Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Көне түрктерде биліктің киелілігі туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет58/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   407
Көне түрктерде биліктің киелілігі туралы түсінік 

Орталық  Азияның  көшпелі  тайпалары  тарапынан  құрылған  көптеген 

мемлекеттердегі  сияқты  Көктүрк  қағандығында  да  биліктің  қасиеттілігіне, 

киелілігіне  деген  сенім  ерекше  орын  алған.  О.Туран  атап  өткеніндей,  түрк 

билігінің шығу тегінің киелілігіне және қағандардың әлем билеушісі екендігіне 

сенім олардың шетелдердің билеушілеріне жолдаған хаттарының бас жағында 

қолданған формалардан айқын көрініп тұр

98

. Көктүрк билеушісі Ышбара қаған 



(581–587жж.)  күш-құдіреті  үстемдік  құрған  кезеңде  Қытай  императорына 

жазған  хатын  «Тәңірі  тарапынан  жіберілген  (немесе  Көкте  туған)  Ұлы  Ту-



күе (Көктүрк) империясының білге қағаны Шаболо (Ышбара)» деп бастаған

99



Бұл жазылған сөздер Көктүрк жазбаларындағы лауазымдармен бірдей болып 

келеді. Тардұ қаған (576-603жж.) Византия императоры Маврикосқа жолдаған 

хатында  өзін  «Əлемдегі  жеті  ықылымның  иесі  және  жеті  нәсілдің  қағаны» 

ретінде таныстырады

100

.

Көне түрктердің мемлекетшілдік концептісі бойынша Көктүрк қағандығында 



да көршілері Тан қытайлықтары мен Сасанидтік Ирандағы сияқты қағанның ие 

болған киелі билігі Тәңірі тарапынан қағанға берілген. Қытай императоры билікті 



Тиен «Көк» тарапынан берілген деп санайды және өзін оның ұлы ретінде көрсетіп 

Тиен-жи «Көктің ұлы» деп атайды. Осыған ұқсас қолданыстарды Сасанидтерден 

де көреміз. Сасанид билеушілері де биліктің өздеріне Заратуштра бас құдайы 

Ахурамазда тарапынан берілгендігіне сенеді

101


97

 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005 ж. «Күлтегін бітіктасының I бетіндегі мәтіннің 1, 11, 25 – жолдары».



98

 Turan, 2002, Cilt 2. – S. 845–856

99

 Бичурин, 1950, Т. 1. С. 237; Трепавлов, 1993, C. 63



100

 Turan, 2002, S. 850

101

 Периханян, 1983, С. 129–139






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет