388
Сахабаның әрбіреуі саңлақ сипатына ие, ал саңлақтық пен
сараңдықтың қабыспасы айдан анық. Алланың атын асқақтату жолында шын
ниетпен берілген садақа берушіге берекет, тек жақсылық әкелері хақ. Бұл -
берекеттің бұлжымас қағидасы. Он төрт ғасыр бұрын да осылай болған, қазір
де солай.
Мүшрік, кәпірлерге қарсы шайқасқа қатысуға тілек білдіргендердің
көптігі сондай, қару-жарақ, ат-көлік ортақ қазынаға қанша жинаса да,
жетпеді. Өз жағдайлары мүшкіл, алайда жиһад жолында жанын беруге даяр
кедей мужаһидтерге Расулаллаһ жорыққа шығуға рұсат бермеді. Қасиетті
жолдан кері қайтарылғандар жылай-жылай қала берген. Жомарттың қолын
жоқтық байлайды деген нақылдың тарихы тереңде екеніне тағы куә
болғандаймыз.
Тәубе сүресінің 91-92 аяттарындағы:
Достарыңызбен бөлісу: