Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.
Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек ол жағдай тендік болған жерде ғана болады. Тендік барлық салада – халық жиналысында мемлекеттік істерге қатысуда заң шығаруда және т.с.с болуға тиіс.
Адамдарды тендестіру үшін заң, құқық алдындағы тендік болу керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы.
Демократияның кепілі - әділеттілік. Әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпаты мен айқындалады.
Бостандық пен еркіндік - демократияның бесінші белгісі.
Демократияның принциптері
Демократиялық принципке жүйлелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы, содан соң өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны жөн.
Ерте замандағы демократия
Ерте заманда шешім қабылданғанда көпшілікке азшылық бағыну принципі қолданылады. Кейінірек бұл бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі таңдағы демократия
Қазіргі демократиялық процестер мынандай демократиялық процестер қарастырылады: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттік даудамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с
Ұлт деп жер,тіл,экономикалық қатынастар мен мәдениет ерекшіліктер мен психологиялық құрылымына ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік,этникалық бірлестігін айтады.Әлеуметтік аспект ұлттық өндірістік қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан тұратын әлеуметтік-экономикалық тұтастық етіп танытады.Ол белгілі бір жүйені ұлттарында қандай ортақтық бар,оларды өзара,шын мәнінде,не жақындастырып,туытастыратындығын білдіреді.