299
Муһажир мен әнсар түгелдей тамаққа жиналды. Сахаба Жабир
сасқалақтап үйіне келген бойда әйеліне:
"Аллаһ жақсылық бергей. Расулаллаһ барша жамағатты тамаққа
шақырды. Енді не істейміз?"- деді.
Әйелі: "Қанша тамақ бар екенін сұрады ма?"- деді.
Хазіреті Жабир: "Сұраған, айтқанмын". Әйелі: "Қонақтарды сен
шақырдың ба, әлде пайғамбар ма?"
Хазіреті Жабир: "Расулаллаһ (с.а.у.) шақырды".
Әйелі: "Онда бір білгені бар шығар",- дегеннен басқа ештеңе айтпады..
Пайғамбарымыз сахабаларымен бірге Хазіреті Жабирдің үйіне келеді.
"Бөлек-бөлек кіріңдер" деген пайғамбар әмірі бойынша мұсылмандар
он-оннан топталып төрге озды.
Пайғамбарымыз болса ет пен нанның үстінен берекет дұғасын оқыды
да, үй иесі әйелге қарап:
"Етті ожаумен бөлек-бөлек ал, ыдыс тандырда тұра берсін, шығарушы
болма",- деді.
Сонан соң тандырдан өз қолымен нан алып, піскен етті үстіне салып
асхабына бір-бірлеп ұсынды. Шақырылғандар тойып орындарынан тұрғанша
осылай жасады. Бәрі ас қайырып, орындарынан тұрғанда ет пен нан
азаймаған күйінде тұрған-ды.
Кетерде Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Жабирдің әйеліне:
"Қалған тамақты көрші-қолаңмен бөлісіп жеңіздер. Халық аштықтан
қурап отыр ғой",- деді.
Кейіннен Хазіреті Жабир таңданысын жасыра алмай:
"Аллакгың атымен ант етейін, келген қонақтардың ұзын саны мыңнан
асты. Бәрі тойып орындарынан тұрғанда етіміз ыдыста сол күйі, нанымыз да
бастапқы қалпында тұрғанын көргенде басымды шайқап қала бердім. Қалған
тамақ өзімізге
де, қоңсыларға да молынан жетті",- деген.
Достарыңызбен бөлісу: