Жауап парағы Парақ ұяшықтарында барлық сұрақтарға жауап жазылады (қосу және алу таңбаларымен)
Мерзімі:
Мектебі:
Аты-жөні:
Сыныбы:
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
«Ой-өрістік портрет» әдістемесі «Ой өрістік портрет» әдістемесі мұғалімдерге арналған. Бұл әдістеме баланың ақыл-ой қабілеттері туралы барлық пікірлерді жүйелендіруде көмегін тигізеді. Мұндағы бағалау көрсеткіштері баламен өзара әсерлесу барысында байқалған негізгі ой операцияларының негізгі сипатын анықтайды.
Берілген әдістеме мұғалімдер мен ата - аналарға арнайы дарындылық диогностикасының басқа әдістемелері сияқты классикалық психодиогностика әдістемелерін қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды, керісінше, психодиогностикалық әдістемелер кешенінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Танымдық сала Ойлаудың түп нұсқалылығы - бұл кең таралған, белгілі, бұрынан қалыптасқан ойлардан бөлек ерекше, жаңа, тосын ойларды ұсыну қабілеті. Ол баланың мінез-құлқы мен ойлауында, құрбыларымен үлкендермен арақатынасында жалпы барлық іс - әрекетінде көрініс табады.
Ойлау икемділігі - шешімнің жаңа жолдарын оңай әрі жеңіл табу, жобалық байланыстарды орнатып, бір құбылыс түрінен екіншісіне мазмұнына байланыссыз көшу қабілеті.
Өнімділік немесе ілеспелік - бірнеше ойларды жинақтап, күшейте алу қабілеті. Түрлі мәселелер мен қызмет өнімдерін шешудегі баламалар санымен сипатталып, бағалана алады. Талдау мен синтездеуге қабілеттілік. Талдау-ақпаратты ретпен, логикалық, сызықтық түрде дәл өңдеп, құрамдас бөліктерге жіктеу.
Жіктеу мен деңгейлендіру - бірегей обьектілерді түр, топ және деңгейлеге жинақтаутын жаңа ақпаратты құралымдауға шешуші маңызға ие психикалық процестер болып табылады. Арнайы логикалық тапсырмалардан бөлек, баланың түрлі іс - әрекетінде, мысалы, алынған мәліметтерді жинастыру мен жүйелендіруге ұмтылыс.