Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Көбіктер туралы түсінік беріп, көбіктердің құрылысына сипаттама беріңіз



бет16/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
9.Көбіктер туралы түсінік беріп, көбіктердің құрылысына сипаттама беріңіз.
Көбіктердисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы сұйық болса сұйық көбік, ал дисперстік ортасы қатты зат болса, қатты көбік деп аталатын дисперстік системалар. Сұйық көбікті сұйық құйылған және ауасы бар ыдысты шайқап алады. Осы кезде сұйық ұсақталып, ауамен араласа келіп, көбік құрайды. Сондай-ақ сұйық арқылы ауаны үрлегенде де көбік пайда болады. Бұл әдіс флотацияда жиі қолданылады. Қатты көбіктер құрылыста кеңінен қолданылады. Оларға көбіктіпласттар (пенопласт), көбіктібетон (пенобетон), көбікшынылар (пеностекло) жатады. көбіктіпласттар көбік түзгіш материалдардан алынады Әдетте таза сұйықтағы көбіктер көпке төзбейді және олар тез жарылып немесе біріге келіп жойылады. Көбіктерді тұрақтандыру мақсатымен сұйыққа белок, танид сияқты жоғары молекулалық қосылыстарды қосады, олар газ - сұйық жанасу шегіндегі бетке адсорбцияланып, берік қабат құрастырады. Көбіктерді беттік активті заттарды пайдаланып та тұрақтандыруға болады. Олар газ - сұйық жанасу шегінде бағыттала адсорбцияланып, берік қабықша түзеді. Көбікті тұрақтандырушы заттарды көбік туғызғыштар деп атайды. Көбік туғызғыштар ретінде сабындар, жоғары молекулалы қосылыстар, фенол және т.б. заттар пайдаланылады. Көбіктердің маңызы зор, олар әр түрлі өндірістерде, тұрмыста: кір жуу, тазалау әдістері, өрт сөндіру,дәрі-дәрмек, флотация процестерінде кеңінен пайдаланылады. Көбікті, кез келген дисперсті жүйе тәрізді, екі түрлі жолмен алуға болады: газдың өте майда (микроскопиялық) бөлшектерін біріктіріп үлкейту арқылы (конденсациялық әдісі) немесе оның үлкен бөлшектерін, керісінше, майдалау (дисперсиялау әдісі).


10. Электрокапиллярлық құбылыстарға сипаттама беріңіз.
Электрокапилярлық құбылыстар - бұл байланысушы денелер арасындағы электрлік кернеудегі айырмашылық болғанда туындайтын құбылыстар. Бұл құбылыстар сынаптың қышқылдардың немесе тұздардың су ерітіндісімен байланысында көп зерттеледі. Липман 1875 жылы Е-құбылыстарды зерттеп, оның көмегімен құбылыстардың мәнін білуге ыңғайлы арнайы сезімтал электрометрді ұйымдастырды.

Бұл теңдеу – электрокапиллярлық қисықтың теңдеуі деп атала- ды. Бұл теңдеуге сəйкес, беттің потенциалы өзгергенде беттік керілу параболла қисығы бойымен өзгереді . Сонда параболланың шыңына беттік керілудің максимал σmax мəні сəйкес келеді жəне бұл мəнге беттік керілу беттің заряды (q) нольге тең болғанда жетеді. Бұл кезде ҚЭҚ жойылады. Бұл теңдеудің электрокапиллярлық теңдеу деп аталу себебі, Липпман бұл теңдеудің дұрыстығын капиллярлық электрометрде тексеріп растаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет