Мәдениет және Өркениет Мәдениет туралы түсінік



бет1/5
Дата19.10.2023
өлшемі4,99 Mb.
#119237
  1   2   3   4   5

Мәдениет және Өркениет

Мәдениет туралы түсінік

  • Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру ) –

1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;

3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);

4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).

Мәдениеттің қызметтері

Шығу тарихы

  • Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы XIX ғ-да Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды.
  • Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлесін қосты.(Цицерон)
  • Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты.
  • 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін ұғымның 157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет