Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н



бет18/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Нәтижені талдау
Әр сұраққа 5 секундтан уақыт берілді 50 секунд.
Уақытында айтылған дұрыс жауапқа-5 ұпай
Уақытында айтылмаған дұрыс жауапқа -2,5 ұпай
Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай
Баланың тапқырлығы, ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.
50 ұпай-өте жоғары
48-49 ұпай-жоғары
25-40-ұпай-орташа
12-15 ұпай-төмен
0-3 ұпай-өте төмен
Зерттеу хаттамасы
Оқушының аты-жөні__________________________ Жасы_________
Сынып____________ Жынысы______ Күні______________



Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтиже

1





2





3





4





5





6





7





8





9





10





Көркемдік іс-әрекеті
Әдістеме: Күлдіргі ойыншықтар
Мақсаты: суретсалуға қажетті білім және іскеліктер деңгейін анықтау.
Өткізілу барысы: Әдістемені өткізуде Күлдіргі ойыншықтар деп аталатын кітапша пайдаланылады. Кітапшада бейнеленген ойыншықтардың бет келбеті жылаған, күлген, қорыққан және т.б. кейіпте болады.
Тапсырма. Балаға бірде жылаған, бірде күлген, бірде қорыққан кейіпті көрсететін ойыншықты бейнелеу тапсырылады.
Нәтижені талдау
Бала салған сурет төмендегі өлшемдер бойынша талданады.
Талдау критерийлері:
1. Бейнені кеңістікте бере білуі.
2. Кейіпкердің образын көрсететіндей оның өзіне ғана тән кейбір даралаушы бөліктерін бейнелей білуі.
3. Түрлі-түсті бояуларды тиімді пайдалана білу.
Әдістеме: «Сюжетті сурет салу»
Мақсаты: сурет салуға қажетті білім және іскерліктер деңгейін анықтау.
Өткізілу барысы: Әдістемені өткізуде А.Құнанбаевтың «Күз» атты өлеңі пайдаланылады.
Тапсырма. Балаға шығарманың мазмұнын сезініп, әрі соны беру ұсынылады.
Нәтижені талдау
Суретті, біріншіден, шығарма мазмұнын мәнерлеп бере білуі бойынша, екіншіден, шығармада автор пайдаланған бейнелеу тәсілдерін баланың бере білуі бойынша, үшіншіден, әр түрлі түстің үйлесімдерін пайдалана білуі бойынша талдау керек.
Әдістеме «Декоративтік сурет салу»
Мақсаты: сурет салуға қажетті білім және іскерліктер деңгейін анықтау.
Өткізілу барысы. Балаға әжесінің сандығын ою-өрнектермен әшекейлеу ұсынылады.
Нәтижені талдау
Суретті, біріншіден, өрнектерді орналастыруы бойынша, екіншіден, қылқаламмен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін меңгеруі бойынша, үшіншіден, ою-өрнек түрінің саны бойынша, төртіншіден, әр түрлі түстің үйлесімдерін пайдалана білуі бойынша талдау керек.
Әдістеме «Жапсыру»
Мақсаты: Жапсыру жұмысы үшін қажетті білім, іскерлік және дағдысының деңгейін анықтау.Өткізілу барысы. Балаға «Әжемнің кілемі» тақырыбы бойынша жапсыру жұмысын орындау тапсырылады.
Нәтижені талдау
Бала орындаған жұмысты, біріншіден, қайшымен жұмыс істей білу
іскерлігі бойынша, екіншіден, түстерді ұтымды таңдай білу іскерлігі
бойынша, үшіншіден, композицияны сезіне білуі бойынша талдау
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет