Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР



Pdf көрінісі
бет155/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАР 
Рамазанда ораза тұту - парыз болды. 
Қасиетті Рамазан айында ауыз бекіту пайғамбарымыздың Мәдинаға 
хижретінің он сегізінші айында, яғни шағбанда парыз боп әмір етілді. 
Құбыла Қағбаға қарай өзгертілгелі бір айдай уақыт өткен. Аллаһтан түскен 
аятта былай делінеді: 
"Ей, иман келтіргендер! Сендерге дейінгілерге (үмметтерге) парыз 
қылынғаны сияқты, сендерге де тақуаны арттыру, (нәпсілеріңді жеңу) үшін 
ораза - парыз... Рамазан айы (ерекше ай) адамдарға тура жолды көрсететін 
ашық аяттар жазылған, хақ пен нақақты айырған Құран осы айда түсті. 
Онда, сендерден кімде-кім осы айға аман-есен жетсе, (осы айда) аузын 
бекітсін. Кімде-кім сырқаттанса немесе сапарда жүрсе, (ораза) тұта алмаған 
күндерін басқа күндерде қаза қылсын. Аллаһ сендерге қиындық тілемейді, 
тек жеңілдік тілейді." (Бақара сүресі, 183-185). 
Рамазанда ораза ұстау - Ислам дінінің негізгі бес шартының біреуі. 
"Ислам бес негізге сүйенеді: 1.Аллаһтан басқа Тәңірдің жоқтығына 
және Мұхаммед оның Расулы екендігіне илану; 2.Намаз оқу; 3.Зекет беру; 
4.Қажылыққа бару; 5.Рамазанда бір ай ауыз бекіту." 
Пітір садақасы - уәжіп 
Рамазанда ораза тұту парыз деп бұйырылған жылы аталмыш айдың 
соңында пітір садақасын беру уәжіп екендігі бекітілді. 
Пайғамбарымыз үлкен-кіші, ерікті не құл, еркек, әйел деместен әрбір 
шамасы жеткен мұсылманға рамазандағы айт намазына дейін белгілі бір 
мөлшерде пітір садақасын кедей-кепшікке үлестіру қажеттігін ескертті. 
Тарихтағы тұңғыш айт намазы 
Шәууал айы туып, күн төбеге көтерілгенде Пайғамбарымыз 
мұсылмандарға оразаларын ашып, айт намазға жиналуға әмір берді. 
Жамағатпен бірге Өзі де шығып азансыз, қаматсыз айт намазын оқыды. 
Аллаһ Расулы Мәдинаға көшіп келгенде жергілікті халықтың дәстүрлі 
екі мерекесі бар еді. Пайғамбарымыз оларды: "Аллаһ Тағала сіздерге ол 
мейрамдардан әлдеқайда қайырлы, құтты екі мереке - Рамазан және Құрбан 
айтын берді", - деп қуантты. 
Айт намазын Расулаллаһ Мәдинаның шығыс жақ қақпасы тұсындағы 
намаз оқу үшін арналған арнайы орында оқитын. Рамазан айты намазына 
дайындалып үйден шығарда бірнеше құрма жейтін. Айт намазына барған 
жолымен қайтарда жүрмейтін болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет