Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты



бет10/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Дәрістер Ашық тау-кен жұмыстарындағы маркшейдерлік іс

1.5.3. 1, 2-разрядты геометриялық нивелирлеу

Жер асты қазбаларында 1 және 2-разрядты геометриялық нивелирлеу жүргізіледі.


1-разрядты нивелирлеу қазбалар ішіндегі реперлердің және тұрақты теодолиттік түсірмелері қосындарының биіктіктерін анықтау үшін жүргізіл-еді.
2-разрядты нивелирлеу қазба жұмыстарының қажеттілігіне, уақытша маркшейдерлік нүктелерге биіктік шамаларын беру, рельстік жолдардың дұрыстығын тексеру үшін т.б. қолданылады.
1-разрядты нивелирлік жүрістердің және теодолиттік жүрістердің тұрақты қосындары, жалғастырғыш нүктелер ретінде пайдалынылады. Бұл жұмыс кезінде нивелир екі жалғастырғыш нүктелердің ортасына жобамен қойылады. Нивелирден рейкаға дейінгі ара қашықтық 30 м аспауы керек.
Рейкадан 1 мм дейін дәлдікпен есеп алынады. Әр екі жалғастырушы нүктелер арасында нивелирдің биіктігін өзгертіп екі рет биіктік анықталады. Бұл екі анықталған биіктіктің айырмашылығы 3 мм аспау керек. 1-разрядты нивелирлік жүріс тұйықталған болуы керек және тура, кері бағытта екі рет жүргізіледі. Екі бағыттағы жүріс қиылыспаушылығы, мм аспауы керек, мұн-дағы L жүрістің ұзындығы (периметрі), м.
1-разрядты нивелирлік жүрісті негізгі қазбалардың жұмыс барысында жылжуына сәйкес, әр бір 300-500 м сайын толықтырып отырады.
2-разрядты нивелирлік жүріс 1 разрядты нивелирлік жүрістерге жалғас-тырылып отырылады. Бұл нивелирлік жүрістің қиылыспаушылық қатесі 30 , мм аспауы керек.
2-разрядты нивелирлік жүрісті орындау кезінде мынадай істер жүзеге асады:
1. Бекеттерді қадалау;
2. Жалғастырушы нүктелер арасында биіктік анықтау;
3. Тексеру есептеулері;
4. Аралық бекеттер үстіне қойлған рейкалардан есеп алу.
Әр бір 10, 20 м сайын бекеттер белгіленіп, нивелирлеу реті бойынша, қазбалар қабырғасына немесе қазбаларды бекіткен құрсауларға қашаумен немесе арнаулы маркалармен бекітіледі. Нивелир аспабын жұмыс кезінде жалғастырушы нүктелердің (бекеттердің) ортасына жобамен қояды. Ниве-лирден жалғастырушы бекетке дейін ара қашықтық 50 м аспауы керек. Жұмысты жүргізу реті және оның журналға жазылу үлгісі төменде және 2-кестеде көрсетілген:
2-кесте. Нивелирлеу журналы
Күні 8 қыркүйек 2004 Күні 9 қыркүйек 2004
Қараған___________ Есептеген________
Жұмыс орны_________ Тексерген___________

Қосын реті

Бекет реті

Рейкадан алынған есеп

Өсімшелер



Орташа өсімшелер

Аспап деңгейі

Биіктік,м.

Алдың-ғы

Соңғы

Аралық

+

-

+

-

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

3

1471 (1)
1489 (3)



















-144.62

-146.090




8




1001(2)
0999(4)




470
471




470







-145.620




4







1430(5)
















-146.050




5







1400(6)
















-146.020




6







1290(7)
















-149.910




7







1180(8)
















145.800

=5300 -583.780




8

1200
1202



















-144.419

-143.620




12




1330
1332




130
130







130




-146.750




9







1161
















-145.580




10







1141
















-145.560




11







1281
















145.100




=3.583 -436.840






.

1.Нивелир аспабын қалыпты жағдайға келтіріп алғаннан кейін, дүрбіні “соңғы” (артқы) жақтағы жалғастырушы 3-бекетке нөлден басталатын жағы-мен қойылған рейканың қара жағынан есеп алады да 3-ші жолға жазады. Осы жұмысты қайталап, рейканың қызыл жағынан есеп алып, жазып (3) тексереді;


2. 8-бекетке қойылған рейканың қара және қызыл жақтарынан есеп алып, оны тексеріп 4-ші жолға жазады (2), (4). Әрі қарай, осы жұмыстарды аспаптың биіктігін өзгертіп қайталайды да тексереді. Жалғастырушы бекет-тер арасында істелген жұмыстың дұрыстығына көз жеткізген соң, осы бекеттер арасындағы биіктікті (өсімшені) есептейді. Аспаптың екі биіктік жағдайындағы есептелінген өсімшелер айырмашылығы 6 мм аспауы керек;
3.Рейканы аралық бекеттерге қойып, әр қайсысының тек қара жағынан есеп алып 5-ші жолға жазады (5), (6), (7), (8). Осымен бірінші қосындағы жұмыс аяқталады да нивелирді 2-ші қосынға ауыстырады. 8-ші бекеттегі рейка сол жерде қалып, “соңғы” (артқы) есеп алынушы болып есептелінеді, ал 3-ші бекеттен алынған рейка 12-ші бекетке ауыстырылады да “алдыңғы” есеп алынушы бекет болып есептелінеді.
Қазбаның биіктігін, қазба табанындағы арнаулы су ағардың (арықтың) тереңдігін анықтау үшін, әр бекеттің тұсында қазба төбесіне және су ағар табанына рейка нөл жағымен төмен қойылып, есеп алынып отырады да журналдың арнайы жолына (5) жазылып отырылады.


Жер асты маркшейдерлік жұмыстарын жүргізу
кезіндегі техника қауіпсіздігі
Маркшейдерлік түсірмелер екі немесе үш адамнан құрылған топпен жүргізіледі, яғни маркшейдер (түсіруші қызыметкер), жұмысшы қосалқы адамдар маркшейдерлік жұмыстарға көмекші (жұмыскер) ретінде техника қауіпсіздігі жөнінде арнаулы (сол мекемеде бекітілген) нұсқаулар алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Жер астындағы маркшейдерлік жұмыстар өте қауыпты ортада өтетіндігіне байланысты, оларды ерекше жағдайда өтеді:
-жұмыс орны тар, қосындарды, аспаптарды орнату алаңы шектелген;
-өлшем түрлері әр түрлі, күрделі жұмыстарды қазбалар ішінде жүргізу;
-жұмыс орнын жиі ауыстыру, жұмыс жүргізушілердің бір-бірінен алшақ тұруы;
-күрделі, жоғарғы дәлдікті аспаптармен жұмыс істеуге тура келетін-діктен маңайында болып жатқан құбылыстарды байқамай қалуы мүмкін.
Сондықтан жұмыс атқарушылардың барлығы жер асты жұмыстарының техника қауыпсіздігін, сақтану жолдарын, ерекше жұмыстар жүргізудегі қауыпсіздік түрдерін бұлжытпай орындаса ғана қауыпсіз жұмыс істеуге болады.
Студенттер техника қауіпсіздігін «Еңбекті қорғау» пәнінен және де оқу-тәжірибесіне, өндірістік тәжірибе жұмыстарына шығар алдында дәріс алып, сынақ тапсырады.
Жер асты түсірмелерін жүргізу кезіндегі қауыпсіздікті сақтау жолында келесі сақтану істерін қатаң еске ұстаған жөн:
1. Тәжірибе өтіп жатқан студенттердің жұмыс істейтін орындары, яғни қазбалар адамдар көп бара бермейтін шеткі, қауіптілігі жоғары (желдеткіші жоқ, қазбалар қабырғалары зақымданған, қазба ішімен көліктер жүрісі жиі т.б.) жерлерде маркшейдерлік жұмыстар Бас маркшейдердің (бөлім маркшей-дерінің) тікелей басқаруымен істелуі керек. Адамдар көп бара бермейтін қазбалар ішінде жұмыс істеу үшін, алдымен жетекші маркшейдер сол қазба ішіндегі ауа құрамын анықтауы керек;
2. Қосалқы шығатын жолдары жоқ қазба ішінде жұмыс істегенде желдеткіш жұмыс істеп тұруы керек. Газды шахталарда мұндай қазбаларға кіру алдында ауа құрамын арнайы аспаппен анықталғаннан кейін ғана рұқсат етіледі;
3. Көлікпен тасымалдау басталатын, аяқталатын жерлерде, үздіксіз тасымалдау жүретін қазбалар ішінде маркшейдерлік түсірмелер, тасымалдау жұмыстары толық тоқталғаннан кейін атқарылады. Көтергіш машиналар электр жүйесінен толық айырылып, тежегіштері қаңтарылып, олар туралы жауапты адамдар хабарланады. Көлікпен тасымалдау жұмыстары жетекші маркшейдердің өзінің рұқсатымен ғана маркшейдерлік іспен айналысып жатқан адамдар қауіпсіз жерге шыққаннан кейін басталады;
4. Маркшейдерлік қосындарды қауыпсіз жерлерге орнату керек. Орнатар алдында қазба төбесінде құлайын деп тұрған тастар, заттар жоқпа, қазба құрсаулары дұрыс бекітілгенбе соларға жіті көз жеткізуі керек. Қосындарды темір жол табанынан, троллей сымдарынан мүмкіндігінше алыс орнатады;
5. Биік қазбаларда тіктеуіштерді ілу, қосындарды бекіту үшін жарамды сатыларды, орындықтарды, т.б. құралдарды қолдану керек. Троллей сымда-рына жанаспау керек.
6. Алдыңғы, соңғы белгілерге рейка қоюшы, тіктеуішке жарық беруші жұмысшы тасымалдау көліктерінің жақындағанын іс жүргізушіге ерте ескер-тіп отырады. Іс біткенше көліктер жүрісі тоқтатылуы керек немесе көліктер өткенше түсіру жұмыстарын қоя тұрғандары жөн;
7.Жұмыс істеп тұрған машиналар мен жабдықтардың, жүріп бара жатқан көліктердің жанында немесе олардың үстінен өлшеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді;
8. Газды шахталарда электронды (қашықтық өлшегіш, гирокомпас т.б.) аспаптарды ашып жөндеуге рұқсатетілмейді;
9. Кен алу кеңістіктерін түсіру, қосындарды бекіту, аспаптарды орнату, өлшеу жұмыстарын жүргізу адамдар жүретін арнаулы жолдар үстінде немесе қауіпсіз жерлерден атқаруылы керек. Бұл жерлерде маркшейдерлік істерді жұмыстан тыс уақытта атқару ұсынылады.
10. Жоғарыдағы келтірілген қауіпсіздік жолдары, барлық жер асты маркшейдерлік жұмыстарының қауіпсіздігін қамтымайды. Олармен толық танысу тау-кен мекемелеріне орналасу алдында арнайы, түбегейлі оқып, үйренулері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет