Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет253/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

266 


алғашқы  ориенталистердің  қатарында  негізінен  әскерилер,  дипломаттар, 

тыңшылар,  монахтар,  миссионерлер  болды.  Олар  Азияға  жасалған  түрлі 

мақсаттағы экспедицияларға басшылық жасады. Кейіннен Ресей Сыртқы істер 

министрлігінде Азия департаменті құрылып, оның жанынан арнайы мектептер 

ашыла бастады. Олардағы ғалымдардың басым бөлiгi Ресейдiң қоластындағы 

халықтардың  арасына  сына  қағумен  және  аз  ұлттарды  орыстандыру  һәм 

христиандандырудың  жөн-жоралғысын  әзiрлеумен  айналысты.  Осы  ретте 

академик А.Н.Кононов былай дейдi: «Ресей империясының шығыстық шеткерi 

аймағын  саяси-экономикалық  тұрғыдан  игеру  үшiн  онда  тұратын  ұлттар 

мен  ұлыстарды  православ  шiркеуiне  бет  бұрғызу  мақсатында  оларды  алдын 

ала  «идеологиялық  игеру»  қажет  болды.  Мұны  орындауға  арнайы  даярлық 

курсынан  өткен,  баратын  жерiнiң  тiлiн,  тұрмыс-салтын  меңгерген  православ 

миссионерлерi жұмылды». 

Ислам дінін ұстанған татарлардың рухани бұғауға илікпей, қатты қарсылық 

көрсеткенін  байқаған  миссионерлер  мен  ориенталистер  қазақты  шоқындыру 

мен орыстандырудың жолы ретінде әуелі оны өз дінінен ажыратып, шубаштар 

мен  Сібір  халықтары  сияқты  шамандық  сенімге  итермелеуді  көздеген  еді. 

Олардың ойынша, бұдан кейін қазақты шоқындыру да әлдеқайда оңайға түсер 

еді.  Сондықтан  Ильминский,  Алекторов,  Остроумов  бастаған  миссионер-

ориенталистер  қазақ  арасындағы  тәңірлік  сенімнің  қалдықтары,  шамандық 

нанымдар және фольклор үлгілері сияқты тақырыптармен тереңірек айналысты.

Жалпы, ориенталистерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші 

және басым тобына Азия халықтарын шоқындыру және отарлау ісін жеделдету 

мақсатында  зерттейтін  ғалымдар  жатады.  Азияға  өшпенділікпен  қараған 

бұлардың  құрамында  негізінен  миссионерлер,  әскерилер  және  тыңшылар 

болды. Екінші топқа ориенталистиканы ғылым ретінде таңдағандар кіреді. Өз 

үкіметтерінің  тапсырмаларын  орындайтын  мұндай  ғалымдардың  қатарынан 

некен-саяқ болса да Азияға жаны ашитын адамдар табылып қалады. Бартольд, 

Самойлович,  Радлов,  т.б.  ғалымдарды  осы  топқа  жатқызуға  болады  деп 

ойламыз. Олардың жанкешті еңбектерін де жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, 

ориенталистиканың негізінде ежелгі Мысыр мәдениетінің кілті ашылды. Қандай 

пиғылда болмасын, орыс ориенталистерінің қажырлы зерттеулері нәтижесінде 

түркология ғылым ретінде қалыптасып, қазақтың бай фольклоры жинақталып 

қалды. Дегенмен осы орайда, ориенталистермен етене таныс болған Мұстафа 

Шоқайдың  пікірін  келтіре  кетсек  артық  болмас.  Əйгілі  ғалым  Радлов  туралы 

«бір биолог ғалым көбелектерді зор ынтамен жинап, коллекция дайындағаны 

сияқты, Радлов  та  бізді  дәл  сондай  зерттеу  объектісі  ретінде  ғана  көрер  еді. 

Оның  түрк  халықтарына  деген  сүйіспеншілігінің  бар-жоғы  осы  ғана  болатын» 

–  деп  жазған  Шоқай  әділін  айтып  отыр.  «Орта  Азияда  бiз  халықтық-түрiктiк 

күш пен парсы-араб-мұсылмандық күштiң күресiн байқаймыз. Өкiнiшке қарай, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет