ҰЛЫ ДАЛА тарихы
154
бірлестігіне тиесілі болуы мүмкін. Расында, бұл пікірді дәлелдейтін кейбір
айғақтар бар.
Ұйғыр қағандығына тиесілі Байбалық шаһар қирандысынан жарты ай
түріндегі таңбалы бітіктас табылып (XIX сурет), бітіктаста
пішінінде орналасқан бір жолақ бітіктас зерттеушілер пікірінше töl(i)s ş(a)d(ı)
ng t(a)şı «Төлес Шадтың тасы» деп оқылады
227
. Бір айта кететіні, бұл жазбаны
Ж.Алйылмаз tür(ü)k ad(ı)ŋ t(a)şı– «Түрк атының тасы» деп оқыды
228
, бірақ
оның бұл тәсілін бірнеше себепке байланысты қисынға келмейтіндігін айта
кетуіміз керек. Біріншіден, көне түрк тілінің морфологиясы бұлайша оқуға жол
бермейді. Əсіресе, көне түркше «ат, есім» мағынасындағы ат сөзі ол кезеңде
ат түрінде қолданылмағаны сияқты, басқа бір мәнерде жазылғандығы белгісіз.
Басқа жағынан, көне түрк қағандықтары (Көктүрк, Ұйғыр қағандықтары т.с.с.)
кезеңінде «мемлекеттік уделі», яғни орталық аймақтардың Төлес пен Тардұш
сынды екі қанаттан болған шығыс және батыс бөлікке бөлініп басқарылуы
оларды басқарған билеушілер атына ескерткіш орнату ғұрпы болғандығы
көңілге қонымды. Бұл қанаттардың басында жабғy/шад және шад атақтарына
ие әулет мүшелері – шахзада болды, сол себепті олар «Төлес Шад», «Тардұш
Шад» деп аталды. Орхон бітіктастарында тардұш, төлес бұдұнқа оғлым Ябғуғ,
шад атадым «Тардұш пен Төлес (қанат) халқына ұлдарымды ябғу мен шад етіп
тағайындадым» деген мәліметтің табылуы
229
мұның айқын мысалы.
Тағы бір тұсы, мұндай таңбалар Көктүрк қағандығының да, Ұйғыр
қағандығының да түрлі одақтастарына тиесілі болуы мүмкіндігін де жоққа
шығаруға болмайды.
Бір айта кететіні, Көктүрк қағандығының бас одақтас тайпасы болған Ашида
таңбасымен байланысты қате бір болжамға қысқаша тоқталайық. Бұл қателік
С. Яценконың
,
пішініндегі таңбалар бойынша пікірлерінде көрінеді.
Зерттеуші түркиялық ғалым М. Тезжанның ұсынған қате мәліметі салдарынан
мұндай таңбаларды Екінші Шығыс Түрк қағандығына тәуелді болған Түргеш
қағандығына тиесілі тиындарда болғандығын жазған
230
. Негізінде Түргеш
қағандығына тиесілі тиындарда әрқашан
/
түріндегі таңба бейнеленіп,
Түргеш қағандығы немесе оның тәуелсіздігі алдындағы ешбір әулет тиынында
/ түріндегі таңба болмаған
231
.
Қысқасы, ашина тайпа таңбасы үлгісінде осыған дейін жасаған зерттеулеріміз
дәлел болатындай, көне түрктерде тайпааралық деңгейде болсын, мемлекет
басқару жүйесінде болсын, жүйелі таңбашылық дәстүрі болған. Түсінікті
болғандай, бір тайпаға немесе саяси одаққа тиесілі таңбаны басқалары
227
Orkun, 1994,S. 190
228
Mert, 2009, S. 49
229
User, 2009, S. 163-164
230
Yatsenko 2013, P. 21
231
Камышев, 2008; Кошевар, 2010, С. 11-32.
|