экономикалық және саяси ӛмірін қоса жұтып, табиғаттан басқаның барлығын
қамтуымен сипатталады. ХІХ ғасырдың ортасында әсіресе марксизм және оның
әлеуметтік ойлар қалыптасуына тигізген ықпалы арқасында қоғам ерекшелігі
ӛндіру және басқару аймағындағы адамдар арасындағы қатынастар жүйесі
ретінде таныла бастады. Мәдениеттанулық ойлар тарихының
үшінші кезеңін бір
жағынан түрлі нақты-ғылыми мәдениеттанулық пәндерді философиялық
тұрғыда қатар қарастырудың кең кӛлемде дамуымен ерекшеленетінінен кӛрсек,
екінші жағынан кӛркем бейнелі формадағы мәдениет жетістіктері – проза және
поэзия, сурет және әуез, театр және кинематографиядан байқай аламыз
(Каган
М.С., Перова Ю.В., Прозерский В.В., Юровская Э.П. Философия культуры. Стоновление и
развитие. – Санкт-Петербург: Лань, 1998. – 148-150 бб.)
.
Мәдениеттану – мәдениетті оның тарихи формалар жиынтығымен
бүтіндей зерттейтін гуманитарлық пән. Мәдениеттану мәдениет философиясы
сияқты ӛз алдына мәдениеттің универсалды принциптері мен мәнді негіздерін
ашу міндетін қоймайды. Оның мақсаты – нақты
бір тарихи кезең туралы
адамның әлемді тұтас қабылдауын анықтайтын мәдени универсумды
реконструкциялау немесе қайта құру. Мәдениеттану гуманитарлық пәндер
қатарынан болғандықтан ол философиялық, тарихи, антропологиялық,
этнографиялық, әлеуметтік және т.б. мәдени зерттеулерді, яғни табиғатты және
ӛз-ӛзін аялау басты мазмұн болатын адамның ӛмірлік іс-әрекеттерінің арнайы
мүмкіндіктерін синтездейді. Мәдениетке жету мүмкіндіктері, тіршілік ету мен
дамудың заңдылықтары, мән туралы ілімдер жүйесі де мәдениеттану аймағы
бола алады. Мәдениеттанудың қалыптасуы мәдениеттануға кіріспе,
мәдениеттердің шығу тегі туралы ілім, культурософия,
әлеуметтану пәндері
сынды интеграция жолымен алға жылжыды. Мәдениеттану рухани құбылыс
ретінде философия, тарих, этика, эстетика, құқық теориясы және т.б.
байланысты болса, материалдық ӛмір құбылысы ретінде антропология,
этнография, әлеуметтану, қоғамдық психология, этнопсихология, демография,
фрейдизм, семиотика жатады. Мәдениеттану мәдениеттің мета тілі ретінде
адамдық қарым-қатынас мәдениеті мен материалды
және рухани мәдениеттің
ӛзара байланыстығының бірлігінде қарастырады. Философия алғаш пайда
болған сәттен-ақ мәдениет таным құралына айналды, дегенмен мәдениеттану
гуманитарлық ілімнің арнайы аймағы ретінде жаңа уақытқа жатады. Ол Дж.
Вико, И.Г.Гердер, және Гегель тарихының философиялық концепцияларына
сүйенді. Мәдениеттану негізінің қалануы мен дамуына үлкен ықпал еткен
В.Дильтей, Г.Риккерт, Э.Кассирер және О.Шпенглер болатын. Аталған
ғалымдар еңбектерінен соң мәдениеттануға деген қоғамдық қызығушылық
еселене түсті. ХХ ғ. мәдениеттанудың концепциялары мен негізгі идеялары
З.Фрейд, К.Г. Юнг, Э.Фромм, М.Вебер, А.Тойнби, К.Ясперс, М.Хайдеггер, Ж.-
П.Сартр, Х.Ортега-и-Гассет, К.Леви-Сторос, Л.А.Уайт және т.б. есімдермен
тығыз байланысты.
Американдық
антрополог, неоэволюционизм кӛшбасшыларының бірі
Лесли Элвин Уайт алғаш рет мәдениеттануды ӛз алдына жеке ғылым етіп
құруды ұсынды және ӛзі бастап бұл терминнің америкада қолданылуына
жетекшілік етті. Уайт бойынша мәдениеттанудың міндеті психология
байланысынан тыс таза ӛзінен шығатын мәдениетке деген түсінік беру. Ол
бостандық пен еріктің тірішілік етуін теріске шығарып, адамның жүріс-тұрысы
қатаң бақылауда деп болжады. Мәденеиет тұлғаға тікелей әсер ететін ӛте
мықты фактор. Уайт мәдениет феномені қалыптасуындағы белгілер рӛліне
ерекше кӛңіл бӛледі. Себебі мәдениет тамыры адамның ӛз еркімен заттарға
мән-мағына бере алу қабілетінен тұрады. Ал бұл қабілет адамды жануарлар
әлемінен
ажыратып
ерекшелендіріп
тұрады.
Уайт
ғылыми
білім
эволюциясының ерекше концепциясын ұсынды, онда әлемді тану объекттілерді
зерттеуден басталады да ақырындап мәдениеттануды зерттеу жағына қарай
араласып кетеді.
Мәдениеттанулық ғылымдар мәдениет феноменін оның құндылықтық-
мәндік, нормативті-реттеуші және белгілік-коммуникативтік сипаттары
жиынтығында түсінідіреді, әрі жіктейді. Оларды үш
тарапқа топтастырса
болады: гуманитарлық-мәдениеттанулық, әлеуметтік-мәденитанулық, қосымша
мәдениеттанулық. Мәдениеттің адамзат тәжірибесін сақтау және жеткізуден
құралатын қоғам ӛміріндегі маңызды рӛлін ескере отырып, оның бірнеше
қызметтерін атап ӛтуге болады: ғылыми-танымдық, білім беру, тәрбиелік,
құндылықтық, тәжірибелік, интегративтік, реттеуші т.б. негізгі және қосымша
қызметтері.
Достарыңызбен бөлісу: