123
Қаншама ауыртпалыққа душар болса да, ақиқат иманмен сусындағандар
ештеңеге мойынсұнбай, Аллаһтың хақ бағытынан ауытқымайды. Аллаһтың
емтиханынан
сүрінбей
өту
арқылы
нағыз
мұсылман
мен
жай
қызығушылыққа берілгендердің (ермелердің) аражігі ажыратылады.
Демек, шын имандылықтың өлшемі - нендей зорлыққа тап болсаң да,
мойымау, мәрттікпен қасқая қарсы тұру.
Исламның енді тарала бастаған кезінде-ақ қорлық пен қинау, зорлық-
зомбылық нағыз мұсылмандарға кедергі бола алмады.
Тосқауылдар -
керісінше Ислам нұрының алаулай түсуіне итермелеуші күш. Мүшріктер
қарсыласқан сайын діндарлар күшейіп, иман нығая түсті. Қарасыз ақтың
мәртебесіз болатыны, көлеңкенің де жарықтан жаратылатыны сияқты.
Күпірге бейім, еліккіш көңілдер еліріп,
есірген сайын Исламның нұр
шеңбері кеңейді. Қара ниет, теріс пиғыл ежелден бері адалдықпен, пәктікпен
тайталаса келгенмен ешқашан жеңіс тұғырына көтеріле алған емес. Ақиқат
жолы ауыр болғанмен түптің түбінде жеңері хақ. Бұған адамзат тарихы куә.
Асры саадат
Пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір сүрген
дәуірі
, яғни бақытты
ғасыр аталған Ислам дінінің пайда болу кезеңінде өмір сүрген алғашқы
мұсылмандардың бастарынан өткергендері - шындық деп шырылдаған әрбір
адамға таптырмас өнеге. Тұңғыш мұсылмандардың сабыры, хақ үшін күресі,
ынта-ықыласы мен ынсабы ақыретке дейін жалғасар адамзат ұрпағына өшпес
үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: