Дағды: Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына(бикске) салу


Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді. Дағды



бет3/121
Дата09.06.2023
өлшемі303,45 Kb.
#99930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Ескерту: шашты қиюды және қыруды қажет болған жағдайларда өткізеді.


Дағды : Гигиеналық себезгіні(душты) жүргізу.





«Гигиеналық себезгіні(душты) жүргізу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.

Жауабы


Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.





Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.





Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.





Әзірлеу: клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.





Клеенка алжапқышты тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.





Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.





Суды ағызыңыз (t 350-380С)





Пациентке шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.





Егер пациент өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: басын, денесін, қолдарын, шат аймағын, бұт аралығын, аяқтарын.





Пациентке себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура сол ретпен сүлгімен сүртіңіз.





Пациентке таза киімдерін кигізіңіз.





Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.





Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет