386
шығарды. Сүйікті Пайғамбарымыздың жұртына жасаған жақсылығын, жас-
кәрі демей әрбір адамның мәселесіне жіті үңіліп, сабырмен тыңдап, ізет пен
ілтипаттылық шеңберінде шешетініне аз ғана уақыт аралығында куә болып,
қайран
қалған
Адйй
әдепкіде
біраз
бұлтартқанымен
ақыры
мұсылманшылықты қабылдайды. Оған әсер еткен Аллаһ Расулының мына
сөздері:
"Уа, Адйй! Мұсылмандардың саны аз, жауы көп дейтін боларсың.
Мұсылмандардың мол байлыққа кенеліп, сенімнің символы болар күн әлі
алыс емес.
Сен Хиар мекенін білесің бе?
Исламның сенімділік күші сонда, күндердің күні әйел затының бір өзі
Хиардан Меккеге шыққанда, Аллаһтан басқа ештеңеден қорықпайтын халге
жетеді".
Адййдің жүрегі жылып, иман келтіреді.
...Араға жылдар салып саңлақ сахаба атанатын Адйй ибн Хатами осы.
Достарыңызбен бөлісу: