Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет36/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   191
«Естірту көбіне тұспалмен, ишаратпен, жұмбақпен, салыстыру-

теңеумен басталады» 



(Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиетінің тарихы, I том, 


90

1948)

. Естіртетін адам бірден айтпай, алдымен жоғарыда айтылған 

әдістер арқылы дайындықтар жасап алып барып хабарлаған.

Естірту қара сөз түрінде де, өлең түрінде де бола береді. Қара 

сөзді  естірту  түріне  Жиренше  шешеннің  жан  сүйер  серігі  Қара-

шаш қайтыс болғанда, бұл қазаны Жәнібектің Жиреншеге естірт-

кен  сөздері  екен  деген  естірту  мысал  бола  алады.  Бұл  естіртуде 

қаза  хабары  сұрау-салыстырулар  арқылы  жеткізіледі.  Естірткелі 

отырғанын  сатылап  барып,  ең  соңында  айтады.  Бұл  естірту  осы 

тәріздестердің ішіндегі ең тамаша үлгілерінің біріне жатады.



Жыршы: 

Теңіз бастан былғанды, –         

Кім тұндырар, ей, ханым

Терек түптеп жығылды, 

Кім тұрғызар, ей, ханым!

Шыңғыс:

Теңіз бастан былғанса,

Тұндырар ұлым Жошы дүр.

Терек түптеп жығылса, 

Тұрғызар ұлым Жошы дүр

Көзің жасын жүгіртед,

Көңлің тұлды болмай ма?

Жырың көңіл үркітед,

Жошы өлді болғай ма? 

(С.Сейфуллин. Шығармалары,6 том.1964.139-

бет)

«Қозы  Көрпеш  Баян  сұлу»  дастанында  аң  аулап  жүріп  қайтыс 

болған Сарыбайды әйеліне былайша естіртеді. Тазша ханымға қа-

ралы  хабарды  естіртпек  болып,  жұрттан  бұрын  келеді.  Ханымға 

тұспалдап  сөйлеп,  «Түсімнен  шошыдым,  сіз  жорыңыз»,  –  дейді 

тазша:


– Ойласам, бұл ханымның ақылы асты,

Қарашың дәл сіздей ме, жаман састы.

Мен түсімнен шошимын бүгін тағы,

Қолымнан жібек баулы сұңқар қашты.

Қай адам Сарекеңдей ниетке жеткен,

Көп адам бізден бұрын өтіп кеткен.

Айрылдым қапияда сұңқарымнан,

Қолымнан абайсызда ұшып кеткен, – деп, Сарыбайдың өлімін 

естірткен екен 



(М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хресто-

матия.А.,1959.217-бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет