№
|
«Гигиеналық себезгіні(душты) жүргізу» тәжірбиелік дағдысын бақылау қадам тізбесі.
|
Жауабы
|
|
Мақсаты: жеке бас тазалығын сақтау, аурухана ішілік жұқпаны алдын ала ескерту.
|
|
|
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
|
|
|
Қарсы көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфарктісі, ми қан айналымының жедел бұзылуы.
|
|
|
Әзірлеу: клеенка алжапқышты, резеңке қолғапты, щетканы, шомылғыны тазалайтын заттарды, зарарсыздандыратын ерітіндіні, су термометрін, сабынды және жөкені, сүлгіні, таза іш киімдерді, резеңке кілемшені.
|
|
|
Клеенка алжапқышты тағыңыз, қолғаптарды киіңіз.
|
|
|
Желдеткішті жабыңыз, себезгі бөлмесінің еденіне резеңке кілемшені төсеңіз, себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазартатын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
|
|
|
Суды ағызыңыз (t 350-380С)
|
|
|
Пациентке шешінуге көмектесіңіз және оны шынтақ астынан ұстап себезгі бөлмесінде қойылған табуретке отырғызыңыз.
|
|
|
Егер пациент өз бетінше жуына алмаса, онда сабынды және жөкені қолдана отырып, оны келесі ретпен жуыңыз: басын, денесін, қолдарын, шат аймағын, бұт аралығын, аяқтарын.
|
|
|
Пациентке себезгі бөлмесінен шығуға көмектесіңіз, оны тура сол ретпен сүлгімен сүртіңіз.
|
|
|
Пациентке таза киімдерін кигізіңіз.
|
|
|
Себезгі бөлмесінің еденін щеткамен және тазалайтын заттармен мұқият жуыңыз, зарарсыздандыратын ерітіндімен тазартыңыз.
|
|
|
Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандырыңыз.
|
|