Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет22/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   191
(Н.Сәрсенбаев. Обычаи и традиции в развитии.А.,1965, с.88). 

Қоғам  өмірінде  екі    түрлі  қажеттіліктің  болуына  байланысты  қо-

ғамдағы адамдардың қызметі де екі түрлі. Бір тобы тікелей материал-

дық игіліктер өндіру ісінде еңбек етсе, екінші бір тобы сол қоғамның 

рухани қажеттілігін қамтамасыз етумен шұғылданады. Қазіргі тілмен 

айтқанда әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері рухани өмірді жасайды. 

Рухани өмірдің дәрежесі тікелей материалдық игіліктерді өндіру дә-

режесіне, өндіріс тәсіліне, яғни, қоғамдық–экономикалық құрылымға 

байланысты. Қоғам дамуының жазу, сызу өнері, ғылыми дамымаған 

алғашқы кездерінде халықтың рухани өмірінің негізі түрлі әдет–ғұ-

рыптар мен соған байланысты айтылатын өлең жырлар болды.

Ой-сана  тұрмысты  бейнелейді.  Халық  жасаған  рухани  мұралар-

да  халық  тұрмысының  бейнесі  анық  көрінеді.  Халқымыздың  өткен 

өмірін,  тарихын  жақсы  білгіміз  келсе,  оның  сол  кездегі  тұрмысын, 

ой-санасын, әдет-ғұрпын т.б. жете білу керек. Ол үшін кілт, ең алды-

мен, ауыз әдебиетінде жатыр. Халықпен жұмыс жасау үшін халықтық 

психологияны білу аса қажет. Бүгінгісін білу үшін өткендегісін білу 

керек, ал халықтың өткендегісі ауыз әдебиетінде жатыр.   

Барлық халықтардың табиғаты бірдей. Оларды тілдік ерекшеліктері 

мен  өзіндік  әдет-ғұрыптары  арқылы  ғана  ажыратуға  болады.  Түрлі 

халықтарда  алуан  түрлі  әдет-ғұрыптар  бар.  Бұл  ерекшеліктер  сол 

елдің қоғамдық даму дәрежесіне, әлеуметтік, кәсіптік, географиялық 

жағдайларына тікелей байланысты. Тарихи, табиғи ерекшеліктердің 

нәтижесінде  барып  ұлттық  ерекшеліктер  пайда  болады.  Профессор 

Н.Сарсенбаевтың  түсіндіруінше,  ұлттық  белгілерді  ажыратуда  аса 

маңызды фактордың бірі – ұлттық психикалық склад бір-бірімен ты-

ғыз байланыстағы өзара шарттас үш белгіден құралады. Олар: ұлттық 

сезім /национальные чувства/, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер /

национальные обычаи и традиции/ және ұлттық мінез /национальный 

характер/.  Ұлттық  ерекшеліктер  әсіресе,  ұлттық  әдет-ғұрыптар  мен 

дәстүрлерден айқын көрінеді. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский 

халықтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратуда ұлттық әдет-ғұрып-

тардың аса маңызды роль атқаратын, халықтың тілсіз өмір сүре алмай-

тындығы сияқты ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын өзіндік әдет-ғұ-

рыптарынсыз да өмір сүре алмайтындығын айтады. «Әдет–ғұрыптар 

сол халықтың физиономиясын құрайды; онсыз халық бейнесі жоқ... 

Егер,  сіз  әдет-ғұрыптарды  бірден  жойып  жіберсеңіз,  оны  жаңа  түр-

лерімен ауыстырмасаңыз, онда сіз қоғамның барлық байланыстарын 

бұзған боласыз, барлық негізін қиратқан боласыз, бір сөзбен айтқан-

да, халықты жоясыз» 



(В.Г.Белинский. Сочинение.т.I. 1953,с.35)

 деп жазды 

ұлы сыншы. Оның себебі балықтың сусыз өмір сүре алмайтындығы 

сияқты,  адамдар  да  әдет-ғұрыптарсыз  өмір  сүре  алмайды.  В.Г.Бе-

линскийдің бұл айтқандарының әдет-ғұрыптардың мәнін, табиғатын 

аша түсуде маңызы зор. Демек, әдет-ғұрыптардың ұлттық, халықтық 

қасиеттерді ажыратуда, оны дұрыс түсініп білуде орны ерекше екен. 



66

Билеуші  топтар  өз  үстемдігін  күшейту  үшін  әдет–ғұрыптарды  өз 

мүдделеріне пайдаланғаны, оған еңбекші бұқараға жат элементтерді 

енгізгені белгілі. Бұл тек әдет-ғұрыптарға ғана тән емес, сонымен қа-

тар мәдени мұралардың бәріне де ортақ жәйт. Халықтық мәдени мұ-

ралардың осындай күрделілігінен барып ұлт мәдениетін бағалаудың 

кейбір қиыншылықтары туады.

Әдет-ғұрыптар  мен  салт  өлеңдері  –  органикалық  байланыстағы 

біртұтас дүние. Бірінсіз бірі жоқ. Салт өлеңдерінсіз әдет-ғұрып жоқ 

және керісінше, әдет-ғұрыптарсыз салт өлеңдері де өмір сүре алмас 

еді.  Мысалы,  «Беташарды»  алайық.  Үйлену  тойында  орындалатын 

түрлі салттардың бірі – бет ашуға байланысты айтылатын өлең. Ал 

енді,  осы  салтты  «Беташар»  өлеңін  сіз  орындап  көріңізші,  ештеңе 

шықпайды,  яғни  беташу  салты  орындалмайды.  Көпшілік  жағдайда 

түрлі салттардың орындалуы үшін әдет-ғұрыптар мен салт өлеңдері 

бірігіп қызмет етеді.

  Қоғамдағы,  табиғаттағы  әрбір  құбылыстың  өзінің  көріну  форма-

сы бар да, сол формаға лайық мазмұны бар. Мәселеге осы тұрғыдан 

келіп, әдет-ғұрыптар мен салт өлеңдерінің орындалуын біртұтас құ-

былыс  деп  қарастыратын  болсақ,  пішін  мен  мазмұн  категориялары 

мұнда  да  бар.  Әдет-ғұрыптар  осы  құбылыстың  көріну  формасы  да, 

салт  өлеңдері  мазмұны  қызметін  атқарады.  Белгілі  бір  әдет-ғұрып-

тарға байланысты айтылатын өлеңдерден оның қандай сипатта екенін 

оңай ажыратуға болады. Әдет-ғұрыптарды бағалағанда, оның мазмұ-

нының халықтығы дәрежесі тұрғысынан қарастырады.

Түрлі  ортада,  түрлі  жағдайларда  орындалуына  байланысты  салт 

өлеңдерінде  түрлі  өзгерістер  мен  бейімделушіліктер  болып  тұрады. 

Бірақ, ол формалық жағынан емес, мазмұны тұрғысынан болады. Ол 

айтушының, көпшіліктің көңіл күйіне, ортаға байланысты.

Кей  жағдайларда  салт  өлеңдері  бұрынғының  жолын  атқара  салу, 

белгілі бір салт-жораны орындау үшін айтыла салатын кездері бола-

ды. Салт өлеңдерінің айтылу қажеттілігі түрлі салттарды орындау қа-

жеттілігімен бірдей  жатады да, жол-жоралар салт өлеңдерінің айты-

луы үшін қызмет етеді. Мысалы, «Сыңсу» өлеңін алайық. Бұл өлеңнің 

айтылу  қажеттілігі  осыған  байланысты  салттарға  қарағанда  басым 

жатыр. Бөтен елге, бөтен жерге ұзатылып бара жатқан қыз соңғы рет 

елімен қоштасып, көңіліне түйген соңғы ойларын өлеңмен жеткізетін 

болған. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Қазақ халқы Шоқан айтқандай, негізінде дінге шын беріліп кеткен 

халық емес. Сондықтан да дінмен байланысты әдет-ғұрыптар халық 

арасына  көп  тарағанымен  де,  маңызды  роль  атқара  алмады.  Халық 

өмірінде ерекше роль атқарғаны – халықтық негіздегі әдет-ғұрыптар. 

Мұңдай әдет-ғұрыптар шын мәнінде, халық өмірімен терең астасып, 

тамырын  тереңге  жайып  жатты.  Түрлі  салт  өлеңдері  орындалатын 

әдет-ғұрыптар  халық  ойын-сауығының  басталуы  үшін  сылтау  ғана 

болатын. Осылайша басталған жиын соңын табиғатынан ақынжанды 

халық  өлең-жырдың  думанына,  сөз  өнерінің  сайысына  айналдырып 



67

жіберетін. Іштегі шер мен арман-мақсатын ақтарып, нағыз әлеуметтік 

мәселелерді көтерген кездері жиі-жиі болып тұратын. 

 Салт өлеңдері жайлы әңгіме қозғағанда, олардың музыкалық жа-

ғына тоқталмай өтуге болмайды. Музыкалылық – салт өлеңдеріне тән 

ерекше қасиеттердің бірі.

Салт өлеңдері сияқты салт әуендері де әдет-ғұрыптармен бірге пай-

да болған. Салт өлеңдерінің музыкалылық қасиетінің болуы салт-жо-

раларға әсерлілік, әсемділік бояуын қосады. Түрлі әдет-ғұрыптардың 

өз  дәрежесінде  өтуі  осы  музыкалық  көркемдік  дәрежесіне  тікелей 

байланысты. Осылайша түрлі салт-жоралардың қимыл арқылы орын-

далуы, салт өлеңдерінің айтылуы, музыкалық жағынан көркемделуі 

жағдайларындағы мұңдай құбылыстарда театрлық-сахналық элемент-

тер көп. Жұмыстан қолы бос кездерінде еңбекші халықтың көңіл кө-

теріп, демалатын мәдени орындары болмаған, өнердің түрлі салалары 

жеке-жеке  бөлініп  шығып  өз  дәрежесінде  қызмет  атқармаған  кезде, 

халықтың бірден-бір сауығы әдет-ғұрыптарға жататын сахналық қа-

сиеттері бар халық ойындары болғаны даусыз. Мұңдай халық ойында-

рында өнердің түрлі салалары бірігіп қызмет атқарған. Сондықтан да 

театр өнерін зерттеген көптеген ғалымдар театр өнерінің түп-тамыры 

халықтың түрлі әдет-ғұрыптарына байланысты ойын-сауықтарының 

негізінде жатыр деп жүр. Бұл турасында М.Әуезовтің театр өнері ха-

қында жазған зерттеу мақаласында құнды пікірлер баршылық. «Біздің 

елде  театр  өнері  ерте  күннен  бар  болатын»;  «Өзге  жұрттың  мыса-

лына  қарағанда,  театр  өнерінің  ұрығы  елдің  әдет-салтынан,  ойын-

сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталған» – деп жазды ұлы жа-

зушы. Ә.Тәжібаевтың зерттеуінде осы болжалдар нақтылана түскен. 

Шынында да, халқымыздың әдет-ғұрыптарының орындалу көрінісін 

байқап қарасақ, онда ән де, көркем сөз де, музыкалық әуен де, актер-

лық шеберлік те, драмалық тартыс та, детальды ойнату да бар, яғни, 

драмалық қойылымға қажетті негізгі театрлық элементтердің бәрі бар 

драмалық туынды секілді.

Салт өлеңдерінің өзіне ғана тән көркемдік жамылғышы – терең бой-

лап, эстетикалық ләззат беретін, мұндай өлеңдер көбіне музыкалық 

халық  аспаптарының  сүйемелдеуімен  орындалады.  Салт  өлеңдерін 

айтушы  адамдардың  бір  мезгілде  әрі  ақындық,  әрі  композиторлық, 

әрі әншілік, әрі артистік қабілеттері болып, осы міндеттерді бір өзінің 

атқаруына тура келді. Бір адамның бойынан мұншама қабілеттердің 

табыла  беруі  қиын.  Жұрт  жиылған  шаршы  топта  өлең  айтып,  өнер 

көрсету ақынның ақынының /кең мағынасында/ ғана қолынан келетін. 

Мұндай жоғары талаптың қойылуы өнердің дамуына, әсіресе, қазақ 

топырағында сөз өнерінің дамуына зор ықпал жасады.

Салт өлеңдерінің түрлі әдет-ғұрыптармен бірге әуезді әнмен айты-

луы халық арасына кең тарауына себеп болды. Оның халық поэзия-

сының  басқа  түрлерінен  негізгі  айырмашылығы  осы  түрлі  әдет-ғұ-

рыптармен  тығыз  байланыстылығында,  музыкалық  көркемділігінде 

жатыр.



68

Сонымен,  халқымыздың  қоғамдық  дамудың  төменгі,  жазба  өнері 

мен ғылымы, мәдениеті кенжелеу қалған дәуірінде әдет-ғұрыптар мен 

халық поэзиясының қоғамның рухани өмірінде атқарған қызметі ора-

сан зор болды. Олардың адамдардың ой-санасын, білімін, дүниетану-

шылық қабілетін арттыруға, этикалық, эстетикалық көзқарастарының 

қалыптасып дамуына тигізген әсері ұшан-теңіз.

                                                    *** 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет