Д кіріспе Ашық кен орындарын-дағы маркшейдер мамандығының алатын оыны, оның алға қойған мақсаты


Д.8. Карьерді жобалаудағы, салудағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар



бет13/21
Дата22.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#85767
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Д.8. Карьерді жобалаудағы, салудағы және қайта құрудағы маркшейдерлік жұмыстар.

Карьер құрлысын салу немесе қайта құру арнаулы мекемелер жасаған жобалар негізінде жүргізіледі. Техникалық жоба жасар алдында, карьер салынатын жер және тау-кен жұмыстары жүретін жерлердің орнын бөлу, анықтау құжаттарын жасайды.


Жобаға кіретін құжаттар: қазба-байлық орнының геологиялық есебі, кен қорының, топогеодезиялық, сызба жұмыстарының есептері және геологиялық сызба құжаттары, мұнда ірі масштабты пландар, тірек және түсіру торларының жүйесі, координаталар каталогы кіреді.
Маркшейдер жобаны жіті қарап, оның топографиялық және графикалық жұмыстарын тексеріп, қабылдап алады.
Карьерлерді салу кездерінде ор жолдарды салу, аршу, су ағарларды қадағалау маркшейдерлік жұмыстардың ерекшеліктерін құрайды. Маркшейдер жобадағы өлшемдерді, ор жолдардың остерін, жоғарғы жиектерін, табанының көлбеулігін жер бетіне түсіреді.
Бұл жұмыстар жоба негізіндегі өлшемдер арқылы салынады, олардың ішінде координаталары және бұрылу радиустары белгілі тірек қосындары бар ор жолдың планы, бұрылу бұрышының шамасы, қисық сызықты түйіспелі бұрылыстардың радиустары, ор жолдың ұзына бойының

12-сурет. Қия беттен (а) және жазық жерден (ә) ор жол


қазу

қимасы және оның жобалық көлбеулігі биіктік шамаларымен қоса беріледі.


Қия беттен ор жолды салудағы маркшейдерлік жұмыс жер бетінде әр 20-50 м нольдік жұмыс сызығын қадалаудан басталады, яғни жобалық деңгеймен жер бетінің қиылысу сызығының орнын табу. Бұл ұшін ор жолдың басталатын жерінің жобалық координатала-рын пайдаланып маркшейдерлік қосыннан өлшеу арқылы ор жолдың басталатын жерінен оның өсін жүргізеді де, оны І, ІІ, ІІІ бекеттермен бекітеді (12а-сурет).
Жазық жер бетінде ор жол (12ә-сурет) салу үшін, ағаш қазықтарды пайдаланып оның жоғарғы жиектерін қадалайды, ал оның өсін биік қазықтар қағып, көрсетіп қояды. Ор жол көлбеулігі әр 20-30 м сайын реперлермен өстің үстімен немесе біршама одан ауытқып, жанынан салынады.
Ор жолды қазу кезінде маркшейдер оның нақтылы жағдайларын түсіріп, қазып алынған жыныс көлемін, аумағын есептеп отырады.
Карьерді жобалау кезіндегі маркшейдерлік қызымет бөлімінің жасайтын жұмыс-тары және берілімдері. Карьерді жобалау кезінде маркшейдерлік бөлімнің қызыметкер-лерінің техникалық жоба және техникалық тапсырма негізінде жасайтын немесе келістіруге ұсынатын шамалары:
-карьер алабының өндірістік қоры және оның техникалық мінездемелері;
-карьер кемерлеріндегі жұмыс алаңдарының және сақтандырғыш бермалардың мөлшерлері;
-карьер тепкішектерінің тиянақты орналасу бұрыштары және олардың биіктіктері;
-карьер кемерлерінің жылжу шегі, жабу бұрышы;
-карьердің шектік тереңдігі, шектік және орташа аршу коэффициенті, карьердегі аршуды жабу коффициенті;
-пайдалы қазбаның, аршу жыныстарының, қалдырма белдеулердегі жыныстардың және олардың қопсыған күйдегі көлемдік салмақтары;
-үйменің орналасу орны (шекаралары) және оның сиымдылығы;
-темір, автомобильдік жолдардың көлбеулігі және бұрылу радиустары;
-технологиялық ғимараттар астында қалатын сақтандырғыш белдеулердің шамасы;
-жер бетіндегі негізгі ғимараттарды тау-кен жұмыстарын және кен сілемінің жер қойнауында орналасуын есепке ала отырып жобалау.
Карьерді жобалау кезіндегі өндірістік қор шамасын келесі түсініктен есептеп шығаруға болады. Бізге белгілі жалпы қазылатын тау жынысы (Г) кенді жыныстан (Д) және бос жыныстан ) тұрады,
Г= Д + В
Бірақ, кенді өндіру кезінде, кеннің біраз шамасы қайтарымсыз жоғалады (ашық кен өндірісі кезінде өндірістік кенді жоғалту, жоба бойынша 5-10 % жетеді ал, бос жыныстың кенді жыныспен араласып оның құнарсыз-дануы жоба бойынша 2-8 % жетеді).
А- кеннің бастапқы өндірістік қорының шамасы;
П- кенді өндіру кезіндегі жоғалту шамасы;
R- кеннің бос жыныспен араласып, құнарсыздануы;
В- аршу жұмысының толық көлемі.
Сонда карьерден алынатын кенді жыныстың шамасы,
Д = А – П + R ,
ал, үймеге тасымалданатын бос жыныстың шамасы,
В0 = B – R.
Анықталған кенді жыныстың және бос жыныстың шамасына қарап, карьердегі технологиялық жұмыстарды, аршу, өндіру сонымен бірге бос жынысты үймеге орналастыру жұмыстарын әрі қарай жобалайды.
Карьер тепкішектеріндегі жұмыс істеу алаңдарынжәне берманың шамаларын есептеу. Берма (сақтандырғыш берма)- деп тепкішек шетіндегі жіңішке алаңды айтады, бұл алаң кемерді бұзылудан, төменгі кемер алаңына жоғарыдан кенді, бос жыныстардың құлауынан сақтайды.
Берма жұмыс істеу алаңының бір бөлігі болып есептеліп, оны кемер элементтерін есептегенде қоса анықтайды. Кейбір тепкішектерде жұмыс алаңы болмасада, берманы есептеу қайткен күндеде жүргізіліп отырылады.
Берма шамасы әр жағдайда маркшейдерлік арнаулы бақылау, түсіру және кемерді құраушы жыныстардың физико-механикалық қасиеттері негізінде бекітіледі.
Кемердің қалыпты жағдайдағы құлау бұрышы- және кемердің көлбеу бұрышы- анықтай алатын берілімдер және кемерді құрайтын жыныстардың физико-механикалық қасиеттерінің негізінде әр қабат, әр блок т.б. технологиялық нысандар үшін құлау призмасын анықтайды. және бұрыштарын біле отырып, сақтандырғыш берма шамасын (а) табуға болады (14-сурет). P шамасы тепкішек кемерінің биіктігін (h) байланысты болады.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін қалыпты жағдайдағы жыныстың және тепкішек кемерінің орташа құлау бұрышын анықтай отырып, кемердің басқару төл құжатын жасайды.
Жұмыс алаңы-деп кен қазудағы технологиялық жұмыстар атқарылатын тепкішек алаңын айтады. Оның ені жұмыс істеп тұрған экскаватордың айналу радиусынан, темір жол өстерінің бір-бірінен ара қашықтықтарынан (егер тепкішек үстінде екі темір жол болса), сақтандырғыш берманың шамасынан тұрады. Жұмыс алаңын тепкішек биіктігін және жалпылама бұрғылап-жару кездеріндегі жыныстардың жан-жаққа шашырау қашықтығын есепке ала отырып анықтайды,
В = Б + С + х,
мұндағы, Б- сақтаныдырғыш берма ені (тепкішек кемерінің жоғарғы жиегімен қалыпты жағдайда тепкішек кемерінің құлауы мүмкін сызыққа дейінгі ара қашықтық);
С- қалыпты жағдайда тепкішек кемерінің құлау сызығынан темір жол өсіне дейін және темір жол өсінен үстіңгі тепкішектегі қопарылған жыныстың шашырау шегіне дейінгі ара қашықтық;
Р- тепкішекті қопарғандағы шашырау шегі.
Берманың есептелінген шамасы имперлік формуламен құрылған кестеден алуға болады,
Б = h1- tq(900- ) ,
мұндағы, h- тепкішек биіктігі; - тепкішектің құлау бұрышы.
Жоғарыдағы шамаларды анықтап алған соң, маркшейдер кемерді басқару төл құжатын жасайды да, ол бекітіліп болған соң жүйелі түрде оның параметрлерінің сақталуын жіті қадағалап отырады.
Аршуды жабу коэффициентін есептеу. Бізге белгілі болғандай карьерді қазу тереңдігі үлкейген сайын, аршу коэффициенті өзгере береді. Сондықтан карьерді жобалау кезінде әр уақытта тепе-тең, ретімен аршу жұмыстарын жоспарлау үшін, аршуды жабу коэффициентін кіргізеді.
Аршуды жабу коэффициенті-деп аршу көлемінің қазып алынатын кен жыныстарының көлеміне қатынасын айтады.
Мысалы, х- карьердегі жалпы аршу жұмысының көлемі, м3; у- карьерден қазып алынатын кен жынысының көлемі, т; k- аршуды жабу коэффициенті, сонда,
, м3/т .
Бұл коэффициент кен қазу жұмысына байланысты, аршу жұмысын салыстырмалы түрде тепе-тең, яғни бір тонна кенді қазып алуға кететін шығын, барлық уақытта бірдей болғанын қамтамасыз етуге бағытталған.
Уақытқа байланысты карьерді қазу кезінде шығаратын кен көлемі көп, ал аршу жұмысының көлемі аз жағдайлар болады: Бұл жағдайда аршуға кеткен шығын ерте ақталатын сияқты, бірақ аршу жұмысы көп, ал кен шығару көлемі аз уақытта келіп жетеді.
Аршуды жабу коэффициентін есептеу төмендегі ретпен орындалуы мүмкін,
а- есеп беретін жылдың басындағы жабылмаған аршу жұмысының қалдығы, м3 ;
в- алдағы жылдағы аршу жұмысының көлемі, м3 ;
k- жабу коэффициентінің жобалық шамасы, м3 ;
d- алдағы жылдағы өндірілетін нақтылы кен көлемі, т ;
с- есеп беретін жылдағы жабылатын аршу жұмысының көлемі, м3 ;
О- келесі жылда жабылатын аршу жұмысының көлемі, м3 .
Сонда, есеп беретін жылда жабылатын аршу жұмысының көлемі, с=kd, ал келесі жылға ауысатын жабылмаған аршу жұмысының көлемі,
О = a + в – с .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет