Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет172/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   407
Tұн  Ябғу-қаған  (618-630  жж.)  Батыс  Түрк  қағандығының  танымал 

қағандары ретінде қытай дереккөздерінде хатталынды 

366

.

Көктүрктер Сүй және Таң сияқты қытай патшалықтары, Византия империясы 



және  Сасанидттік  Иран  сияқты  сол  кезеңнің  іргелі  патшалықтарымен  халық- 

аралық дипломатиялық қарым-қатынастар мен мемлекетаралық байланыстар 

орнатты. Олармен бірде соғысып, бірде татуласқан Қағандық өз үстемдігін ұзақ 

уақыт  сақтай  алды.  Қытайдағы  Сүй  патшалық  әулетін  біраз  уақыт  өздеріне 

бағындырған еді. Қытай сарайынан қағандарға ханшайымдар (қытайша гонджу/ 

qunčuy>құнчұй) жіберілген. Көктүрктер алғашқыда Сасанидттік ирандықтармен 

саудалық  қарым-қатынастарда  тартыссыз  болатын.  Алайда  сасанидттер 

тарапынан  Көктүрк  саудагерлеріне  кедергі  жасау,  тіпті  кейбір  сауда  өкілдерін 

өлтірілуімен,  олардың  жібек  бұйымдарының  өртелуімен  екі  ел  арасында 

алауыздық пайда болып, созылған соғыстарға ұласады. Көктүрк әскерлері Герат 

(Ауғанстан) және Исфаханға (Иран) дейін ілгерілейді. Византия мен Қағандықтың 

байланыстары  негізінен  бірқалыпты  болды.  Екі  жаққа  да  елшілер  барып-

келіп,  тұрақты  саяси  байланыстар  жасалды.  Одақтас  ретінде  Сасанидттерге 

қарсы соғысты. Естемі Ябғу және оның немересі Тон Ябғу-қаған (618-630 жж.) 

кезеңінде Көктүрк елшілері Византияның астанасы Константинопольға (қазіргі 

Ыстанбұлға) жиі жіберіліп, тұрақты қатынастары болды

367

. Осы кезеңде Қырым 



мен Əзербайжан жері де Көктүрк билігінде болатын.

Батыс  Түрк  қағандығына  тәуелді  Əмудария  мен  Сырдария  арасы  және 

оған жақын жерлерде Шаш (Ташкент) тегіндері (605-750 жж.), Ферғана Ашина 

365


 Бабаяров, 2012, С. 24-26.

366


 Бичурин, 1950, C. 242, 283; Taşağıl, 2003, S. 86, 92. 

367


 Шювен, 1995, С. 33–38. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет