ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛ ТУРЫ
полиция қызметінің жариялығы мен ашықтығы қағидатын өмірде
ұстану, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен
бостандықтарын қорғау бойынша қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу
мақсатында Полиция қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңес
құрылды, осындай кеңестер Астана,
Алматы қалаларындағы және
облыстардағы барлық қалалық және аудандық бөлімдерінде құрылған.
ҚР Ішкі істер министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес 2007 жылы
құрылған. Қоғамдық кеңес құрамына белгілі қоғам қайраткерлері,
ҚР Парламенті депутаттары, журналистер, үкіметтік емес және ғылыми
ұйымдар өкілдері кіреді. Ішкі істер министрлігі қызметтің әртүрлі
бағыттары бойынша 200-ден астам үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ)
ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Әкімшілік полиция комитеті кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты
жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастар саласында, жол қауіпсіздігін қамтамасыз
ету; ІІБ арнайы мекемелерінің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша
50-ден астам ҮЕҰ-мен («Қорғау», «Құқық», «Үміт»; «Забота», «Подруги»
ҮО; «Надежда» ӘҮО; «Дамыту және бейімдеу орталығы» БҰ, «ГИАЦ» БҰ,
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға арналған
дағдарыс орталығы» БҰ, «Әйелдерді қолдау орталығы» БҰ; «Сана Сезiм»
БҰ және басқалары) өзара іс-қимылды жүзеге асырады
Қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті меморандумдар мен ауызша
келісімдерді жасасу шеңберінде 64 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасады,
түзету мекемелерінде және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға
кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдер», мониторингтер және
т.б. арқылы құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда жәрдем
көрсетеді.
2014 жылғы 18 ақпанда Төтенше жағдайлар
комитеті ҚР Ұлттық
палаталар кәсіпкерлерімен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол
қойды [11]. Қол қойылған меморандум осы мәселедегі ынтымақтастықты
сапалы жаңа деңгейге көшіру үшін құқықтық негізді қалайды. Бұл мүдделер
мен ұстанымдар толығымен сәйкес келетін саладағы мемлекеттік орган
мен кәсіпкерлер бірлестіктерінің өзара іс-қимылының айқын мысалы.
2014 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы алға қойған кәсіпкерлік
субъектілерінің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді іске асыру
мақсатында, сондай-ақ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды
іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының 1-тармағын
орындау үшін кәсіпкерлердің жүйелік проблемаларын олардың
өтініштері бойынша шешу үшін бірыңғай тәсіл әзірлеу жөніндегі жұмыс
тобы құрылды.
Жергілікті атқарушы органдардың сайттарында мобильдік топтардың
жұмысы туралы хабарландыру сенім
телефоны мен прокуратураның
электронды адресі көрсетіліп жарияланады, халық көп шоғырланатын
орындарда бильбордтарда мобильдік топтардың сенім телефондары
туралы мәліметті қамтитын ақпарат орналастырылады.
Адамдар көп шоғырланатын орындарда жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің анағұрлым шоғырланған санын ақпараттық қамту
52