236
Шейіт
болған
мұсылманның
туған-туыстары
пайғамбарымызға
шағымданып, көмек сұрайды.
Пайғамбарымыз Бәни Қайнұқалардың басын қосып, иманға келуге
шақырады. Бұлайша бет-албат, ойларына келгенін жасауды тыймаса,
Бәдірдегі мүшріктердің халі бастарына келетінін ескертеді. Яһудилер мұны
да місе тұтпайды.
"Уа, Мұхаммед! Сен нағыз шайқастың не екенін білмейтін
әлдебіреулерді жеңгеніңе малданба. Біз олар сияқты емеспіз. Соғысудың
қыр-сырын жақсы білеміз. Бізбен соғыссаң, сонда ғана біздің кім екенімізді
түсінетін боласың", - деп жамырай шуласып, тарайды.
Өркөкіректеніп, паңдана сөйлеген яһудилердің барар жері Аллаһтың
аятында аян болды. Али Имран сүресінің 12-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: