1. Мәтін және оның түрлері.
Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құрылған белгілі бір ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінде оқиға – хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс – сипатталады, суреттеледі. Ол – өзара байланысқан сөйлемдерден,абзацтардан тұрады. Оған ат қоюға, жоспар құруға болады. Оның басталуы, негізі, соңы болады. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
Мәтінге әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтіннің мынадай түрлері бар: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау.
Әңгімелесу мәтіні – тек мұғалімнің өзі ғана емес, түгел сынып оқушылары қатысып, топта талқыланады. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
Сипаттау мәтіні – бір нәрсенің бейнесін (затты) немесе табиғат көріністерін сипаттау. Қандай? Қалай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.
Пайымдау мәтіні – белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және Не үшін? сұрағына жауап береді.
Мәтін түрлерін сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.
Мәтіннің біріншісінде, сөйлеудің ауызша жөне жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы бір-біріне ұқсастығыэкспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Екіншісінде, қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндермонологтік, диалогтік (кей ретте полилогтік те) болып бөлінеді. Бұл жердесөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызшамәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Бастауышта мәтінмен жұмыстың маңызы – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға,сөйлеу шеберлігін қалыптастыруға,адами ізгі,эстетикалық тәрбие беруге,әдеби және тарихи деректерді түсіну болып табылады.Бастауыш сыныптарда «Әдебиеттік оқу»оқулығында мәтін бес түрлі қызмет атқарады.
1.Мәтін оқушыға білім береді.
2.Мәтін – оқуға үйрету құралы.
3.Мәтін оқушының ойын дамытады.
4.Мәтін тәрбиелік міндеттерді шешеді.
5.Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлықтары дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |