Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет246/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

259 


түсіп,  жүректі  ұланынан,  жерінің  құнарынан  айырылды.  Күңіренген  Күлтегін 

жазбаларына

479

  көз  салсақ,  соның  барлығы  ағайынның  азғанынан,  береке-



бірліктің аздығынан болды.

Дегенмен,  түрк  жұрты  өз  әлемін  сақтап  қала  білді.  Дүниені  нұрландырған 

ислам діні Түркістан топырағында Бұхари (810-870жж.), Матуриди (870-944жж.), 

Рази  (865-925жж.),  әл-Фараби  (870-951жж.),  Ибн  Сина  (980-1037жж.),  Хорезми 

(783-850жж.), Баласағұн (1015-1070жж.), Ясауи (1103-1166жж.), Марғинани (1123-

1197жж.)  сынды  ғұламалардың  білігімен  жаһұттай  жарқырап,  жүйеленіп,  іргелі 

ілімге,  өміршең  өркениетке  айналды.  Осы  қайнардан  нәр  алған  данышпандар 

философия,  математика,  алгебра,  геометрия,  астрономия,  медицина  сияқты 

ғылым салаларында бұрын-соңды болмаған төңкеріс жасап, адамзат өркениетіне 

зор жаңалықтар енгізді, Еуропадағы Ренессансқа түрткі болды.

Өзегінде  тектілік  пен  кісілік,  ілім  мен  парасат  жатқан  бұл  өркениет  толе-

ранттықтың  да  тамаша  үлгісін  көрсетті.  «Адамзаттың  бәрін  сүюді»  уағыздаған 

Ұлы  даланың  сан  алуан  тұрғындары  бейбіт  ғұмыр  кешті.  Түрктер  құрған  алып 

империяларда тең дәрежеде тату-тәтті өмір сүрген түрлі ұлт өкілдері өз тілдері 

мен діндерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын одан әрі дамытып отырды. 

Алтай мен Ақтеңіздің арасындағы алып аумақты мекен еткен түрктер байтақ 

территорияға  қарамастан  тұтастықтарын  сақтай  білді.  Қыран  ұшса  қанаты 

талатын,  құлан  жортса  тұяғы  тозатын  шексіз  кеңістікте  ғұмыр  кешкен  баһадүр 

бабалар атамекенін ардақтап, оны алтын таққа балады. Дүниенің төрт тарапына 

үңіліп, тоқпақ жалды тарпаңды ерттеп мінген олар туған жерді тұғыр етті. Қазір 

дүниенің түрктер мекендеген қай бұрышына барсаңыз да, Ұлытау мен Қа ра тау, 

Алтай мен Талас, Ақсу мен Қа ра су, Сейхұн мен Жейхұн сияқты жер-су аттарын 

кездестіретініміз сондықтан. Бұл – ғұмыры жорықта өткен жаужүрек ұландардың 

жеріне деген сағынышы болса керек. Тіпті Үндістанды тұтас билеп, өз дәуірінің 

ең құдіретті патшаларының бірі болған Бабырдың да жазбаларынан жеріне деген 

осы сағынышты сезесіз.

Байтақ түрк тарихының терең тамырлары байырғы тайпаларға барып тірелетіні 

белгілі. Дүниеге тарыдай шашыраған туыс жұрттың өзегін құрайтын бұл іргелі ру-

тайпалар барған жерлерінде көбіне жұтылып кеткенімен, түпкі қазықтары қазақ 

жерінде  қағылғандықтан,  олардың  атаулары  да  қара  шаңырақта  қаз-қалпында 

сақталып қалған. Сондықтан алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайұлы жыр-

лағандай,  қазақ  жері  –  бүгінде  тү гел  түрктің  құтты  қара  шаңырағы  һәм  алтын 

бесігі екенін ұмытпаған абзал. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет