Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж



бет4/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бақылау сұрақтары:

  1. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері.

  2. Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы.



Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Тақырыпқа байланысты глоссарий жазу.
Дәріс № 2


Тақырыбы: Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
Тапсырманы орындауға нұсқау.
Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары. Жеке оқу пәндерінің мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат - әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті кісіні тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды. Мектеп жасөспірімнің бойына азаматтық борыш, елі мен жерінің тағдыры үшін жауапкершілік қасиеттерді сіңіреді, шығармашылықпен еңбек етуге, өзін-өзі басқаруға әзірлейді.
Химия пәні де оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек және т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері. Оқытудың мақсаты дегеніміз – жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім.
Химиядан білім берудің бірінші міндеті – химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.
Химиядан білім берудің екінші міндеті – пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Химиядан білім берудің үшінші міндеті – табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру.
Химиядан білім берудің төртінші міндеті – орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу.
Химиядан білім берудің бесінші міндеті – химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олырдың оқылу ретін белгілеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет