. Қазақ халқында жеті сан киелі деп есептелгенСебебі, орта ғасырларда ғалымдар жеті күнге, жеті жұлдызға ат берген. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған. 17 – ғасырда Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиеттігіне байланысты болған. Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу жетімен байланысты. Наурыз көжеге де жеті тағам салып пісіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет