Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет252/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

265 


демократ  немесе  гуманистік  бағыттағы  адамдарына  да  өз  әсерін  тигізбей 

қоймады.  Мәселен,  батыстық  империализмді  иттің  етінен  жек  көрген  Карл 

Маркстың өзі ағылшындардың Үндістанда жасап жатқан қанаушылық саясатын 

ақтап алуға тырысты. Ол «ағылшындар, яғни батыстықтар шығыста әлеуметтік 

төңкеріс  жасап,  сол  арқылы  азиаттардың  көзін  ашады,  оларды  мәдениетке 

жетелейді»,  -  деп  сендірмек  болды.  Сондықтан,  Кеңес  өкіметінің  алғашқы 

жылдарында  кейбір  большевиктер  «тіршілікке  бейімделе  алмайтын  жабайы 

азиаттар түбінде жойылып кетуге тиіс» деген көзқараста болды. Сөзіміз дәйекті 

болу үшін бір ғана мысал келтіре кетейік. Түркістанда басшылық қызметтерде 

болған Иван Тоболин жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ «Маркстік тұрғыдан 

алғанда  экономикалық  жағынан  әлсіз  қазақтар  бәрібір  құрып  бітіп,  жоғалуға 

тиіс»  деп,  аштан  қырылып  жатқан  қазақтарға  қолын  бір  сілтеген  болатын. 

Сондықтан,  бұл  астамшыл  ойдың  астарында  дарвинизм,  материализм  және 

марксизм сияқты «измдердің» тұрғаны жасырын емес. 

Əсіресе, ислам дінін ұңғыл-шұңғылына дейін зерттеп, оның осал тұстарын 

табуға  және  оны  бүлдіруге  барынша  күш  салған  ориенталистердің  қитұрқы 

әрекеттері негізінде мұсылмандар туралы батыста белгілі бір ұғым қалыптасты. 

Сауық  пен  сайранға  құмар,  жалқау,  топас,  мақтаншақ  сияқты.  Кеңес  Одағы 

ыдырағаннан кейінгі кезеңде бұл ұғым біраз өзгеріске ұшырады. Ендігі жерде 

мұсылмандар  «террорист»  ретінде  бейнелене  бастады.  Қазіргі  таңда  «бір 

қолына  Құран,  екінші  қолына  автомат  ұстаған»  мұсылман  бейнесі  ымыраға 

келмейтін, айтқан сөзге түсінбейтін, жетекке жүрмейтін, бетімен кеткен тобыр 

ретінде  сипатталуда.  Сонымен  қатар,  мұсылман  елдерінде  өздеріне  лайық 

көрілген  осындай  «рөлдерді»  құлшына,  беріле  ойнаушылар  да  жоқ  емес. 

Олардың  кейбіреулері  саналы  түрде  ойынға  араласып  жатса,  енді  бірілері 

арзан  арандатушылықтың  құрбаны  болып  кетіп  жатады.  Осыдан  келіп  әлем 

жұртшылығында  «шығысқа  жүрек  ауыртып,  жан  ашудың  реті  жоқ»  деген  ой 

туындайды.  Басқасын  айтпағанның  өзінде  Ресейлік  және  соның  әсерімен 

еліміздегі кейбір ақпарат құралдары да бұған үлес қосып жатыр. Бұл әсіресе, 

батыста  пайғамбардың  карикатурасы  жарияланғаннан  кейін  тіпті  өршеленіп 

кетті.  Сондықтан,  қазіргі  таңда  шығыста,  соның  ішінде  әсіресе,  мұсылман 

әлемінде  орын  алған  оқиғалардың  астарын  түсіну  үшін  оринтализмді  жете 

зерттеу қажет. 

Соңғы үш-төрт ғасыр көлемінде Орталық Азияда сахнаға қойылып жатқан 

ойындардың авторларының бірі болып табылатын Ресей де әлемде «шығыстану» 

ғылымы жақсы дамыған елдерінің қатарына жатады. Іргелес жатқан Ресейдегі 

«шығыстану»  ғылымының  пайда  болуы  да  отаршылдық  пиғылмен  тікелей 

байланысты.  Үнді  мұхитына  дейінгі  аралықты  түгел  бағындырып,  Азияны 

табанының астына алуды көздеген I Петр арнайы жарлық шығарып, түрк және 

өзге де шығыс тілдерін жетік білетін мамандарды жинады. Сондықтан, Ресейдегі 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет