Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет25/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101
ләм якун ләһу шәрикун фил-мүлки» 
(Барлық мадақ Аллаһқа арналады, Оның ешқандай 
баласы да, серігі де жоқ) («Исра» сүресі, 111-аят)
61

Тағы бір өсиетінде: «Балаларыңа алғаш үйрететін 
сөздерің  «Лә  иләһә  иллаллаһ»  болсын.  Қайтыс  болар 
сәтінде де осы сөзді айтқызуға тырысыңдар
62
, – дейді. 
Яғни, сәбидің тілі шыққанда алғаш сөйлеген сөзі «Лә 
иләһә  иллаллаһ»  болса,  онда  тақуа  өмірге  жол  ашы-
луы  мүмкін.  Баласының  тақуа  болғанын  қай  ата-ана 
тілемейді  дейсіз.  Пайғамбарымыздың  балаларымызға 
жақсы  сөздерді  айтуға  үйретіп,  үнемі  жанға  жайлы 
сөздерді  құлағына  құйып  отыруды  өсиет  етуі,  сірә, 
сондықтан  болса  керек.  Сахабалар  да  осы  жастағы 
балаларына  «Лә  иләһә  иллаллаһ»,  «Әмәнту  билллаһ, 
кәфәрту биттағути» деген сияқты иманға қатысты қысқа 
сөздерді  7  мәрте  қайталатып  жаттататын  болған.  Де-
мек, осы жастағы балаларға «Дінім – Ислам», «Раббым 
61
  Ибн Әби Шәйбә, әл-Мусаннаф, 1-т., 248-б.
62
  Абдурраззақ, әл-Мусаннаф, 4-т., 334-б.


57
Сәбидің дүниеге келуі
–  Аллаһ»,  «Пайғамбарым  –  Мұхаммед»  деген  сияқты 
қысқа сөз тіркестерін үйретуге болады. 
Осы  кезеңнен  бастап  баланың  бойында 
қызығушылық қабілеті артып, қасындағыларға сұрақты 
оқша жаудыра бастайды. Бұл қоршаған әлемді тануға 
тоймайтын  баланың  рухани  дүниесін  азықтандыруға 
оңтайлы кездің басталғанын білдіреді. 
Екі  жасынан  асқан  баланың  суретті  кітаптарға 
деген  қызығушылығы  артады.  Ертегі  тыңдағанды 
ұнатады. Суреттердегі нәрселердің аттарын қайталайды. 
Ертегідегі  адам  аттарын  есіне  сақтап,  тіпті  оның  не 
істегенін өзінің түсінігі бойынша айтып та бере алады. 
Сондықтан  баланың  осы  қабілеттерін  ескере  отырып, 
дінге,  адамгершілікке  қатысты,  қоршаған  ортаға  бай-
ланысты  суреттері  бар  кітаптарды  алып,  оның  таны-
мын кеңейтуге болады. Сондай-ақ баланы жақсылыққа 
тәрбиелейтін  ертегілерді  айту  керек.  Балаға  ұнаған 
ертегіні  қайталап  айтудан  жалықпаған  жөн.  Бұл 
баланың  есте  сақтау  және  ойлау  қабілетін  арттырады 
әрі сөйлеу қабілетін жетілдіруге көмектеседі.
Өтпелі  кезеңді  тәмамдап,  бала  үш  жасына  аяқ 
басқанда, сіз үшін «алтын кезең» іспеттес күндер баста-
лады. Қасыңызда томпаң қағып жүгіріп жүрген өрімдей 
бүлдіршін сізбен әңгімелескенді жақсы көреді. Себебі, 
үшке толған бала айналасымен оңтайлы қарым-қатынас 
құра  алады.  Ата-анасына,  бауырларына  ұнайтын 
қылықтар жасайды. Бұл жас − оны белгілі бір тәртіпке 
үйретуге ең ыңғайлы кезең. Ғалымдар 2-3 жастағы ба-
лаларды кез-келген әдетке дағдыландыруға бейім деп 
санайды. Бұл кезде тамақты өзі жеуді үйренген балаға 
өзінің  алдынан,  оң  қолмен  жеу,  үлкендер  бастамай 


58
Исламдағы бала тәрбиесі
тұрып асқа қол созбау секілді сүннет әдептерін үйретуге, 
ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулуға болады. 
Үш  жасында  баланың  әңгімелер  мен  мультфиль-
мдерге  деген  қызығушылығы  артады.  Осы  сәтті  пай-
даланып, оған мейірімділік пен әдепке баулитын діни-
тәрбиелік мәні бар көркем суретті дүниелер көрсеткен 
абзал.  Бір  ескерте  кетерлігі,  қазіргі  таңда  көптеген 
жанұялар,  әсіресе  аналар  теледидарды  «бала  күтуші» 
ретінде қолданады. Қолдары тимей жатқан кезде бала-
ны теледидардың алдына отырғызып қояды. Тіпті бала 
4-5  жасқа  келгенде  күнұзақ  теледидардың  алдында  
отырса  да  оған  мән  бермей,  әйтеуір  менің  үй  шаруа-
ма, істеріме кедергі етпесе болғаны деп ойлайды. Тіпті 
баласын қасынан қуып, «бар, отырып теледидар көр» 
дейді. Осылайша баланы қара жәшіктің тәрбиесіне тап-
сырып, соның алдына шегелеп қояды. Ал үлкендердің 
бақылауынсыз  теледидарды  айналдырған  бейкүнә 
бүлдіршіннің  санасына  тәрбиеге  жат  көріністер  сіңе 
бастайды.  Тіпті  күнұзақ  мүл-дем  тәрбиелік  мәні  жоқ 
көркем суретті туындыларға байланған баланың ойлау 
қабілеті де төмендей түседі. Қазіргі мультфильмдердің 
көпшілігі  шым-шытырық,  атыс-шабыс,  ұрыс-төбелес 
сияқты көріністерге толы. Тап-таза бейне таспа секілді 
сәбиіміздің  санасын  осылайша  өз  қолымызбен  улап 
жатқанымызды  байқамаймыз.  Осыдан  барып  ата-
анасын  тыңдамайтын,  ешкімге  жұғымы  жоқ,  тек  өз 
айтқаным  болсын  дейтін  менменшіл,  қатігез  ұрпақ 
өседі.  Бұл  жағдайда  бала  тәрбиесіне  теледидар  емес, 
ата-аналар жауапты екенін ұмытпаған жөн. 
Осы  кезеңдерде  балаға  қысқа  да  болса  пайда-
лы  нәрселер  үйреткен  жөн.  Үш  жастағы  бала  қысқа 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет