Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
Әділ ТОЙҒАНБАЕВ, Қазақ
ұлттық конгресінің жетекшісі:
– Біз осы күмәнға толы за-
манда Жапония тұрғындарының
бір бөлігін елімізге эвакуация лап,
оларды Қазақстаннан осы мақ-
сатта арнайы бөлінген жер лер ге
қо ныс тандыра аламыз. Бұл, шы-
ны мен де, бізді мүлде өзге ше лен-
ді ріп, елімізді алхимия лық тұр ғы-
дан түрлендіре алады...
(www.nur.kz сайтынан)
№80 (532)
13 мамыр
жұма
2011 жыл
...де
дiм-ай, а
у!
2-бет
4-бет
4-бет
Ауылдықтардың
тісі жоқ, оны
ойлайтын кісі жоқ
Қазақтың Құлагері
мен Тайбурылының
тұқымдары қайда?
Ерлік марапат үшін
жасала ма?
БА
СТ
АМА
Оңтүстіктегі алып жоба – Көксарай су
реттегі ші нің құрылысына ең алдымен Сыр
елі қарсы болғаны белгілі. Үкіметтің қаулысы
қабыл данатын тұста осы өңірдің депутатта-
ры қоғамдық пікір қалыптастырып, біршама
қарсылық білдіріп баққан. Кейіннен Елбасы-
ның қатысуымен Көксарайға арналған
мәселе лер кеңінен талқыланып барып,
жоба әрең бекітілген еді. Сол алып жобаның
алғашқы сатысы іске қосылғаны кеше ғана
секілді еді. Бүгінгі күні қызылордалық се-
натор Бақберген Досманбетов Көксарайға
қатысты күршші лер дің дабыл қаққанын ай-
тып, әуел бастан алаңдау шылықтың бекер
болмағанын алға тартты.
ДАТ!
6-б
етте
Ермек АМАНШАЕВ:
Мен үшін
әрбір қазақ
көрермені
қымбат
МӘСЕЛЕ
www.аlashainasy.kz
e-mail: info@аlashainasy.kz
145,74
206,76
5,21
22,43
1,41
12630,03
1850,88
1613,31
111,81
1501,10
Бірден айтайық, Көксарай туралы әңгіме
шыққалы бері сенатор Бақберген Досманбе-
тов жобаның «тәуекелін» бірден иліге қабыл-
дамаған, керісінше, одан Сыр өңіріне келуі
мүм кін зардаптарды жіпке тізіп шыққанның
бірі болатын. Көксарай жүзеге асса, Аралға
құйы
латын судың көлемі азаятынын, енді
ғана суға кенеле бастаған өңірдегі мыңдаған
көл дер қайтадан судан таршылық көретінін
айтып, осыдан үш жыл бұрын біршама мәсе-
ле көтергені есте. Әйтсе де Көксарайдың Оң-
түс тік Қазақстан өңіріне ғана емес, көктем
сайын адуындайтын дария тасқынынан қор-
ғап, кейіннен диқандарға қажетті суды реттеп
тұру үшін қызылордалықтарға да пайдалы
деген тұсы көбірек есепке алынып, жоба ға
жан біткен-ді. Оңтүстік Қазақстан мен Қызыл-
орда облысының елді мекендерін шайып
өтетін мол су қоры енді Көксарай су ретте гішіне
жинақталып, тосын оқиғалардың қау пі сейіледі
делінген. Расында да, солай бол ды. Қазір Сыр
бойы да, оңтүстік өңір де бұрын ғыдан тыншы-
ды, алапат су тасқынынан ада. Сон дай-ақ Көк-
са рай Өзбекстанның Арнаса йына есепсіз аға-
тын ағын суға да тосқауыл болды. Ең бастысы
– 3 миллиард текше метр мөл шеріндегі су қыс
бойғы қалың қар мен мұз дақтар еріп бітіп, да рия
бұрынғы қалпына түскен тұста, арнаға қай та
жіберіліп, егіншілік пен жайылымдықтарды
өркендетуге жұмсалады.
ОЙ-КӨКПАР
Еңбек өтілі жоғары бола тұра, ең төменгі зейнетақы алып отырғандардың зейнетақысын есептеу тетігін қайта қарау керек пе?
ИӘ
– Иә, таяуда нақ осы мәселеге байла-
нысты Мұхтар Тінікеев бастаған бір топ
Мәжіліс депутаты болып Үкіметке сауал
жолдадық. Біз аймақтарда болғанда қарт
адамдар тарапынан зейнетақы реформа-
сына қатысты наразы арыз-шағымды көп
тіркедік. Сондықтан соның барлығын жинап
алып, Үкіметке жолдауды жөн деп санадық.
Мәселен, бізде кеңес заманында еңбек
еткендердің еңбек өтілі қарастырылмай, тек
1995 жылдан бергісі ғана есептеледі екен.
Бұл – әділетсіздік қой.
Сол секілді, мысалы, қазір Қарағандыда
тұратын бұрынғы мемлекеттік қызметкер А.
Адыхановтың лайықты зейнетақы құқығын
талап етіп жүргеніне алты жыл болыпты.
2005 жылы оған 10 жыл бұрынғы, яғни
1996 жылғы жалақысының көлемі бойын-
ша 7583 теңге зейнетақы есептеліпті.
3-бетте
Уәлихан ТӨЛЕШОВ,
саясаттанушы:
Майра АЙСИНА,
Мәжіліс депутаты:
Кеңестік кезеңде өтеген еңбек өтілі жоғары
адамдардың өтпелі кезеңде көбі жұмыссыз
қалды. Сөйтіп, 1995 жылдан бастап зейнет-
ке шыққандардың зейнетақысын есептеуде
бастапқы еңбек өтілі ескерілмеді. Себебі біздің
зейнетақыны есептеу әдістемесінде Тәуелсіздік
алғаннан кейінгі тоқырау кезеңінің жалпыға
бірдей сипаты қарастырылмаған. Сол себепті
бүгіндері ұзақ жылдар бойы «еңбек етіп, зейнет
жасына келіп қалғанда жұмыссыз қалғандар
ең төменгі зейнетақыны қанағат етуге мәжбүр.
Сондықтан бізде бүгіндері «еңбек өтілі
жоғары бола тұра, ең төменгі зейнетақы алып
отырғандардың зейнетақысын есептеу меха-
низмін қайта қарау керек пе?»
деген заңды сауал туындайды.
ЖОҚ
– Еңбек өтілі жоғары, бірақ төмен
зейнетақы алатындардың зейнетақысын
қайтадан есептеу керек дегенімізбен,
алайда бізде ондай тетік құру, меніңше,
мүмкін емес. Өйткені, біріншіден, кеше
ғана еліміздің зейнетақы жүйесі жіктелу
тұрғысынан реформаны басынан кешір-
ді. Енді ғана іргетасын бекіткен сол жүйе
бойынша тұрақты зейнетақы белгіле-
не бастады. Сондықтан оны қайтадан
қарастырып шығу дегенге Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігін-
дегілер өре түрегелері сөзсіз. Екіншіден,
еңбек өтілі жоғары бола тұра, төмен
зейнетақы алатындардың зейнетақысын
қайтадан есептеу үшін барлық жүйенің
индексациялық көрсеткіштерін өзгертуге
тура келеді. Ал бұл дегеніңіз қыруар бюд-
жет қаржысы мен уақытты талап етеді.
Жалғасы 2-бетте
Оңтүстік астананы оңалтудың 10 жолы
Қанат ҚАЗЫ
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің инс-
пекторы Алмагүл Бекжанованың айтуынша, таң ер-
теңгілік мезгілде жедел қызметтегі полицейлер үшін
жаттығу жасаудың орны ерекше. Өйткені күні бойы
қызметкердің сергек жүруі жаттығуға да байланысты
көрінеді.
– Менің ойымша, бұл – игілікті іс. Неге десеңіз,
ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгі-
ленген арнайы жұмыс уақыты жоқ. Олар тәуліктің
кез келген мезгілінде жұмысқа шығып, шаһар
жұртшылығының тыныштығын сақтайды. Сол се-
бепті аталмыш таңғы жаттығулардың пайдасы мол.
Таңғы жаттығулар өткен жылдың қараша айынан
бері күн сайын ұйымдастырылып келеді, – дейді
ол.
Сондай-ақ ІІД медицина қызметінің бастығы Асхат
Исаевтың сөзіне сенсек, елімізде «Халық денсаулығы
және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі күшіне
енгеннен кейін басқармада да «жаңа реформа» қолға
алынған. Соның нәтижесінде аталмыш департамент-
тің лауазымды қызметкерлері, атап айтар болсақ, ақ-
параттық-техникалық қызмет басқармасының бас-
тығы, кадр жұмысы жөніндегі басқарма бастығы ның
орынбасары, тылмен қамтамасыз ету басқармасы
бастығының орынбасары темекімен қош айты-
сыпты. Мамандардың мәлімдеуінше, шылым шегу-
ді доғарған қызметкерлерге жыл соңында арнайы
сыйлықтар табысталып, алғысхаттар берілмекші. Бұл
жайтты ұйымдастырушылар өзгелерге үлгі етеміз деп
түсіндіріп отыр.
Бекзат БЕРІКБОЛОВ,
Ақтөбе қаласы
Темекіні
тастағандар
марапатталады
2009 жылдың 9 қазанынан бастап
еліміздің Денсаулық сақтау туралы
кодексіне жаңартулар енгізіліп, қоғамдық
орындарда шылым шегуге тыйым
салынғаны көпшілікке мәлім. Осыны
ескерген Ақтөбе облысының ІІД бастығы
Патрис Нокин өз тарапынан арнайы бұйрық
шығарып, қарамағындағы қызметкерлер
үшін салауатты өмір салтын насихаттайтын
бірнеше жаңашылдықтарды жүзеге
асырды. Мәселен, аталмыш департаменттің
жас мамандары ендігі жұмыс күні
басталмастан бұрын міндетті түрде таңғы
жаттығу жасап, спортпен шұғылдануы
тиіс. Одан бөлек, барлық қызметкерлерге
ерекше міндет жүктелген, олар жуық
арада темекіден толыққанды бас тартуы
керек. Нәтиже жаман емес, екі ай ішінде
басшылық лауазымдағы үш қызметкер
темекіге деген тәуелділіктен арылған.
Жалғасы 3-бетте
Көксарай құр байбалам ба, әлде
су үнемдеудің нақты құралы ма?
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының
әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысты.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің жетекшісі А.Мусин, Премьер-
министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар ми-
нистрі Ә.Исекешев, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі
көмекшісі Б.Сұлтанов, білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов,
төтенше жағдайлар министрі В.Божко, туризм және спорт министрі
Т.Ермегияев, ішкі істер министрінің орынбасары А.Кулинич, Алматы
облысының әкімі Аңсар Мұсаханов, Көлік және коммуникациялар
министрлігінің жауапты хатшысы Ж.Қасымбеков, сондай-ақ орталық
атқару органдарының аймақтық бөлімшелерінің басшылары, қалалық
және облыстық құрылымдар бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.
Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Алматы шаһарының
ел үшін үлкен маңызын атап өтті. Былтырғы жылы Азиаданы
өткізуге қалаға 40 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Әлемдік
деңгейдегі шаралар өткізілген бірегей спорттық нысандарды
қала халқының, әсіресе жастардың игілігіне пайдаланудың
маңызы зор. Алматы мегаполисі елдің жалпы ішкі өнімінің бестен
біріне жуығын, мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың төрттен
бір бөлігін береді.
Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ
С.БОНДАРЕНК
О, Б.О
ТАРБ
АЕВ (фо
то)
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ
АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№80 (532) 13.05.2011 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
2
e-mail: info@alashainasy.kz
САЯСИ БЮЮРО
КЕҢЕС
АЙБЫН
Оңтүстік астананы оңалтудың 10 жолы
Алматы ай мақ тық жалпы өнім көлемінің
көр сет кіші жөні нен Орталық Азияның бар лық
қала ла рынан, Ресейдің кей бір ірі аймақтарынан
асып тү седі. Мәселен, Алматы АЖӨ Таш кенттен
4,5 есе, Новосибирс кіден бір жарым есе,
Омбы дан екі есе көп. Алматы «ға лам дық қала-
лар дың тізі міне» кірді, сондай-ақ Дейтройт,
Эдин бург, Ман честер, Санкт-Пе тербург жә не
Доха ша һар лары секілді аймақтың әлем дік
экономикаға енуінің «қақпасы» ре тінде мойын-
далған. Кеңес барысында Алматы қаласының
әкі мі А.Есімов Мемлекет басшысын қала ның
дамуы мен перспективаларымен та ныс тырды.
Алм а ты да экономиканың үде мелі дамуын қам-
та масыз етуде аймақтық ерек шелігі мен әлеу-
мет тік мүмкіндіктерін ескере отырып, үш басым
бағыт айқындалды. Атап айтқанда, Алатау
ауданы аумағында 49 га болатын ин дустриялық
аймақты да мы ту, туризм, соның ішінде тау
шаңғысын өркен дету, қаланың көлік жүйесін
кешенді дамы ту, көліктік қызмет көрсетудің
жаңа бала
малы түрлерін дамытуға ден
қойылмақ. Алма тыда жан басына шаққандағы
жалпы ішкі өнім 19 мың долларды құрайды.
Бұл Оңтүстік Корея мен Орталық Еуропа
деңгейімен бірдей. Ха лық тың еңбекақысы
соңғы 10 жылда бес есе өсіп, өмір сүру жасы
үш жылға ұзарды. Алматыда салықтық тү сім-
дердің 60 пайызы шағын және орта биз нестен
түседі. Қала басшысының ай туынша, биылғы
жылдың алғашқы тоқсанда Алматыда инф-
ляция деңгейі 3,5 пайызды құрады. Ин фляция
деңгейін ұстап тұруда бірқатар ша ралар жүр-
гізілді. Атап айтқанда, Алматы, Жам был, Оң-
түс тік Қазақстан облыстарымен тұрақ ты түрде
азық-түлік жәрмеңкесін ұйым дастыру туралы
меморан думдар жа салды. Сондай-ақ ауыл
шаруашылығы та уа рларын жеткізу жө нінде
көршілес Қыр ғызстан мен Өзбекстан елдерімен
де ке лісімдер жасалды. Ахметжан Смағұлұ лы-
ның сөзіне қарағанда, Алматыда ин дустрия-
лан дыру картасы бойынша қазіргі таң да 73
миллиард теңгенің 16 жобасы жү з еге асыры-
луда. Бұған қосымша 109 мил лиард теңгенің
тағы 52 индустриялық-ин новациялық жо басы
әзірленген. Биыл қа лада жалпы 172 мил лиард
теңгенің 68 жо басы жүзеге асы рылмақ.
Кеңесті қорытындылаған Елбасы қа ланы
дамытуға байланысты 10 нақты тап сырма
берді.
1-тапсырма:
Алматы ірі транспорттық-логистикалық
торапқа айналып келеді. «Жетіген-Қорғас»
теміржолы мен «Батыс Қытай және Батыс
Еуропа» автокөлік дәлізінің салынуымен жо-
лаушы, жүк тасымалы еселеп артады. Алматы
арқылы күн сайын 1 млн-ға жуық кө лік, оның
ішінде 400 мың басқа қалалық көлік ағыны
өтеді. Осы орайда, Президент ірі әлемдік
мегаполистердің тәжірибесін ке
шенді әрі
егжей-тегжейлі зерттеуді ше гелеп тапсырды.
Мысалы, Париж транс
порт
тық логистика,
Лондон, Сингапур кө шелер мәселесін шеше
білген. Сондықтан Шы ғыс айналма жолын,
Үлкен Алматы ай налма жолын тиісті министр-
лік термен, ор ган дармен бірлесе отырып бі-
тіруге тап сыр ма берді. Бұдан бөлек қалаға
сырт тан қа тынайтын мыңдаған азаматтардың
мә селесін шешу үшін Қаскелең, Қапшағай, Есік
бағытында жылдамдығы жоғары қо ғам дық
көліктерді дамытумен шындап ай налысуды
жүктеді. Сонымен бірге қалалық ба зарлар кө-
лік қозғалысына бөгет болып отыр. Сондықтан
қала ішіндегі өндірістерді, логистика нысанда-
рын, сауда қоймаларын қала сыртына орналас-
тыру керектігіне тоқталды. Осы мәселелерді
Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдері
бірлесіп шешуі керек. Шаһардың келешекте
дамуы қазіргі көлік жүйесіне тікелей тәуелді.
2-тапсырма:
Алматы қаласы өзін-өзі толықтай азық-
түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Азық-түлік бел-
деуін құруға арналған кешенді жоспар
шаралары әлі жоқ. Президент осы күрделі
мәсе лелерді Алматы қаласы, Алматы облысы
әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен
қоян-қолтық отырып ше шуі керек. Бұдан басқа
Жамбыл, Оң түс тік Қазақстан облыстары тізе
қосып, өз потенциалын толықтай пайдалануы
қажет. Сондай-ақ бизнесті қолдау бағытында
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен бір-
лесіп, ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау,
өңдеу, тасымалдау жүйесін құру жүктелді. Қа-
ланың өңдеуші саласын жан дандыру – өнер-
кісіпті дамыту, жаңа жұ мыс орындарын ашу,
қалалық бюджетті толтыру деген сөз. Осы ретте
Елбасы Үкіметке, ми
нистрлікке, әкімдікке
баяғыда аңызға айна лып, бүгінде көзден бұл-
бұл ұшқан ал маның апорт сортын қайта жаң-
ғыр туды тапсырды. Әзірге бұл бағытта көңіл
тоғайтарлық нәтиже аз.
3-тапсырма:
Алматыны ірі аймақтық қаржылық орта лық
ретінде дамыту – өзекті мәселе. Оның перс пек-
тивалық бағыты ретінде исламдық қаржы лан-
дыруды айтуға болады. «Халықтық IPO» шара-
лары мегаполистің қаржы орталығы ре тін де
дамуына серпін бермек. Алматы өңірлік қар жы
орталығы халықты осы бағдарламаға тартуға
қолайлы жағдай жасауы керек. Сондай-ақ
Алматыны аймақтық туристік орталық ретін де
дамыту, тау шаңғысы туризмін дамытуға кө ңіл
бөлу қажеттігін атап өтті. Осы орайда Тури зм
және спорт министрлігіне арнайы бағ дар лама
жасау жүктелді. Сондай-ақ ішкі туризмді да-
мыту бағытында Қапшағай демалыс зонасын
барынша игеру, Астана – Бурабай автобаны
секілді Алматы мен Қапшағай арасын жал-
ғайтын автобан салу қажеттігі айтылды. Жалпы
аймақтың туризмін гүлдендіруге байланысты
кешенді жоспар, ұсыныстар әзірлеуге тиісті
ведомстволарға үш ай мерзім берілді.
4-тапсырма:
Алматының үштен бір бөлігін құрайтын
жастармен тыңғылықты жұмыс істеу қала
басшылығының басты міндеттерінің бірі болуы
тиіс. Өткен электоралдық кезеңде қала студент-
тері өте жоғары азаматтық белсенділік көрсетті.
Әкімдік пен «Нұр Отан» партиясының қалалық
филиалы жастардың энергиясын жасампаз-
дыққа жұмылдыруы, олардың мәселелерін
шешуі тиіс. Алып шаһарда 20 мыңдай студент
жатақханалармен қамтамасыз етілмеген,
көбінесе пәтер жалдауға мәжбүр. Ал жатақха-
на лар лық толы. 60-жылдары салынған жатақ-
ханалардың көбі күрделі жөндеуден өткізуді
қажет етеді. Осы ретте Елбасы Білім және
ғылым министрлігіне әкімдікпен бірлесіп,
студент терге арналған арзан жатақханалар
тұрғызу мәселесін қарастыруды тапсырды.
5-тапсырма:
Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді жолға
қою керек. Халыққа қызмет көрсету орталық-
тарының икемсіз жұмысына бай ланысты арыз-
шағымдар көп. ХҚО Байланыс және ақпарат
министрлігінің құзырына берілді, бұл – әкімдік
қол қусырып қарап отырады деген сөз емес.
Жеті ХҚО жұмыс істеп тұр. Қанша бо луы керек,
олар неге өз міндеттерін орындай алмай отыр?
Осыны зерттеу керек. Сонымен бірге халыққа
медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету жайы көңіл көншітерлік емес.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бұл
саладағы менеджерлік тә
жірибе мен
басшылардың білімінің аздығынан жеткілікті
деңгейде жұмыс істей алмай отыр. Бұл бастама
жақсы. Бұл реформа жалғасын таба бермек.
Нәтижесінде дәрігерлер мен ауру ханаларға
дұрыс баға беріліп, стационар лар қысқарып,
үнемділікке жетеміз, сөйтіп, шынайы денсаулық
сақтау жүйесіне көшеміз.
6-тапсырма:
Бүгінде Алматы еліміз бойынша орта және
шағын бизнесті дамытып отырған ең негізгі
өңірдің бірі болып отыр. Президент орта
және шағын бизнеске нақты жағдай жасау
керектігін айтты. Құқықтық статистика
комитетінің дерек тері бойынша өткен жылы
Алматыда 430 заң сыз тексеру анықталған.
Елбасы бизнесті қорғау керектігін, тексерулер
тек қана заң бойынша ғана жүргізілу
қажеттігін атап өтті. Аймақтық экономиканың
маңызды ошағы құрылып жатқан Алатау
ауданының индус
триал
ды аймағы болу
керек. «Жақында Алматы қаласының
болашақтағы дамуы үшін оның шекарасын
кеңейту туралы Жарлыққа қол қой
дым.
Осыған байланысты әкімшілікке тез арада
жаңадан қосылған аумақтарды пайдалану
туралы жоспар дайындау қажет», – деді
Мемлекет басшысы.
7-тапсырма:
Қылмыстық жағдай туралы. Қалада қарақ-
шылықтың, бұзақылардың іс-әрекеттері, қару
қолданатын оқиғалар азаймай тұр. Ауыр
қылмыс түрі 7 пайызға өскен. Алматы бойынша
қылмыстық істер 10 мың адамға шаққанда
124 адамнан келеді (республика бойынша
60). Президент ІІМ мен Алматы қалалық ІІД
қыл мыспен күресті күшейтуді тапсырды.
8-тапсырма:
Қала электр энергия тапшылығын сезініп
отыр. Электр энергиясыз өндірістік қуат дамы-
майды. Осыған байланысты Үкімет Алматы
қа ласы әкімімен және «KEGOC» АҚ бірлесіп
қала ға жақын ГЭС құрылысын, алдағы уақыт-
та ғы энергетикалық құрылғыларды модерни-
зациялау жұмыстарын жалғастыру керек.
Мемлекет басшысы әлі күнге дейін көмір,
мұнай, газ тиімсіз жағылып жатқанына тоқтал ды.
Қор да таусылатындықтан үнемдеуді үйре ну
керек. Энергия үнемдейтін электр шамдарын
пай далану мүмкіндіктерін қарастырып, бұл тұр-
ғыда тәжірибесі бар Қарағандыдан үйрену қа-
жет тігі айтылды. Сонымен қатар Президент арзан
электр энергиясы үнемделмейтін болса, жарық
пен судың бағасы қымбаттайтынын да ескертті.
9-тапсырма:
Тұрғын үй қорын сақтау мен қызмет көрсету
мәселелері. Әлі де бірнеше үйдің басын қосып
оларға қызмет көрсететін ПИК-тердің атына
сөгістер түсіп жатыр. ПИК-тегі қызмет көрсету,
жөн деу жұмыстарының құны қымбат. Сон-
дықтан бұл мәселені шешу үшін арнайы
шаралар қолға алынуы қажет.
10-тапсырма:
Алматы сейсмикалық зонада орналасқан-
дықтан, бұл мәселе өте өзекті. Мемлекет бас-
шысы Үкімет пен әкімдікке қала мен облыстың
сейс микалық аудандандыру картасын жаңа-
лауды тездетуді, халықты сейсмикалық қауіп-
тер ден құлағдар етуді, ғимараттардың сейс-
микалық беріктігін нығайтуды тапсырды. Бұл
бағытта Жапонияның тәжірибесін зерттеу
жайы айтылды. Сондай-ақ Елбасы Сейсмология
институтын Төтенше жағдайлар министрлігіне
беруге ұсыныс жасады. Бұл институтқа жаңа
мамандар тарту, институт зертханасын жаңа
жабдықтармен қамтамасыз етуді жүктеді.
Кеңестен кейін Елбасы «Сұңқар» халық-
аралық шаңғы трамплині кешенінің даму
жоспарымен танысты.
Ерлік марапат үшін жасала ма?
Осыдан бес ай бұрын Жаңа жыл ме ре-
кесі қарсаңында Қызылорда облысының
Сек сеуіл кентінде отқа оранған пәтерден
адам өмірін аман алып қалған қос полицей
төс белгімен марапатталды. Көп уақыт өт-
пей-ақ ауыл тұрғындары бұл жайға нар а-
зы лық білдірді. Тұрғындар: «Біздің ман са-
бымызға полицейлер ие болды, тәртіп
сақ шылары адамдар құтқарылған соң
ғана келген болатын. Құтқарушы – біз де,
ма рапат алушы полиция қызметкерлері
болып шық қаны қалай?» – дейді. Ал тәртіп
сақ шылары болса тұрғындар сөзін жоққа
шы ғарып әлек. Дәл осындай оқиға бұған
де йін Қарағанды қаласында да орын алған
еді. Төртінші қабаттағы жалаңдаған қызыл
жа лыннан төрт адамның жанын аман сақ-
тап қалып, ықыласқа бөленген қатардағы
жа уынгер Рамазан Сүлейменовтің мара-
пат талуының соңы күдікке ұласты. Мұн-
дағы дау да сарбаздардың тұрғындардың
жа саған ерлігін иемденуінен туған. Айта
ке тер жайт, әскери бөлімнің басшылығы
осы оқиғадан кейін келісімшарт бойынша
қызмет етіп жүрген Рамазан Сүлейменовтің
шенін жоғарылатқан. Ал оған көмектескен
тағы екі сарбазды марапат ретінде дема-
лыс қа үйлеріне жіберген. Яғни сарбаздар
ер ліктеріне сай құрметке бөленген. Алайда
өрт болған үйдің көршілерінің шығарған
шуынан соң, сарбаздарға көрсетілген
құрмет соңы ның қалай аяқталатыны әзірге
белгісіз бо лып тұр.
Тағы бір мысал... Тараз қаласындағы
бес қабатты отқа оранған үйден үш сәбиді
аман алып қалған қос полицей балаларды
өлім нен арашалағаны үшін аста-төк ма-
даққа ие болған еді. Алайда мұның соңы
да дауға ұласты.
Осылайша төтенше жағдай кезінде
ерек ше ерлігімен көзге түскендер үшін бе-
рі летін мадақ бүгінде құтқарушыларды
қыр қыстыруда. Сонда ерлік марапат үшін
жасалатын болғаны ма?! Әйтпесе ерліктің
еленгені үшін берілетін марапатты қалайша
өзара таласқа айналдырып алдық?!
Шыны на келсек, дәрігерлердің Гиппократ
антын дай, тәртіп сақшыларының да тө тен-
ше жағ дай кезінде көмекке ұмтылуы, елі
үшін қызмет етуі – олардың міндеті, Отан
алдын да ғы борышы емес пе? Тіпті олар елі,
хал қы үшін кез келген уақытта қызмет етуге
даяр екендіктері жайлы әскери ант та бе ре-
ді ғой. Сонда сарбаздар марапат үшін ант ты
ұмытып, жалған әрекетке барғаны ма? Отан
алдындағы борыш, отансүйгіштік қай да?
Қайбір жылы ОҚО Арыс гарнизонының
ма ңындағы «Қазарсенал» мекемесінде
жой қын жарылыс болып, оны өшіруде
ерек ше көзге түскен Арыс гарнизонының
қос жауынгері — Шоқан Дәулетов пен Ер-
бол Әбжановтың да басқалармен бірге
ма рапат талғаны есімізде. Тақырыпқа орай
қос сарбаздың бірін сөзге тартқанымызда,
ол: «Ең бектің еленгені дұрыс, бірақ талас
ту дыр ғаны ұят», – деді.