Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет37/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101
Сәбидің дүниеге келуі
Бұл  жастағы  баланың  биологиялық  жағынан 
жетілуі оның психологиясының қалыптасуымен тығыз 
байланысты. Мінез-құлқындағы үлкен ерекшелік – өте 
сезімталдығы. Айтқанды тез қабылдап, әрі соған орай 
өзінің көңіл күйін (қуану, ренжу, таңдану, т.б.) білдіреді. 
Бірақ әлі шын еріктілікке жетпегендіктен, өздерін дұрыс 
ұстай алмайды. Ақылға қонымды яки қонымсыздығына 
қарамай ойын бірден айта салады. Ой тежеу жүйесінің 
әлсіздігінен оларда алаңғасарлық мінез басымдау бола-
ды. Сондай-ақ 7 жастағы бала көркем сөйлеуді ұнатып, 
әрі бойынан шындықты білуге құштарлық, еліктегіштік 
қасиет көріне бастайды.
Осы жас аралығын «үйрену кезеңі» деп те атауға 
болады.  Себебі,  бұл  жастарда  баланың  рухани  жан 
дүниесі үйренуге және үйренген мәліметтерін зейінінде 
жинақтап,  қорытып,  ой  жүгіртуге,  сезімдері,  ой-
пікірлері және іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік өмірге 
бейімделуге  оңтайлы  келеді.  Қысқаша  айтсақ,  жеті 
жасар  бала  жүйелі  түрде  тәлім-тәрбие  алуға  рухани 
тұрғыдан дайын.
Жеті  жастың  ата-ана  үшін  ең  қолайлы  жағы: 
баланың түсінік айту қабілеті барынша дамығандықтан, 
өзі  туралы  айта  алатын  жағдайға  қол  жеткізеді.  Ал 
олармен шынайы әңгімелесу барысында олардың діни 
сезімдері мен пікірлерін біле аламыз. 
Жеті  жасар  баланың  иманы  даму  үстінде 
болатындықтан,  балалардың  діни  терминдерді 
үйренулері,  оларды  сөйлеу  тілінде  қолдануы  да  арта 
түседі. Олар өздерінің сенімдері жайлы сөз ете бастай-
ды. Аллаһ тағаланың бәрін көріп-бақылап тұратынын, 
әрбір  ісіне  жәрдемдесетінін  ойлана  алатын  жағдайға 
жетеді. Бұл жастағы баланың дұғасында өзі үшін тілек 


84
Исламдағы бала тәрбиесі
тілеуден  гөрі  Аллаһ  тағалаға  алғыс  айту  басымдау 
келеді. Дұғаларында сезімге берілу байқалады. Сондай-
ақ  тілектері  ақыл-ойға  қонымды  бола  бастайды.  7-10 
жас аралығында балалардың мінез-құлқы тұрақтанады. 
Оның  жақсы  мінез-құлықтарды  бойына  жинақтауына 
сол  аралықта  дами  түскен  діни  дүниетанымы  да  өз 
әсерін тигізеді. 
Бастауыш мектеп кезеңіндегі бала физиологиялық-
психологиялық  тұрғыдан  жетілген  сайын  бойында 
өзімшілдік  қылықтар  азайып,  қоғамдық  белсенділікке 
қарай  қадам  басады.  Әсіресе,  8-10  жастарда  баланың 
әлеуметтік,  рухани  және  эстетикалық  қабілеттері 
бой  көрсетеді.  Егер  жан-жақты  дамуға  мүмкіншілік 
жасалса,  осы  жастың  өзінде  балалардың  даналыққа 
қадам басатындықтарына күмән жоқ. Мысалы, Құран 
Кәрімде  Яхия  пайғамбар  (а.с.)  жайлы:  «Уа,  Яхия! 
«Кітапқа  барынша  беріл»  деп,  бала  кезінің  өзінде 
оған үкім, жұмсақ жүрек және саф көңіл бердік. Ол 
Аллаһтың  алдында  тақуа  еді»
74
  –  дейді.  Аят  бойын-
ша  бала  жаста  оған  берілген  «үкімнің»  кейбір  тәпсір 
кітаптарында  даналық,  білім,  пайғамбарлық  екені, 
ал  кейбіреулерінде  байсалдылық,  ынта,  жақсылыққа 
құштарлық, жақсылық жолындағы жанкештілігі екені 
айтылады.  Ал  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
бір  хадисінде:  «Бауырым  Яхияға  Аллаһ  тағаланың 
рақымы  жаусын!  Балалар  оны  ойынға  шақырғанда, 
әлі сегіз жасында болса да, «Ойын үшін жаратылған 
жоқпын ғой», − деген. Күнәлары дәптерге жазылатын 
жасқа  жетпеген  бала  осылай  десе,  ол  жастан  асқан 
адам не деу керек?»
75
 – деп, Яхия пайғамбардың сегіз 
74
  «Мәриям» сүресі, 12-13-аяттар.
75
  Ибн Кәсир, Тәфсир, IV-т., 442-б.


85
Сәбидің дүниеге келуі
жасында-ақ хикметті сөз айта алатындай қабілетке қол 
жеткізгені баяндалады. 
Осы кезеңнің соңына қарай, яғни 10 жастағы бала 
дамудың  шыңына  қадам  басады.  Физиологиялық-
психологиялық тұрғыдан айтарлықтай жетілгендіктен, 
үлкендермен  қарым-қатынастарында  тепе-теңдікті 
сақтап,  тіл  табыса  алатын  дәрежеге  жетеді.  Қысқасы, 
10 жас − балалықтың ең бақытты шағы.
Баланың  7-10  жас  аралығы  діни  тұрғыдан  мына 
маңызды  қасиеттерге  ие:  бұл  кезеңде  баланың  бо-
йында  ар-ождан  қалыптаса  бастайды,  адамгершілік 
түсінігі дами түседі. Әсіресе 7-9 жасынан бастап бала 
жаман-жақсы, дұрыс-бұрысты ажырата бастайды. Осы 
кезеңде  өзіне  нағыз  үлгі  аларлық  адамды  таңдауды 
қажетсінетіндіктен,  үлкендер  де  мұны  қаперде 
ұстағаны  жөн.  7-10  жас  аралығындағы  балалардың 
діни түсініктерінде де едәуір тереңдік байқалады. Олар 
Аллаһ тағаланы бәрін жаратқан, бәрін білетін, көретін, 
еститін,  сансыз  нығметтерді,  ризықты  адамдарға 
беретін,  құлдарына  жаны  ашып,  шексіз  мейірімін 
төгетін, күллі әлемді жаратқан Ұлы Жаратушы ретінде 
таниды.  Бұл  жастағы  балаларға  Аллаһ  тағаланың  бар 
әрі жалғыз екенін, Оның серігінің жоқ екенін түсіндіру 
үшін  көбінесе  көру-бақылау  әдісін  қолданған  тиімді. 
Мысалы,  Аллаһ  тағаланың  жаратқан  нәрселеріне  зер 
сала  қарап,  жаратушылық  сипатын  түсіндіруге  бола-
ды. Жақсылық пен әділеттігіне мысалдар келтіре оты-
рып,  Рахман  (аса  рақымды),  Рахим  (тым  мейірімді) 
және  Адил  (әділ)  деген  көркем  есімдерді  түсіндіріп, 
сүйіспеншілігін  арттыра  түсу  керек.  Мысалдарды  ба-
рынша  өмірден  алып,  баланың  өзін  ғаламның  жара-
тылысы  жайлы  ойлануға  жетелеп,  ізденуіне  жол  ашу 


86
Исламдағы бала тәрбиесі
керек.  Баланың  айналасындағы  жаратылыстың  түр-
түсі, сұлулығы, жүйелілігі мен тәртібін аңғаруы Аллаһ 
тағаланы  тануға  ынтасын  арттырып,  сүйіспеншілігін 
оятады. 
Жеті  жасқа  дейін  балалық  кезеңде  бала  көргенін 
қайталағыш,  еліктегіш  келеді.  Түрлі  ойындарға 
құмартып,  егер  сіз  онымен  ойнасаңыз,  ол  да  сізбен 
ойнағысы  келіп  тұрады.  Бұл  жастан  асқанда  сана-
сезіміне,  ұғымталдығына  қарай  ұлттық  әрі  рухани 
құндылықтарды жайлап сіңіре бастайтын уақыт келеді. 
Бұл – нағыз Құранды үйрететін кезең. Бұдан кейін оның 
парасат пайымына қарай харам мен халалды ажырата 
білуге үйренетін кезең келеді, бұл кезеңнің мерзімі де 
әуелгісіндей деуге болады.
Ендігі  жерде  оны  қолынан  жетектеп,  сол  өмірге 
қадам  бастыру  керек.  Оны  кейде  түсіндіру,  ынталан-
дыру,  қызықтыру  арқылы,  енді  бірде  ескерту  жасау 
арқылы іске асырасыз. Демек, белгілі бір жасқа дейін 
көбінесе  үлгі-өнеге  болу  арқылы  санасына  сіңдіретін 
болсақ, одан кейін ақыл деңгейі мен ойлау қабілетіне 
қарай мәселелерді ашып, түсіндіре бастағаныңыз жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет