Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтағын айтады.
Сайлау құқығы
Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтағын сайлау құқығы дейді.
Оның 2 түрі бар: 1. Белсенді түрі
2. Бәсең түрі
Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды.
Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.
Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатысуға бағытталған,ортақ мүдде,бір иделогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты 4-ке бөлінеді: