Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет19/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   191
Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер  денең.

                                                                                                                           Абай

Ә

рбір  халықтың  ұлттық  тұрмыс-тіршілігінде  тарихи  даму  бары-



сында  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлер,  әдет-ғұрып-

тар  ерекше  роль  атқарады.  Өмір  салтына  халықтың  әлеуметтік-эко-

номикалық дамуымен бірге географиялық ортасы, содан туындайтын 

шаруашылық кәсібі, сыртқы дүниемен қарым-қатынасы, дүниетаны-

мы – бәрі-бәрі әсер етеді. Еуразияның қақ ортасында ұшы-қиыры жоқ 

кең сахарада арман қуып өмір сүрген қазақ халқының да ұлт болып 

ұйысуына, қауым болып қалыптасуына сахара өмірінің өзіндік тыныс-

тіршілігі, мал шаруашылығымен айналысып, көбіне көшпелі тіршілік 

кешуі тікелей ықпал жасады. Нәтижесінде ешбір халыққа ұқсамайтын 

қазақ ұлты тарих сахнасына шығып, әлемде теңдесі жоқ көшпелілер 

мәдениетін өмірге әкелді.

Көшпелілер мәдениеті – жазу-сызуы кештеу дамыған елдің мәдени 

дамуда артта қалғандығының белгісі емес, керісінше, тарихи даму ба-

рысында кездесе бермейтін ерекше бір құбылыс. Қазақтың көшпелі-

лер мәдениеті әлемдік әдебиетте теңдесі жоқ ауыз әдебиетін жасады. 

Асыл  сөздің  астарын,  қыр-сырын  барынша  меңгерген  сөз  өнерінің 

майталмандары – айтыс ақындарының суырыпсалмалық өнеріне Еу-

ропа күні бүгінге дейін таң қалумен келеді.

Көшпелілер мәдениетінде қазақтың сөз өнері барынша шарықтап, 

шырқау  шыңға  шықты.  Қазақтың  бүкіл  өмірі  көркем  сөзбен  көм-

керілді. Абай айтпақшы, адам шыр етіп өмірге келген күннен бастап, 

оның өміріндегі әрбір елеулі оқиға өнермен өрнектеліп отырды. Теат-

ры, киносы жоқ халықтың бүкіл тіршілігі қазақтың кең даласын тү-

гелдей өнер сахнасына айналдырып жібергендей еді. Әрбір оқиғаның, 

сол жақсы оқиғалардың қайталануы барысында қалыптасқан әдет-ғұ-

рыптардың негізгі бөліктерін өнер элементтері құрады. Сөз өнері, саз 

өнері, актёрлық өнер, би өнері – бәрі-бәрі бірігіп кетіп, тұтас бір дала 

өнерін – теңдесі жоқ тарихи құбылыс қазақ мәдениетін тарих сахна-

сына  шығарды.  Қазақ  тұрмысында  сөз  өнерінің  жан-жақты  дамуы 

үшін ерекше бір қолайлы жағдайлар туды да, ақындық, жыршылық, 

жыраулық, сал-серілік дәстүр барынша дамып, қоғамның негізгі руха-

ни қажеттілігін өтеп отырды. 




59

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтың әрбір әдет-ғұрпы, салт-дәс-

түрі  сұлу  сөздің,  сырлы  саздың,  әсем  қимылдың  шебер  үйлесуінен, 

тұтастық  тауып  орындалуынан  тұрады.  Осылардың  ішінде,  әсіресе, 

сөз өнері жетекші рольге ие болды. Сөз өнерінің жалпыхалықтық си-

пат алғандығы соншалық, кең даланың төсінде ат үстінде келе жатқан 

жолаушы да, мыңғырған мал баққан бақташы да ән шырқап бара жа-

татын...


Ұлт болып қалыптасу үшін алдымен ұлттық сана-сезім пайда болу 

керек.  Қазақтың  ұлттық  сана-сезімін  қалыптастырған  –  оның  әдет-

ғұрыптары,  салт-жоралары,  соларда  шырқалған,  айтылған  өміршең 

ойларға  толы  өлең-жырлар.  Қазақтың  салт-дәстүрлерін  көп  көрген, 

өзі де қатысып, басынан өткерген адамды онда айтылған небір ойлар 

ойландырмай, қызықтырмай, бүкіл жан-дүниесін шымырлатып өзіне 

тартпай қоймайды. Соңында ол қазақтың халықтық дәстүрлерін жақсы 

білетін, ұлттық мұраттары бойына сіңіп, ұлттық сана-сезімі әбден қа-

лыптасқан, өмірге ұлттық көзбен қарайтын саналы азамат болып шы-

ғады. Демек, жас ұрпақты ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу, сол 

арқылы оның бойына халқымыздың ғасырлар бойғы даму барысында 

жинақталған  асыл  қасиеттерін  сіңдіру,  ұлттық  мұраттар  бағытында 

өмір сүруді үйрету – бүгінгі таңдағы аса маңызды міндеттердің бірі. 

Сонымен, белгілі бір халық ұлт болып өмір сүруі үшін оның мін-

детті түрде әдет-ғұрып, салт-сана түріндегі ұлттық дәстүрлері болуы 

керек. Ұлттық дәстүрлердің кеми бастауы – ұлттың да жойыла бас-

тауының белгісі. Сондықтан да ұлт болып өмір сүремін деген халық 

алдымен, тілін сақтайды, сол тілде қалыптасқан ұлттық дәстүрлерін 

жаңғырта  жалғастырып  отырады.  Ұлттық  дәстүрлері  мықты  сақта-

лынған халықтың ұлттық болмысы оқшаулана көз тартып, ұлттық са-

на-сезімі де, ұлттық рухы да жоғары тұрады. 

Рухы  жоғары  халық  өміршең  келеді,  жеңілмейді.  Сондықтан  да 

отаршылдар бір халықты бодан қылу үшін алдымен, оның тілін, ұлт-

тық дәстүрлерін әлсірету арқылы барып бағындыру әдістерін қолда-

нып  отырған.  Кеңестік  кезеңде  жүзеге  асырыла  бастаған  «советтік 

өмір  салты»,  «жалпыхалықтық  тіл»  сияқты  жалған  теориялардың 

түпкі  мақсаты  орыстан  басқа  ұлттарды  жойып,  олардың  барлығын 

«совет халқына» айналдыру, яғни орыстандыру болатын. Қазіргі таң-

да әлемдік ауқымда жүргізіліп жатқан жаһандану саясаты да халық-

тарды ұлттық тілінен, ұлттық дәстүрлерінен айырып, олардың тілін, 

ұлттық болмысын жою арқылы барып, үстемдік орнатуды көздейді. 

Осындай қауіпті сезінген көптеген мемлекеттер қазір өздерінің ұлт-

тық тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтап қалуға барынша кірісіп жатыр. 

Үш  ғасырға  жуық  отаршылдықтың  бұғауында  болып,  енді  ғана 

тәуелсіздіктің  туын  тігіп  отырған  қазақ  халқының  алдында  да  еге-

мендігімізді баянды етіп, жасай беруі үшін ұлтының ұлттық асыл қа-

сиеттерін сақтап қалу жолында қыруар міндеттер тұр. Ол жұмыстар 

түптеп  келгенде,  тілді,  ұлттық  дәстүрлерді  сақтауға  келіп  тіреледі. 

Бабалар салып кеткен даңғыл жол – ата салтымен өмір сүру – ұлтты-



60

ғымыздың басты шарты. Ұлттық дәстүр негізінде өмір сүру, замана 

талабына сай оның кейбір тұстарын жаңғырта, бейімдей, жаңашыл-

дықпен ұштастыра қолдану – өміршеңдік белгісі. Сондықтан да жас 

ұрпақты ата салты рухында тәрбиелеу, бабаларымыз болашақ үшін бі-

лектің күшімен, найзаның ұшымен салған даңғыл жолмен жүріп, өмір 

сүру – әрбір қазақтың ұлт алдындағы азаматтық борышы.

Ана тілінде сөйлеп, ұлттық құндылықтармен өмір сүру – ұлттығы-

мызға сын. Қазақ болып өмірге келген адамға қазақ болып өмір сүру-

ден басқа жол жоқ. Басқа жолдың бәрі құрдымға апарады. Сондықтан 

да адамның бүкіл ғұмырын сұлу сөзбен, сырлы сазбен өрнектеп, адам 

өміріне сән беретін, нәр беретін, оның ұлттық сана-сезімінің қалыпта-

сып, бақытты өмір сүруіне көмектесетін   тұрмыс-салт жырларының 

маңызы зор. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет