Дамуындағы психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін әртүрлі санаттағы балалармен жұмыс жүйесі. Орындағандар: Шазатхан М. Тыныш К. Жамаладинова Д


қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата15.11.2022
өлшемі4,86 Mb.
#50371
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;
-бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген
құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын
сақтауды болжайды;
-білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және
сенім артуы.
-қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.


Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әрбір маманының жеке-дамытушылық
жұмысының басты мақсаты - баланың құрдастарымен бір сыныпта оқуға және өз мүмкіндіктеріне
сәйкес оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесу үшін барлық мүмкіндіктерді жасау. Мамандардың
міндеті дамытушы жұмысты өз әдістері мен тәсілдері арқылы, соның ішінде қысқартылған
(бейімделген) білім беру бағдарламасын меңгерту үшін зиятының, сөйлеу, әлеуметтік-
коммуникативтік және жеке дамудың жеткілікті деңгейін (міндетті емес нормативтік) қамтамасыз
ету. Психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен жеке бағдарламалар жасаған кезде,
психологиялық-педагогикалық жұмыстың жалпы принциптерінен (жас және жеке ерекшеліктерін
есепке алу, іс-әрекеттік тәсіл және т. б.) басқа, келесі принциптерді ұстану қажет:
1) сыныптағы оқу қиындықтарын жеңуге жеке-дамыту жұмысының бағыттылығы. Логопед ең
алдымен оқу пәндері бойынша бағдарламаны меңгеруге кедергі келтіретін сөйлеу дамуының
бұзылыстарын түзейді. Психолог мектеп дағдыларын меңгеруге кедергі келтіретін психикалық
функцияларының дамуы бойынша жұмыс істейді: жазу, оқу немесе есеп және т. б. Арнайы
педагогтың міндеттері мектеп бағдарламасының қандай да бір бөлімдерін меңгерудегі
проблемаларды толықтыру, оқушыны күрделі оқу материалдарын меңгеруге дайындау, оқу
қызметінің құрылымдық компоненттерін қалыптастыру болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет