Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Естіртудің ерекше бір түрі – күй арқылы естірту



Pdf көрінісі
бет37/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

Естіртудің ерекше бір түрі – күй арқылы естірту. Халық күйі 

– «Ақсақ құланның» шығуы туралы халық былайша аңыздайды. 

Жошы  ханның  14-15-терге  келген  жақсы  көретін  ұлын  аң  аулап 

жүргенде құлан теуіп өлтіреді. Халық бұл хабарды ханға естіртуге 

қорқады. Көңіліне секем алған қаһарлы ханның «кімде-кім балам 

туралы қайғылы хабар естіртсе, соның аузына қорғасын құямын» 

деген жарлығы елді онан сайын қинай түседі. Ең соңында, ханға 



91

ұлының хабарын бір күйші күй арқылы естіртеді. Хан қорғасынды 

домбыраның құлағына құяды. Күйде хан ұлының қайғылы хабары 

музыканың құдіретті тілімен айтылады. Бұл аңыздан музыканың 

халық өмірінде қаншалықты роль атқарғандығы көрінеді. 

Естірту айтылып болған соң, әдетте қайғылы адамға арнап жұ-

бату  айтады.  Жұбату  азалы  адамның  қайғысын  жеңілдету  үшін 

айтылған.  Жұбатушы  адам  өлімнен  ешкімнің  де  қашып  құтыла 

алмайтындығын, жылап-сықтағанмен ештеңе өнбейтіндігін, онан 

да келешек қамын ойлау керек екендігін қазалы адамның қайғысы-

на ортақтаса отырып айтады. Жәңгір ханның жалғыз ұлы өлгенде, 

оған Есет ақын төмендегідей жұбату айтыпты:



–Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ. 

Көтер, хан, басыңды!

Іш, міне, асыңды!

Босатпа беліңді,

Мұңайтпа еліңді!

Тозбасты ұста соқпайды,

Өлместі құдай жаратпайды.

Ер жігітке жарасар,

Қайғың жиылған жұрттың тобында қалады.

Атылған мылтықтың оғында қалады.

Жүйрік аттың тұяғында қалады.

Сүйген сұлудың құшағында қалады.

Көкорай шалғын белінде,

Жайқынды мөлдір көліңде,

Аққу құсты ұшырсаң,

Тұйғынға оны құштырсаң,

Қайғың солардың тойында қалады.

Аққан судың бойында қалады.

Қызық мереке ойында қалады,

Істемесең, мойныңда қалады 

(«Лениншіл жас», 1969,4 ақпан).

С.Сейфуллин өзінің 1917 жылы жазған бір шығармасын «Жұба-

ту» деп атаған:

«...Май  айының  әдемі  түндерінің  бірі.  Таң  алды.  Бар  табиғат 

мүлгіп  тұр.  Ақын  жаны  тынымсыз.  Жеті  түнде  баласын  уатқан 

анадай  далада  жүр.  Елінің,  жерінің  тыныш  күйін  бағып  жүрген 

сияқты. Алыстан бір сыңсыған ызың естіледі. «Жүректің ең нәзік 

сезімді күйлерін қозғап үзіліп-үзіліп өксіп-өксіп естілді». Сезімтал 

жүрек солай қарай еріксіз бастайды. Мұңды, қайғылы ащы қасі-

рет естіледі. Жылап отырған Мүслимажан екен. Оның неге жылап 

отырғанын,  қасіретін  ақын  біледі.  Мұңды  көзін  жаспен  бұлаған 

қазақ қыздары көп... Ақын жүрегі елжіреп, көзіне ыстық жас ке-

леді. Жоқ, жылауға болмайды. Ақын қарындасына арнай жұбату 

айтады.  «Қарындасым,  шерлі  қарындасым,  Мүслимажан!  Жыла-

ма, тый көзіңнің жасын! Өтер, қайғылы қара түн! Міне, рауандаған 



92

таң белгісі! Ашылар бақытың. Зұлмат қара түнді қуып, жарқырай 

таң атар! Дүниеге алтын нұрын шашып, жер-көкті шаттандырып 

қарсы алдыңнан күн шығар? Міне, ақырындай ескен, беттен сүй-

ген майда жел. Бұл – таң хабаршысы!»

Ақын патшалық құрылыс заманын қара түнге теңейді. Таң алды 

–  қазір  Қазан  революциясы  қарсаңы  дегенді  аңғартады.  «  Міне, 

жарқырай  атып  келе  жатқан  –  ерік  таңы.  Жаңа  заман,  бақыт  за-

маны қашық емес», – дейді ақын. Ақынның бұл сөздері тек қана 

Мүслимажанға ғана емес, сол кездегі «соры ашылмаған» барлық 

қазақ қыздарына арналған жұбату еді. 

Естірту  халқымызда  бүгінгі  күндері  де  бар.  Бірақ,  оның  өлең 

түрлеріне  қарағанда,  қара  сөзбен  айтылатын  түрі  көп  қолданы-

лады.  Жұбату  –  аса  маңызды  моралдық-психологиялық  фактор. 

Бірде бір адам, отбасы қайғы-қасіретсіз болмайды. Кісі анасынан, 

әкесінен, туысынан т.б. айрылады. Мұндай кезде адамның арқауы 

босап, рухы түседі; жүйкесі өте әлсіреген күйде болады. Осындай 

жағдайда, қайғылы адамға жұбату айтып тілектестік білдіру оған 

өте  күшті  моральдық  қолдау  көрсету  болып  табылады.  Жұбату 

айту жалпы адамгершілік нормаларымен астасып жатады.

Қазақ халқында өлген адамды ас бергенге дейін жоқтау айтып, 

еске түсіріп отырған; оған арнап өлең-жырлар шығарған. Осындай 

өлеңдерді жоқтау өлеңдері деп атаған.

Жоқтау  өлеңін  әдетте,  әйелдер  жағы  айтады.  Өлген  адамның 

әйелі, не шешесі мен қарындасы күніне екі рет өлең айтып жоқ-

тауы тиіс болған. Жоқтау өлеңінде дүние салған адамның жақсы 

қасиеттері, жақсы істері, халқына еткен қызметі мақталады; қаза-

сының орны толмас өкініші, ауыртпалығы айтылады.

Жоқтау өлеңдерінің тамаша үлгілері көптеп кездеседі. Бір жыр-

шының Тәтіні жоқтаған өлеңінде:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет