Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет47/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101
барлық құбылыстың Аллаһтың ғана қолдауымен бола-
тынын түсіндіресіз. Сана-сезімі әбден толысқан балаға 
нақты  ғылымдарға  тән  дәлелдерге  сүйене  отырып, 
оның деңгейіне сай Аллаһты танытып, сүйдіресіз. 
Балаға  бізді  орасан  нығметке  бөлеген  Аллаһтың 
шапағатын,  Рахмандығы  мен  Рақымдылығын  түсін-
діру өте маңызды. Аллаһтың бізді қалай қоректендіріп, 
қалай асырап отырғанын түсіндіріп, бізге қаншалықты 
сүйіспеншілікпен қарайтындығын сездіру қажет. «Ол 
өте  мейірімді,  бізді  қорғайды,  күллі  бәле-жаладан, 
жамандықтардан  сақтайды»  деп,  баланың  Аллаһқа 
деген сенімі мен махаббатын ояту керек. Тіпті жаңа 
туған  нәрестенің  де,  қала  берді  құрт-құмырсқаға 
шейін  Аллаһтың  мейірім,  рақымдылығымен  тіршілік 
ететінін  жақсылап  айтып  жеткізіп,  баланың 
имандылыққа бетбұруына жағдай жасаған жөн. 
Сонда  бала  барлық  игіліктің  иесі  Аллаһ  екенін 
біледі.  
Алайда осы жайттардың барлығында да баланың 
жас мөлшері есепке алынуы қажет. Мәселен: 


112
Исламдағы бала тәрбиесі
«Аллаһ болмаса, алма ағашы жеміс бермейді.
Аллаһ болмаса, жануарлардан сүт шықпайды. 
Аллаһтың рақымы болмаса, көктен жаңбыр жау-
майды. 
Ол мейірімділік танытпаса, жерге шөп бітпейді. 
Аллаһ қаламаса, біз сөйлей алмаймыз. 
Аллаһ күлдірмесе, біз күле алмаймыз. 
Аллаһ естіртпесе, біз ести алмаймыз. 
Асқазанымыз да, жүрегіміз де жұмыс істемейді. 
Бұларды біз жасаған жоқпыз, барлығын да Аллаһ 
жаратты. 
Барлығы Соның басқаруында. 
Ендеше, балам, осы жақсылықтарды бізге берген, 
Аллаһқа шүкіршілік айтуымыз керек. 
Егер  шүкір  етсек,  берген  несібелерін  арттыра 
түседі. 
Ал мұнша жақсылықтардың қадірін білмесек, 
Онда  соған  зар  болып  қаламыз
103
  −  деп  үнемі 
шүкіршілігімізді жаңартып отыруымыз керек. 
Иә, осылардың барлығын іс-әрекетімізбен, айтқан 
сөздерімізбен,  қас-қабақ,  шын  ықылас-пейілімізбен 
балаға сездіруге тырысуымыз керек. 
Дінде  қастерлі  саналған  нәрселердің  барлығы 
ерекше  әспеттелуі  тиіс.  Мәселен,  Қағба  –  қасиетті 
мекен. Қағба аймағына кіргенде немесе нұрлы Мәдинә 
қаласына жақындағанымызда, ерекше бір құрметпен 
аяқ басуымыз керек. Аллаһ елшісі жүріп өткен жерлер-
ге «Бұл жерлерде аяқкиіммен не көлікке мініп жүруге 
болмайды» деп Имам Маликтің құрмет көрсеткеніндей 
құрмет жасау керек. Имам Малик алыс жерден келіп 
103
 «Ибраһим», 14/7.


113
Сәбидің дүниеге келуі
Мәдинаның  аймағына  кіргенде,  Мәсжиди  нәбәуиге 
(Пайғамбарымыздың мешіті) немесе басқа бір мешітке 
хадис үйретуге барарда көлігінен түсіп, жалаңаяқ ба-
ратын. Міне, балаға Қағбаның қасиеттілігін ұқтыра 
білу  үшін  бойымызда  осындай  терең  құрметтің  бар 
екенін  сездіру  қажет.  Әрине,  мұны  көрген  баланың 
Рауза  и  тахира  (пәк  мешіт)  мен  сахабаларға  деген 
құрметі арта түседі. 
Осы  тұста  тағы  бір  мәселеге  көңіл  аудартқым 
келеді. Сіз Аллаһтың бар екенін физика, химия, астро-
номия  арқылы  мысалдар  келтіріп  қанша  дәлелдеуге 
тырыссаңыз  да,  күнделікті  өмірден  мысалдар  бере 
алмасаңыз, бұл баланың санасына жетпеуі мүмкін, әрі 
сіз  айтпақ  болған  діни  мәліметтер  оның  санасында 
пәлсапалық теориялардың деңгейінде қалып қояды. 
Сіз  түсіндірген  я  түсіндіретін  ұлттық  қасиет-
термен  қатар  діни  құндылықтар  тарихтың  белгілі 
бір кезеңдерінде шынымен көрініс тапқанын көрсете 
алмасаңыз,  мұның  барлығы  утопия  сияқты  көрінуі 
мүмкін. Бұл оқиғалардың өмірде болғанын нақты мы-
салдармен көрсетуге тырысқан жөн. 
Ғаламның  айғақтарын  (аяты  тәкуиния)  зерде-
леу  деңгейінде  жүрегіңіздегі  тақуалық,  Аллаһқа  де-
ген  махаббат,  мешітте  қылған  құлшылығыңыз,  бала 
танымында үлкен әсер қалдырып, ішкі сенімін бекіте 
түседі. 
Азан – намаздың ұлылығының белгісі, мұсылман-
дықтың  ең  айшықты  рәмізі.  Егер  сіз  балаңызға  осы 
негізде  толық  тәрбие  бере  алсаңыз,  олар  да  азан 
шақырған кезде көздері жасаурап, бойын үреймен қоса 


114
Исламдағы бала тәрбиесі
сүйіспеншілік билеп айрықша толқыған сәтіне куә бо-
ласыз. 
Қорыта  келе  айтарымыз,  үйімізде  жасайтын 
ғибадатымыз  ешқашан  үзілмеуі  тиіс.  Баланың  ойы-
на  ұялаған  дінге,  руханиятқа  қатысты  қандай  да 
бір  күмәнді  сұрақтарына  дереу  тұшымды  жауап-
тар  берілуі  керек.  Шаңырағымызда  Аллаһ  тағалаға 
жақындай түсетін, жарқын үмітке толған жанары-
мызбен Ұлы Жаратушыға иек артып, көңіліміз қайғы-
мұңға  толып  толқитын  белгілі  бір  уақытымыздың 
болуы  қажет.  Сол  сағатта  баламыз  бен  әйеліміздің 
жүзінде үйімізге Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 бас 
сұғатындай әсер болуы керек. 
Бала берген тәрбиеңіз арқылы дарыған баға жет-
пес құндылықтардың жемісін болашақ өмірінде көріп, 
сізге шынайы алғысын білдіріп, дұғасын арнайтын бо-
лады. 
Қасиетті ұғымдарға құрмет – дінде ұлықталған 
құндылықтарды  сіздің  де  сөз  жүзінде  әрі  іс  жүзінде 
қадір тұтуыңыз. Сонда ғана олардың дінге деген дұрыс 
ой-пікірі  қалыптасады.  «Аллаһу  әкбардағы»  Аллаһ  ең 
ұлы  деген  сөз  шын  мәнісінде  жүректеріне  жетеді. 
Сонда ғана сіз өзіңізді бақытты сезінетін боласыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет