Жақсы жазылған мәтіндер өте көп, бірақ олардың бәрі бірдей сұрақ қоюға мүмкіндік жасай бермейді. Сондықтан оқушыларды ойландыратын, түсіндіруді мәжбүр ететін мәтіндер алған жақсы. Әсіресе, жақсы ертегілермен жұмыс жасаған ыңғайлы, өйткені онда айтылатын жағдайлар мен кейіпкерлер туралы көптеген ойлар тудыруға болады.
Жылдам қорытынды жасауға мәжбүр етпеу.
Пікірталасты бірден өзіңіз бастамай, оқушылардың белгілі бір көзқарастарының қалыптасуына сенім артып, олардың ойларын, пікірлерін, сіз күтпеген ақылды ойларын таңдаған дұрыс. Олай болуы әбден мүмкін.
Өзіңнің жеке ойыңды айтпау.
Егер біз «дұрыс» немесе «дұрыс емес» сияқты пікірталастарға өз ойымызды қосатын болсақ, онда сұрақтың мәні жоғалады.
Талқылауды мәтінге жақын ұстау.
Егер сұрақ нақты болмаса, мәтінге қатыссыз, байланыссыз болса, онда оқушылар мәтіннің тақырыбынан тез ауытқып кетеді (мәтіннен басқаға көңіл бөлмеу).