Д. Ж. Жайлыбай* 1, Қ. Ж. Елеусізова



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата18.09.2023
өлшемі321,71 Kb.
#108358
1   2   3   4   5   6   7
Нәтиже мен талдаулар
Біздің зерттеу нысанымыз бойынша ста-
тистикалық мәліметтерден тыс дала лық этно-
социологиялық зерттеулердің қорытын дылары, 
респонденттердің сауалнамаларға берген жауап
-
тары, информаторлардан алынған сұхбаттар мен 
зерттеушілердің пікірлері халық арасындағы 
неке, кросмәдени некенің қазіргі отбасылық 
құндылықтарға ықпалын айшықтайды. Елімізде, 
мұндай этносоциологиялық зерттеулер 1970-
1990 жж. аралығында қарқынды жүргізілді, 
нәтижесінде Қазақстандағы неке және отбасы 
мәселесін социологиялық тұрғыдан зерттеудің 
әдістемелік негіздері, отбасын зерттеуші арнайы 
мамандар қалыптасты. Осы жылдары Ш.Ш. 
Уәлиханов атындағы Тарих және этнология 
институтының Этнология және антропология 
бөлімінің зерттеушілері Қазақстанның барлық 
территориясында кешенді этносоциологиялық 
зерттеулер жүргізді. Осы зерттеу жұмыстарының 
негізінде Қазақстанның қоғамдық ғылымындағы 
этносоциологиялық мектеп қалыптасты. Оның 
көрнекті өкілі ретінде А.Б. Қалышты атауға 
болады. Оның неке және отбасы мәселесіне 
қатысты жүргізген зерттеу жұмыстары Х. 
Арғынбаевтың зерттеулерін жалғастырып, 
оны социологиялық деректермен толықтырды 
(Арғынбаев, 1973: 328). Ол еліміздің бірнеше 
облыстарында арнайы этносоциологиялық 
зерттеулер жүргізді (Қалыш, 1982: 81-84). Атап 
айтар болсақ, зерттеуші Қазақстанның батыс, 
солтүстік, оңтүстік аймақтарында 40 жылдан 
астам ізденістер жүргізген. Осы сияқты іргелі 
зерттеу жұмысы Өзбекстанда У.С. Абдуллаевтың 
тарапынан (Абдуллаев, 1989: 85-90) және Л.С. 
Толстованың Қарақалпақстан халқы арасындағы 
аралас некені зерттеуімен толықты (Толстова, 
1985: 64-72). Тұтас алғанда Орталық Азия және 
КСРО халықтарындағы отбасы мәселесін Н.А. 
Кисляковтың «Очерки по истории семьи и брака 
у народов Средней Азии и Казахстана» атты 
еңбегінде (Кисляков, 1969: 240), сонымен қатар, 
Н.П. Борзых «Межнациональные браки в СССР 
в середине 1930-х годов» сияқты ізденістері 
неке және отбасы мәселесін зерделеді (Борзых, 
1984: 101-112). Кроссмәдени некеге байланысты 
арнайы зерттеу жұмыстары 2010 жылдарға дейін 
жалғасты. Мысалы, Қ.Б. Баудиярова «Оңтүстік 
Қазақстандағы бірұлтты және ұлтаралас неке-
лердің тұрақтылығы мен сақтау мәселелері» атты 
кандидаттық диссертациясы қорғалды (Баудиярова, 
2009: 26). Ал Орталық Азия елдері халықтарының 
отбасылық дәстүрлері бойынша Қазақстанда 
2010 жылы К.М. Төлеубаева К.М. «Қазақтар және 
Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық 
әдет-ғұрып, салт-саналары (салыстырмалы-этно-
графиялық зерттеу)» атты докторлық диссертациясы 
қорғалды (Төлеу баева, 2010: 24).
Орталық Азиядағы этностар арасындағы бұл 
байланыстар XIX ғасырдың екінші жартысында 


112
Отбасы моделінің трансформациясы жағдайындағы кроссмәдени неке: Орталық Азия елдері мысалында
қарқынды дамыды. Жекелеп қарайтын болсақ, 
орыс, казак, украин, неміс сияқты этномәдени 
шекарасы өзге этностардың келуімен тікелей 
қатысты болды. Мұндай миграциялық саясат 
Кеңес дәуірінде де жалғасын тапты. Себебі, 1930-
1933 жылдары орын алған ашаршылық, елдегі 
еңбек күшінің жеткіліксіздігіне алып келді. 
Сонымен қатар, 1937-1944 жж. депортациялық 
үрдістер де Қазақстандағы этникалық ала 
құлаллыққа алып келді. Дәл осындай жағдай тек 
Қазақстанда ғана емес, сол сияқты Өзбекстанда, 
Қырғызстанда да орын алды. Мысалы, 1917 
жылға дейін қырғыздар арасында өзге этностан 
үйлену өте сирек кездескен (Тегизбекова, 2015: 
17-18). Соғыс жылдарынан кейінгі миграциялық 
үрдістердің күрделі өзгерістері этникалық 
тұтастықты тіпті шиеліністірді.
Жалпы, 1936 жылғы КСРО елдері арасында 
Қазақстан кроссмәдени некеге бойынша 7 
орында болған. Көрсетілген жылы некеге тұрған 
41 607 адамның 13% яғни 5462 аралас некеге 
тіркелген. Әрине бұл көрсеткіш сол кезеңдегі 
Қазақстандағы еуропалық этностар бойынша 
жасалған. Тікелей қазақ халқының аралас некеге 
тұруы әлде қайда төмен болған. Мысалы, ерлер 
арасында 4,5 % болса, әйелдер арасында 0,8 % 
ғана болған. Оның ішінде қазақ – татар, қазақ 
– орыс халықтары арасындағы некені атауға 
болады (Борзых, 1984: 101-112).
Кроссмәдени некенің жан жақты дамуына 
1950 жылдарынан кейінгі тың игеруі жылда-
рындағы миграциялық үрдістер кең әсер етті. 
Мысалы, 1959 және 1979 жылғы санақ мате-
риалдары бойынша КСРО бойынша Қазақстан 
аралас неке бойынша үшінші орында болса 
14,4 % – 21,5% , ауылдық жерлер бойынша 
аталмыш жылдары 11,9 % – 18,2 % бірінші 
орында болды (Население СССР, 1983: 228). Бұл 
үрдіс негізінен орыс, беларус, украин сияқты 
славяндық этностар арасында жиі кездесті, түркі 
халықтары арасында татарлардың арасында 
аралас некеге түскендердің үлес салмағы 53,2 % 
жетті. Осы жылдары қазақтардың үлес салмағы 
не бары 2,6 % дан аспады (Итоги переписи 
населения, 1992: 371).
Кеңестік дәуірде белең алған кроссмәдени 
некеге тұру Қазақстан территориясында қа-
лыпты жағдайға айнала бастады. Бұл тұрғыда 
жүргізілген арнайы зерттеулерде бар. Мысалы, 
А.Б. Қалыштың Қазақстан территориясында 
жүргізген этносоциологиялық ізденістерінде 
кроссмәдени некеге байланысты еліміздің әр 
өңірінде әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Соның 
ішінде қазірі Түркістан қаласын қарайтын бол-
сақ, жалпы сұралған 748 респонденттің 50,3 % 
этносаралық некеге қарсы екенін білдірген. Ал 
21,4 % сұралғандар өз этнос өкілімен некеге 
тұрғанды жөн көреді. Бұл көрсеткіштердің 
ішінде 4,1% респонденттер некедегі этностың 
өзгешелігі маңызды емес, ерлі зайыптылар өзара 
ортақ мәдениетті сыйласа болды деп жауап 
берген. Сол сияқты, 1,6 % адам бір дінде болса 
некелесуге болады деп жауап берсе, 17,1 % 
респондент некеде ең бастысы ерлі зайыптылар 
бір біріне сүйіспеншілігі болғаны дұрыс деген. 
Ал қалғаны 5,5 % адам жауап беруге қиналған 
(Қалыш, 2013: 321).
Ал З. Шаукенованың зерттеулерінде Қазақ-
станның оңтүстігі мен солтүстік аймақтарын 
салыстырған. Оның ізденістерінде келесідей 
көріністі байқауға болады. Мысалы, оңтүстік 
қазақтарының 27 % аралас некеге қарсы болса, 
3,5% қолдаған. Ал солтүстік қазақтарында 
бұл көрсеткіш 29 % қарсы болса, 7,7 % қол-
дайтынын жеткізген. Респонденттердің қалған 
көзқарастары басқа әр түрлі жауаптармен 
толықтырылған (Шаукенова, 2002: 128). Сол-
түстік қазақтарының аралас некедегі үлесі мен 
көзқарасы оңтүстікпен салыстырылғанымен 
орыс тардың мәдени және тілдік ассимилияциясы 
айқын көрінеді (Шаукенова, 2002: 128).
Ал Н. Поповтың пікірі бойынша 1990 жыл-
дары Қазақстанда 10 % адам аралас некеге қарсы 
болса, 25 % адам қолдау білдіретінін атап өтеді. 
Сонымен қатар, 64 % адам «ұлт» некеге тұруға 
кедергі болмау керек деген пікір білдірген 
(Попов, 1998: 149-152).
Жалпы, осы жылдардан ақ байқауға болатыны 
елімізде, кроссмәдени неке отырғандардың әр 
аймақ бойынша өзіндік ерекшелігі мен салыс-
тырмалы көрсеткіштері қалыптасқан. Бұл Қа-
зақстанның тәуелсіздік алған жылдары ақ бай-
қалды. Мысалы, 1999 жылы жүргізілген халық 
санағы материалдарында республика бойынша 
18,8 % халық аралас некеге отырған. Оның 
аймақтық үлесі бойынша жоғары деңгейде 
еліміздің солтүстік өңірлеріне тиесілі болды. 
Санақ материалдарынан қарайтын болсақ, Ақмола 
облысында 31,8 %; Қостанай облысында – 35,3 
%; Қарағанды облысында – 27, 6 %; Павлодар – 
28,4 %; Солтүстік Қазақстан облысы – 27,2 % ; 
Астана қаласында – 29,3 % көрсетті. Ал ең төменгі 
көрсеткіш Қызылорда облысы – 3,5%; Атырау 
облысы – 4,9 %; Оңтүстік Қазақстан (Түркістан 
облысы) – 8,3 %; Маңғыстау облысы – 9,2 % ғана 
қамтыған (Домохозяйство РК, 2001: 28, 190-235). 


113
Д.Ж. Жайлыбай, Қ.Ж. Елеусізова
Санақ материалдарынан көріп отырға ны-
мыздай Орталық Азия елдеріндегі 1960-1970 жж. 
үдей түскен кроссмәдени некенің жас мөлшері 
тарихи тұрғыда үшінші, төртінші ұрпаққа ауы-
сып бара жатыр. Бұл дегеніміз дәстүрлі отба-
сылық модельдің трансформациясына айтарлық 
әсер ету қабілетіне ие болып отырғанын бай-
қауға болады. Бұл үрдісті төмендегі себеп-
терден анықтай аламыз. Мысалы, біріншіден, 
этносаралық неке жағдайында бала туу көр-
сеткіші төмендейді, оны 1999-2009 жж. ара-
лығындағы санақ материалдарында анық көрі-
неді. Екіншіден, некелесу жасының ұзаруы 
және жұбайлардың репродуктивті жасының өтіп 
кетіп некелесуімен түсіндіреміз. Үшіншіден, 
ажырасу қаупінің жоғары екенін байқаймыз. 
Оның басты анықтамасы ретінде үйленуші 
жастарға үлкендер, туыстар тарапынан қарсы-
лық білдірілуі, туыстық қатынастардың үзі-
луі, ортақ түсінбеушіліктің қалыптасуына се-
беп болып жатады. Жалпы, этносаралық некеге 
тұрғандардың арасында қайта некелесу көрсет-
кіштері де байқалады. Себебі, алғашқы некесі 
сәтсіз болғандар, некедегі өз этнос өкілінен 
түсінбеушілік көргендер, басқа этнос өкілімен 
некелесуді жөн көреді. Ал, қайта некелесу 
бір отбасында аралас отбасылардың пайда 
болуына негіз болып отыр. Мысалы, бірінші 
сәтсіз некеден болған балаларын жаңа қосылған 
отбасында кейінгі балаларымен бірге тәрбиелеу 
жағдайлары кездеседі. Бұл көп жағдайда қиын 
отбасылардың немесе неке сәтсіз болған жағ-
дайда толық емес отбасылардың санының 
артуына негіз болып отыр. Сонымен қатар, 
этносаралық некенің дамуы жаппай нуклеарлы 
отбасылардың көбеюіне алып келуде. Сол 
сияқты, кроссмәдени некеде туылған балалар өз 
ұлтын анықтауда қиындықтар туындап жатады, 
оған тұрғылықты жері, балалардың таңдауы, 
әсер етеді. Қазақстан жағдайында мұндай неке 
ұрпақтары некелескен этносқа да байланысты. 
Мысалы, әкесі қазақ – анасы орыс – 96 %; қазақ 
– татар – 97 %; қазақ – украин – 90 %; қазақ 
– неміс – 100 % ұлтын қазақ деп көрсеткен 
(Қалыш, 2015: 101-103). Алайда біздің ортада 
құжат алу кезінде өз этносын көрсетпейтіндер 
де бар.
Тұтас алғанда Орталық Азия елдерінің от-
басы моделінің трансформацияланыуында 
кросс мәдени некенің орны ерекше, оның басты 
көрінісі отбасындағы дәстүрлі мәдениеттің өзге-
руінен байқалады. Мысалы, дәстүрлі қалып-
тас қан үлкен отбасыларды, орнына шағын 
отбасылардың қалыптасуы, отбасындағы туу 
көрсеткішінің азаюы дәл осы кроссмәдени 
некеге тікелей байланысты болып келеді.
Кроссмәдени некенің тағы бір қыры ретінде 
Өзбекстандағы жағдайды қарайтын болсақ, 
мұнда өзінің ерекшелігі бар, себебі өзбек 
этносының некеге тұру мәселесінде этникалық 
топ немесе бөлелер арасындағы «ортокузенді» 
некелік қатынас дамыған. Дәстүрлі өзбек отбасы 
ұстанымдары аралас некеге түбегейлі қарсы 
деуге болады. Алайда қазіргі кезде өзбектер 
арасында аралас некеге тұрғандарды дәріптеу, 
әлеуметтік желілерде олардың бақытты өмірі, 
некелесу жағдайы, ортақ ұқсастықтары жөнінде 
материалдар да жеткілікті (Uznews.uz, 2022). 
Мұның негізгі себебі, туыстар арасындағы некеге 
тұрушылар балаларының тұқым қуалаушы 
ауруларға шалдығуы жиілеген. Оны өз кезегінде 
1998 жылы Өзбекстан Республикасы үкіметі 
тарапынан арнайы заңмен ортокузенді некеге 
шектеу қойылған (Iwpr.net, 2009). Көпшілігінде, 
Өзбекстандағы аралас некені таңдаушылар 
арасында жоғары білімді адамдарды адамдарды 
байқалады. Бұл В.В. Мархининнің «Көп 
жағдайда этносаралық некеге тұрудың басты 
факторы жоғары білімділер» деген уәжіне 
сәйкес келеді (Мархинин, 1997: 21-22). Жалпы, 
Өзбекстандағы кроссмәдени неке формасы 
жекелеген мәдени құндылықтарға яғни шығыс 
славяндық, орыс, украин сияқты этностармен 
некелесу жөн саналмайды (Asiarussia.ru, 2015). 
Ал, Қырғызстандағы шекаралас аймақтарда 
кроссмәдени некені саяси құрал ретінде 
пайдалану байқалады. Мысалы, 2011-2013 
жж. Ош қаласындағы тіркелген этносаралық 
некеге тұрушыларға 100 мың қырғыз сомы 
көлемінде жәрдем ақы тағайындалған (Ia-centr.
ru, 2013). Бұл аталмыш аймақтағы этносаралық 
қақтығыстарды реттеуге арналған қадам ретінде 
түсіндіріледі. Көпшілігінде қырғыздардың 
кросс мәдени некеге тұру көрсеткіштері өз елі 
ішін де емес, миграциялық сипатта, шетел дік аза-
маттармен некелесу фактілерімен сипатталады.
Ал Қазақстанда қазіргі кезде, әр бір алтыншы 
неке этносаралық неке ретінде тіркеледі. Са-
рапшылар мұндай көрсеткішті этникалық біре-
гейлікке әсер етпейді деген пікір білдіреді (Elor
-
da.info, 2022). Статистикалық деректерде 2020 
жылы Қазақстан бойынша 128,8 мың адам неке 
қиылған болса, соның 14,2 % этносаралық неке 
ретінде тіркелген (Stat.gov.kz, 2020). 
Көріп отырғанымыздай соңғы он жылдықта, 
аталмыш елдерде кроссмәдени неке тақырыбы 


114
Отбасы моделінің трансформациясы жағдайындағы кроссмәдени неке: Орталық Азия елдері мысалында
зерттеу аясынан тыс қалып келеді. Оның бір-
неше себебін атап өтуге болады. Мысалы, бірін-
шіден, кроссмәдени некенің әр елдегі үлесі, 
статистикалық көрсеткіштері, некеге тұрудағы 
жас ерекшелік қағидалары 1990 жылдардағыдай 
аса өзекті емес. Сонымен қатар, 2020 жылғы 
жалпы халықтық санақ COVID-19 пандемиясына 
байланысты кешіктірілуі республикалар бойын-
ша статистикалық деректік базасының әлі жа-
рия ланбауы болып табылады. Соның негізінде 
халықтың неке жағдайына байланысты дерек-
терде мардымсыз болып табылады. Дегенмен 
қоғамдағы этносаралық некенің үлес салмағы әр 
түрлі цифрлар төңірегінде құбылғанымен, бұл өз 
деңгейінде дәстүрлі отбасылық құндылықтарға 
айтарлықтай әсер етіп отырғанын атап өтуге 
болады. 
Бұл тұрғыда қазіргі Қазақстан жағдайындағы 
біздің алдың ала зерттеулерімізде, кроссмәдени 
некеге байланысты да бірқатар көзқарастар қа-
лыптасқан, мысалы, еліміздің әр тарапынан 
алынған қысқаша сауалнама алынды. Сауал-
намаға жалпы, 87 респондент қатысты. Олардың 
жас ерекшелігі: 18-24 – 7,8 %; 25-30 – 20,8 %; 
31-40 – 31,3 %; 41-50 – 10,45 %; 51- одан жоғары 
– 5,2% болып бөлінді. Сұралғандардың 68 % 
ерлер болса, қалған 32 % әйелдерді құрады.
Рес понденттердің 67,8 % ауылда тұрса, 32,2 % 
қалалық жерлерде тұрады. Оның ішінде үйленгені 
– 62 %, ал қалған – 38 % әлі неке құрмағандар.
Респонденттерге «Ұлтаралық некеге қалай 
қарайсыз?» деген сұрақ қойылды. Сұралған 87 
адамның 68,9 % некенің мұндай формасына 
қарсы екенін белгілеген. Ал қалған 31 % 
респондент аралас некеге қарсы емес екенін 
көрсеткен. Осы қарсы болған респонденттер 
«ұлтаралық некеге не үшін қарсысыз?» деген 
сұраққа әр түрлі жауап берді. Соның ішінде 
оның 50 % «өзге этнос өкілімен өмір сүру 
қиын болады» деп жауап берген. Сол сияқты 
респонденттердің 40 % өзге этноспен некелесу 
«тілді, мәдениетті білмегеннен кейін қиын» 
екенін көрсетті. Қалған 10 % респондент 
жауап беруге қиналатынын белгіледі. Әртүрлі 
аймақтардан алынған жауаптардың ішінде 
этносаралық некеге қарсы емес 31% респондент 
қарсы емеспін деп жауап берсе, оның «қандай 
негізде өзге этноспен некелесуге болады?» 
деген сұраққа әртүрлі жауаптар берілген. Осы 
көрсеткіштерде 66,6% респондент діні мұсылман 
болса болды некелесуге болады деп жауап 
берсе, 22,2 % адамға қандай ұлт болса да бәрі 
бір екенін атап өткен. Сол сияқты қалған 11 % 
респондент түркі тілдес халықтармен некелесуді 
жөн көрген. Кроссмәдени некеге қарсы болған 
респонденттердің жас ерекшелігі 18-24 жас 
аралығындағы респонденттердің 66,6 % қарсы 
екенін білдіріп, оның басты себебі, «өзге ұлтпен 
өмір сүру қиын болады» деп жауап берген. Ал 
қарсы болмағандар, «қай ұлтпен некелессе 
де бәрі бір» деп жауап берді. Респонденттер 
арасында қарсылық білдіргендердің көпшілігі 
40 жастан жоғары және отбасылар болып 
табылады. Ал, қарсы еместердің негізгі бөлігі әлі 
де болса некеге тұрмағандар құрап отыр. Ал, 50 
жастан жоғарылар кроссмәдени некеге ата-ана 
ретінде қарсы екенін білдіреді (АӨЖМ, 2023).
Дәл осындай 2020 жылғы Петропавл қаласында 
жүргізілген сауалнама қорытындылары 47% 
қазақтардың, ал 60 % орыстар кроссмәдени некені 
қолдайтынын белгілеген. Ал жастар арасындағы 
бұл көрсеткіш тіпті үлкен, студенттер арасында 
жүргізілген сауалнамада 72,5 % қазақ, 83 % 
орыс студенттер аралас некеге дайын екенін 
көрсеткен (Казиев, 2020: 136-152).
Тұтас алғанда этнос үшін неке және отбасы 
мәселесі этникалық бірегейлікті сақтаушы 
құрал, этномәдени шекарасының шеңбері және 
этникалық маркер ретінде қарастырылады. 
Эт ностың этномәдени өзгерістерінде отбасы 
моделінің трансформациясы басты қызмет атқа-
рады. Оған кроссмәдени неке, миграциялық 
үр дістер және көптеген факторлар әсер етпей 
қоймайды. Бұл әсер етуші факторларға отба-
сылық дәстүрлер, этикет, ғұрыптар жан-жақты 
жауап береді. Мұны Орталық Азия елдеріндегі, 
соның ішінде қазақ отбасы институтының 
негізгі құндылығының бірі туыстық қатынастың 
қатаң сақталуы соның ішінде туыстар арасында 
жүзеге асатын үйлену тойлары, әр түрлі дәстүрлі 
мерекелер, өлім жітім жағдайындағы ғұрыптар 
қоғамды интеграциялауға мол мүмкіндік 
беретін тетік ретінде қаралады. Отбасы инсту-
тындағы мұндай құрылымның қажеттілігі мен 
маңыздылығын COVID 19 жағдайында терең 
түсіндірілді. Оны доктор Суат Бейлурдың «Ко-
вид-19 пандемиясының қазақ қоғамындағы 
әлеуметтік қатынастарға әсері (Түркістан мы-
салы)» атты мақаласында жан-жақты қарас-
тырылған. Мұнда зерттеуші пандемияға дейінгі 
және пандемия жағдайындағы әлеуметтік жә-
не отбасылық, туыстық қатынастарды әлеу-
меттанулық әдістер арқылы зерттей келе, қазақ 
отбасы институтының тарихи және заманауи 
үрдістердің үндеуіне жауап бере алатынын 
айшықтайды (Beylur, 2022: 193-223).


115
Д.Ж. Жайлыбай, Қ.Ж. Елеусізова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет