Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет238/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

250 


Құбылай  мен  Арықбұқа  арасындағы  хан  тағына  талас  үшін  күресте  Қайдұ 

Арықбұқаны  жақтады.  Қайдұ  1266  жылы  көшпелі  мемлекетшілдік  дәстүрдің 

заңдарына  қайшы  келген,  қытайдың  ықпалына  енген  Құбылайдың  билігіне 

қарсы жаңа одақ құрып, оны өзі басқарды. Ал Өгедей мен Шағатай әулеттері 

Қайдұ басқарған осы одаққа жаппай топтасып, жан-жақты қолдау білдірді. 

Осы кездерде Шағатай әулетінен Ергене қатұн билік нояндарымен одақтасып, 

ұлы  Мүбаректі  (1252-1261  жж.)  хан  тағына  отырғызады.  Бұл  жаңалықты 

Құбылай қаған мүлдем мойындамай, Есүн-Дуваның ұлы Барақты Мүбарекпен 

қатар  таққа  отырғызып,  Қайдұға  билік  жүргізуді  тапсырады.  Барақ  Шағатай 

ұлысына барысымен әулеттің нояндарын өзіне толық қаратып, Мауренаһрды 

иемденіп, 1266 жылы Шағатай ұлысының хан тағына отырады. Шағатай ұлысы 

мен Қайдұның иелік жерлерінің шекарасы бекітілмегендіктен Барақ пен Қайдұ 

жер  дауымен  бірнеше  мәрте  соғысады.  Барақ  өз  күшімен  Қайдұны  жеңе 

алмайтынын біліп онымен одақтасады. 

Көп ұзамай, Барақ қазіргі Шығыс Түркістандағы Хотан аумағын басып алады, 

Құбылай жіберген өкіл моғолды қуып жібереді. Барақ пен Құбылай қақтығыстарын 

ұтымды пайдаланған Қайдұ Талас өзеніне дейінгі жерлерді өзіне қаратып алады. 

Сырдария өзенінде болған алғашқы қақтығыста Барақ Қайдұны жеңеді. Қайдұ 

немере  бауыры  Қыпшақты  Самарқанға,  Барақ  ордасына  аттандырып  бейбіт 

келісім орнатады. Ал Алғұдың ұлы Барақ 1266-1271 жылдары билік құрады. 

Қайдұ  мен  Құбылай  арасындағы  қарсылық  пен  қақтығыстар  1294  жылға 

дейін,  Құбылай  қайтыс  болғанша  жалғасты.  Қазіргі  Моңғолиядағы  Өгедей 

ұлысы өз жер аумағын барынша қорғап келген еді. Құбылай хан Қайдұны жеңе 

алмайды. Қайдұ хан 1301 жылғы соғыста жорықта жараланып қайтыс болады. 

Жамиғ ат-тауарихта

466


 Қайдұның «Чапар, Йаңғичар, Ұрыс, Сарабан, Құдауыр, 

Құрыл,  Сұрқа  бұқа,  Йеке  Бұқа  атты  қырық  немесе  жиырма  төрт  ұлы  және 

Құтұлын,  Құртұжын  шаған  деген  қыздары  бар»,  –  дейді.  Бұл  ұлдарының  көбі 

билік тұтқасын жалғастырып, Шағатай, Моғолстан мемлекетінің бекемденуіне, 

барынша дамуына мол үлес қосқан билік иелері бола білді.

Махмұд  Қашқаридің  «Диуани  лұғат  ат-түрк»  сөздігінде  (1072-1074  жж.) 

«Талас  –  Тираз  деп  аталатын  екі  қала  бар.  Біреуі  үлкен  мағынадағы  «Ұлық 

Талас»,  екіншісі  ислам  шекарасындағы  «Көмі  Талас»  дейді

467

.  Яғни,  Қарачұқ 



тауы,  Оғыз  қалалары,  Испиджаб,  Баласағұн,  Назал  қалалары  аралығында 

Тираз  яғни  Талас  қаласы  орналасқанын,  әрі  ислам  мәдениетімен  тікелей 

байланыста болғандығын сипаттайды. Талас – ежелден негізі қаланған іргелі 

саяси-экономикалық орталық, әрі тарихы терең көне аймақтардың бірі. 

Талас аумағы – түрк, моңғол және Қазақ хандығы заманында да маңызды 

оқиғалар  орталығы  болды.  Онда  көне  Түрк  империясы  дәуірінде  «Талас 

466

 Рашид ад-дин, 2018. -9.



467

 Kaşğarlı Mahmud, 2014. с.157. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет